Павлодарлық түлектердің ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші - 81,38 балл

10 Маусым 2013, 03:27

Павлодарлық 1047 түлектің 817-сі Ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсырмаларынан сүрінбей өтті. Оқушылар орташа алғанда 81,38 балл жинады. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінен хабарлады. Тестілік тапсырмаларды «өте жақсы» нәтижеге - 55, «жақсы» және «өте жақсыға» - 458 түлек орындады. Өздерінің үздік білімдерін «Алтын белгіге» үміткер (апелляцияны есепке алмағанда) - 17, ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер 12 оқушы растады. 191 түлек 100-ден жоғары балл жинады. Ең жоғары нәтиже - 123 балды №17 мектептің оқушысы Антон Морякин және № 35 мектептің шәкірті Айдана Рамазанова иеленді. ҚазАқпарат.

Павлодарлық 1047 түлектің 817-сі Ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсырмаларынан сүрінбей өтті.

Оқушылар орташа алғанда 81,38 балл жинады. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінен хабарлады.

Тестілік тапсырмаларды «өте жақсы» нәтижеге - 55, «жақсы» және «өте жақсыға» - 458 түлек орындады.

Өздерінің үздік білімдерін «Алтын белгіге» үміткер (апелляцияны есепке алмағанда) - 17, ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер 12 оқушы растады. 191 түлек 100-ден жоғары балл жинады.

Ең жоғары нәтиже - 123 балды №17 мектептің оқушысы Антон Морякин және № 35 мектептің шәкірті Айдана Рамазанова иеленді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: