Қазақ халқының жаугершілік киім-кешектері мен қару-жарақтары және соғыс уақытындағы кейбір дәстүрлер

10 Маусым 2013, 04:55

Осынау өтпелі кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет. Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай… Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші… XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі -  елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді. Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билері батырлармен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақ азаттығын қорғауға ұйытқы болып әрі қолбасшылық қызметін атқарған. Ал XVIII ғ. батырлардың ерлік, батырлық өнегелерінің түп – тарихы V—VII ғ. Күлтегін, IX ғ. Қорқыт ата, XIV- XVI ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жұртының жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алады. Әсіресе XVIII ғ. Ш. Уәлиханов «Абылай ғасыры – ерліктің ғасыры» деп атап көрсетті. Қазіргі мектеп жасындағы балаларға ұрпақты ерлікке баулу мақсатында пайдалануды тиімді деп білеміз. Қазақ жігіттері елінің амандығын, жерінің бүтіндігін ат жалында жүріп қорғаса, қазақ қыздары тал бесікке асылып отырып-ақ ұлттың мәдени-рухани тұтастығын қамтамасыз еткен. Әрбір ұзатылған қыз өзі шыққан ортаның тілін, дәстүрін, ән – күйін, аңыз әңгімесін, қол өнерін, тағам дайындау тәсілін, моральдық – этникалық нормаларын келін болып түскен ортаға дарытып отырған. Адамзат тарихындағы мың – мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы болған. Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, көбе, жалаңқат, зере, кіреуке, торғауыт, қаттама деген сөздер көптеп кездеседі. Олар батырлардың киімдері. Батырлық жырлар, дастандар, эпостар жалпы ауыз әдебиетіне үңілсек, батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған. Киім – кешекте тарихтың ізі, уақыт табы жатады. Жауынгерлердің киімдері ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді. Өйткені сол замандағы халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүргенін, жайма – шуақ, мамыражай жүре алмағандығын көрсетеді. Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып өмір сүрген. Осынау ұланғайыр елді мекенді көз тігуші сұғанақтардан қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген. Сол үшін «Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» да болды.

Осынау өтпелі кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет.

Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай…

Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші…

XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі -  елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді.

Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билері батырлармен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақ азаттығын қорғауға ұйытқы болып әрі қолбасшылық қызметін атқарған.

Ал XVIII ғ. батырлардың ерлік, батырлық өнегелерінің түп – тарихы V—VII ғ. Күлтегін, IX ғ. Қорқыт ата, XIV- XVI ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жұртының жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алады.

Әсіресе XVIII ғ. Ш. Уәлиханов «Абылай ғасыры – ерліктің ғасыры» деп атап көрсетті. Қазіргі мектеп жасындағы балаларға ұрпақты ерлікке баулу мақсатында пайдалануды тиімді деп білеміз.

Қазақ жігіттері елінің амандығын, жерінің бүтіндігін ат жалында жүріп қорғаса, қазақ қыздары тал бесікке асылып отырып-ақ ұлттың мәдени-рухани тұтастығын қамтамасыз еткен. Әрбір ұзатылған қыз өзі шыққан ортаның тілін, дәстүрін, ән – күйін, аңыз әңгімесін, қол өнерін, тағам дайындау тәсілін, моральдық – этникалық нормаларын келін болып түскен ортаға дарытып отырған.

Адамзат тарихындағы мың – мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы болған.

Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, көбе, жалаңқат, зере, кіреуке, торғауыт, қаттама деген сөздер көптеп кездеседі. Олар батырлардың киімдері. Батырлық жырлар, дастандар, эпостар жалпы ауыз әдебиетіне үңілсек, батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған.

Киім – кешекте тарихтың ізі, уақыт табы жатады. Жауынгерлердің киімдері ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді.

Өйткені сол замандағы халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүргенін, жайма – шуақ, мамыражай жүре алмағандығын көрсетеді. Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып өмір сүрген.

Осынау ұланғайыр елді мекенді көз тігуші сұғанақтардан қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген.

Сол үшін «Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» да болды.

Бөлісу: