Қала қауіпсіздігі

10 Маусым 2013, 04:55

Бәрі – бейнебақылауда Қаладағы маңызды саяси нысандарды айтпағанда, республикалық және халықаралық маңызы бар қоғамдық-саяси іс-шаралардың жиі өтуі елордалық полицейлердің күші мен қуатын қажет етеді. Одан бөлек қала тұрғындарының тыныштығы үшін ұрлық, тонау, алаяқтық, қарақшылық, кісі өлтіру, өзге де қылмыстардың жолына тосқауыл болады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауда Астана қаласы Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің көтерер жүгі ауыр. Бүгінде тәртіп сақшылары бас қаладағы жағдайды тұрақты қадағалап келеді. Күн болсын, түн болсын, елордалықтардың тыныштығын күзетеді. Әр аудан, әр көше бойынша бөлінген учаскелік инспекторлардың міндеті жылдан жылға артуда, өйткені, қала халқының тез қарқынмен өсуі қауіпсіздік саласына салмақ түсіруде. Мамандардың айтуынша, қала тыныштығы қалыпты, өмір сүруге жайлы. Технологияның тап дамыған заманы, қауіпсіздік саласының жұмысын әлдеқайда жеңілдетті. Мәселен, соңғы уақытта көлік ұрлау немесе көше қуыстарында орын алатын ұсақ қылмыстық оқиғалардың арты бір сағатқа жетпей ашылуда. Себебі, бәрі – бейнебақылауда. Осы уақытқа дейін бейнекамералардың көмегімен бірнеше мың құқықбұзушылықтың ізі суымай ашылған. Айта кету керек, жыл сайын бейнебақылау жүйелері жетіліп келеді. Оның ішінде интеллектуалды бейне жасай алатын құралды ерекше атап айтқан жөн. Шетелдік мамандардың көмегімен «Smart Astana» жобасы аясында, алдағы уақытта он мыңға жуық интеллектуалды бейнекамераларды орнату көзделуде. Осылайша қала жүз пайыз бақылауда болмақ. Көше қиылыстарында мұндай бақылау камераларының маңыздылығын түсінген тұрғындар өз үйлеріне де орнатуды мықтап қолға алған. Мәселен, Алматы ауданында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы шеңберінде былтырдан бері бейнекамера орнатудың оң тәжірибесі халыққа түсіндіріліп келеді. Бұл ретте «Скиф», «Каменный», «Эдем Палас», «Наш дом НС», «Гранд Астана», «Сезам» тұрғын үй кешендерінде жалпы саны – 47 бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Биыл «Гүлдер» және «Әл Фараби Астана-2008» пәтер иелерінің кооперативіне тиесілі үйдің тұрғындары 19 бейнебақылау жүйесін қосты. 30 күнге дейін сақталатын жазбада монитор арқылы қылмыстың алдын алып, кіреберістер мен іргелес аумақтарды тазалайтын мекемелердің жұмысын бақылауға болады. Ауланы ластау немесе тыйым салынған аумақта темекі шегушілерді әшкерелеуде аталмыш камералар тындырымды тірлік атқарып тұр. Теміржолда – темірдей тәртіп Тоғыз жолдың торабы теміржол арқылы күніне сан мыңдаған халық келіп кетіп жатады. Бас қалаға келетін республикалық пойыздарды қоспағанда, күніне онға жуық шетелдік пойыздар қабылданып, шығарып салынады.   Сырттан келгендердің құжатын тексеру, көші-қон ережесін бұзғандарды ұстау, халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді құрықтау Астана қаласының Көліктегі ішкі істер департаментінің мойнына жүктелген. Сапаржай мен әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы жасақталған патрульдік топтан бөлек, есірткі затын табуға көмектесетін мамандандырылған иісшіл иттер әр рейс сайын анықтау- іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Департаменттің мәліметіне сенсек, мұндай орындарда бақылау күшейтілген режимде болғандықтан, әзірге ауыр қылмыстық оқиғалар тіркелмеген. Елорда – электронды картада Астана қаласы Ішкі істер департаментінің аудандық басқармаларында Кешенді полиция күштері жұмыс істейді. Әрбір ауданда күніне 30-ға жуық автопатруль жұмылдырылады. Тәулігіне 1100 полиция қызметкері тыныштықты қадағалайды. Әр аймақты бақылауға тиісті 25 стационарлық бекет жұмыс істейді. Ең бастысы, қала – электронды картада. Бұл бойынша кезекші бөлімнің қызметкерлері электронды картаға қарап, қаланың барлық бөлігін бір мезетте бақылайды. Технологияның жетістігі бүкіл шаһарды бір картаға сыйдырып тұр. Қала көшелерінің қиылыстарына орнатылған бейнекамералар жол көлік оқиғалары мен қоса әрбір полицейдің қызметін жіті анықтайды. Электронды карта әрбір сақшының қай ауданда, қай көшеде жүргенін демде біліп береді. Бұл дегеніміз, полиция инспекторының өз міндетін тиянақты атқаруын міндеттейді. Орталықтандырылған арнайы база арқылы керек мәліметіңді табу – бір минуттың еншісінде. Бүгінде өзге өңірлерге үлгі болатын қалада полицейлердің материалдық базасы да қалыптасқан. Қылмыстың алдын алу шарасы кезінде 2007 жылы қолданысқа енген «Robinson R-44» тікұшағы, жолсыз және орманды жерлерде атты әскер жасақтары жедел әрекет етуге дайын. Жақында ғана департамент қызметкерлері полицейлердің төл мерекесі қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен су жаңа 25 көлікке ие болды. Мұның бәрі Астананың тыныштығына, елдің тыныс-тірлігінің жайлы болуына өзіндік септігін тигізбек. Г.Аймағанбет.

