Елизавета ІІ-нің корпорация қызметкерлеріне неге көңілі толмады?

10 Маусым 2013, 05:21

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Би-би-си телерадиокорпорациясының жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысып, корпорация қызметкерлеріне көңілі толмай қайтты деп жазады Daily Mail басылымы Букингем сарайының мәліметіне сілтеме жасап. Патшайымның көңілі толмауына ғимаратқа кіреберісте қарсы алған журналистер мен техникалық қызмет көрсетуші персоналдар ұялы телефондарына патшайымды қайта-қайта суретке түсіріп мазасын алуы себеп болған. Мұнымен қоймай, қызметкерлер патшайымның соңынан еріп, қалмай қойған.  Аталған жағдайға Би-би-си: «Біздің телерадиокорпорация үшін патшайымның келуі өте маңызды. Біздің қызметкерлер мәртебелі қонақты барынша жылы қарсы алуға тырысты» деп жауап берген.  Естеріңізге салай кетейік, өткен жұма күні ІІ Елизавета телерадиокорпорацияның жаңа ғимаратын ашып, тікелей эфирге байқамай шығып кеткенін жазған болатынбыз. Baq.kz

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Би-би-си телерадиокорпорациясының жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысып, корпорация қызметкерлеріне көңілі толмай қайтты деп жазады Daily Mail басылымы Букингем сарайының мәліметіне сілтеме жасап.

Патшайымның көңілі толмауына ғимаратқа кіреберісте қарсы алған журналистер мен техникалық қызмет көрсетуші персоналдар ұялы телефондарына патшайымды қайта-қайта суретке түсіріп мазасын алуы себеп болған. Мұнымен қоймай, қызметкерлер патшайымның соңынан еріп, қалмай қойған. 
Аталған жағдайға Би-би-си: «Біздің телерадиокорпорация үшін патшайымның келуі өте маңызды. Біздің қызметкерлер мәртебелі қонақты барынша жылы қарсы алуға тырысты» деп жауап берген. 
Естеріңізге салай кетейік, өткен жұма күні ІІ Елизавета телерадиокорпорацияның жаңа ғимаратын ашып, тікелей эфирге байқамай шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Baq.kz

Бөлісу: