10 Маусым 2013, 04:53
Елордадағы «Astana Medical Park» клиникасы базасында медициналық туризмді дамыту жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты – қазақстандық және шетелдік азаматтарға жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету. Бүгінде Астананың медициналық мекемелері үдемелі кардиология, аритмология және кардиохирургия, шағын инвазивтік эндобейнехирургия, check-up бағдарламасы, қауіпсіз босану, неонаталдық технология, тағы басқа да салаларда жоғары технологиялық қызмет циклін толық көрсету мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл жобаға Астана қаласының №1 және «№2 қалалық ауруханасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сонымен қатар Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы қатысады.
Мамандардың айтуынша, аталған мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы салыстырмалы түрде арзан, ал технологиялық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктілігі тұрғысынан көш ілгері болады.