Бәрі – бейнебақылауда

Қаладағы маңызды саяси нысандарды айтпағанда, республикалық және халықаралық маңызы бар қоғамдық-саяси іс-шаралардың жиі өтуі елордалық полицейлердің күші мен қуатын қажет етеді. Одан бөлек қала тұрғындарының тыныштығы үшін ұрлық, тонау, алаяқтық, қарақшылық, кісі өлтіру, өзге де қылмыстардың жолына тосқауыл болады.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауда Астана қаласы Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің көтерер жүгі ауыр. Бүгінде тәртіп сақшылары бас қаладағы жағдайды тұрақты қадағалап келеді. Күн болсын, түн болсын, елордалықтардың тыныштығын күзетеді. Әр аудан, әр көше бойынша бөлінген учаскелік инспекторлардың міндеті жылдан жылға артуда, өйткені, қала халқының тез қарқынмен өсуі қауіпсіздік саласына салмақ түсіруде.

Мамандардың айтуынша, қала тыныштығы қалыпты, өмір сүруге жайлы. Технологияның тап дамыған заманы, қауіпсіздік саласының жұмысын әлдеқайда жеңілдетті. Мәселен, соңғы уақытта көлік ұрлау немесе көше қуыстарында орын алатын ұсақ қылмыстық оқиғалардың арты бір сағатқа жетпей ашылуда. Себебі, бәрі – бейнебақылауда. Осы уақытқа дейін бейнекамералардың көмегімен бірнеше мың құқықбұзушылықтың ізі суымай ашылған.

Айта кету керек, жыл сайын бейнебақылау жүйелері жетіліп келеді. Оның ішінде интеллектуалды бейне жасай алатын құралды ерекше атап айтқан жөн. Шетелдік мамандардың көмегімен «Smart Astana» жобасы аясында, алдағы уақытта он мыңға жуық интеллектуалды бейнекамераларды орнату көзделуде. Осылайша қала жүз пайыз бақылауда болмақ.

Көше қиылыстарында мұндай бақылау камераларының маңыздылығын түсінген тұрғындар өз үйлеріне де орнатуды мықтап қолға алған. Мәселен, Алматы ауданында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы шеңберінде былтырдан бері бейнекамера орнатудың оң тәжірибесі халыққа түсіндіріліп келеді.

Бұл ретте «Скиф», «Каменный», «Эдем Палас», «Наш дом НС», «Гранд Астана», «Сезам» тұрғын үй кешендерінде жалпы саны – 47 бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Биыл «Гүлдер» және «Әл Фараби Астана-2008» пәтер иелерінің кооперативіне тиесілі үйдің тұрғындары 19 бейнебақылау жүйесін қосты. 30 күнге дейін сақталатын жазбада монитор арқылы қылмыстың алдын алып, кіреберістер мен іргелес аумақтарды тазалайтын мекемелердің жұмысын бақылауға болады. Ауланы ластау немесе тыйым салынған аумақта темекі шегушілерді әшкерелеуде аталмыш камералар тындырымды тірлік атқарып тұр.

Теміржолда – темірдей тәртіп

Тоғыз жолдың торабы теміржол арқылы күніне сан мыңдаған халық келіп кетіп жатады. Бас қалаға келетін республикалық пойыздарды қоспағанда, күніне онға жуық шетелдік пойыздар қабылданып, шығарып салынады.

 

Сырттан келгендердің құжатын тексеру, көші-қон ережесін бұзғандарды ұстау, халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді құрықтау Астана қаласының Көліктегі ішкі істер департаментінің мойнына жүктелген. Сапаржай мен әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы жасақталған патрульдік топтан бөлек, есірткі затын табуға көмектесетін мамандандырылған иісшіл иттер әр рейс сайын анықтау- іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Департаменттің мәліметіне сенсек, мұндай орындарда бақылау күшейтілген режимде болғандықтан, әзірге ауыр қылмыстық оқиғалар тіркелмеген.

Елорда – электронды картада

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің аудандық басқармаларында Кешенді полиция күштері жұмыс істейді. Әрбір ауданда күніне 30-ға жуық автопатруль жұмылдырылады. Тәулігіне 1100 полиция қызметкері тыныштықты қадағалайды.

Әр аймақты бақылауға тиісті 25 стационарлық бекет жұмыс істейді. Ең бастысы, қала – электронды картада. Бұл бойынша кезекші бөлімнің қызметкерлері электронды картаға қарап, қаланың барлық бөлігін бір мезетте бақылайды. Технологияның жетістігі бүкіл шаһарды бір картаға сыйдырып тұр. Қала көшелерінің қиылыстарына орнатылған бейнекамералар жол көлік оқиғалары мен қоса әрбір полицейдің қызметін жіті анықтайды. Электронды карта әрбір сақшының қай ауданда, қай көшеде жүргенін демде біліп береді. Бұл дегеніміз, полиция инспекторының өз міндетін тиянақты атқаруын міндеттейді. Орталықтандырылған арнайы база арқылы керек мәліметіңді табу – бір минуттың еншісінде.

Бүгінде өзге өңірлерге үлгі болатын қалада полицейлердің материалдық базасы да қалыптасқан. Қылмыстың алдын алу шарасы кезінде 2007 жылы қолданысқа енген «Robinson R-44» тікұшағы, жолсыз және орманды жерлерде атты әскер жасақтары жедел әрекет етуге дайын. Жақында ғана департамент қызметкерлері полицейлердің төл мерекесі қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен су жаңа 25 көлікке ие болды. Мұның бәрі Астананың тыныштығына, елдің тыныс-тірлігінің жайлы болуына өзіндік септігін тигізбек.

Г.Аймағанбет.

Бөлісу: