Орыс жігіті алғашқы болып көкпар тастады

9 Маусым 2013, 06:54

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпардан өтіп жатқан ХІІІ-ші чемпионатта орыс жігіті алғашқы болып көкпар тастады. Көкпар алаңына алғаш болып шыққан Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командалары арасындағы ойын тартысты өтті. Көкпарға қатысушы 300 азаматтың ішіндегі жалғыз орыс жігіті Вадим Любарский ойынның 2-ші минутында алғашқы болып көкпар салды. Бір қызығы Вадим ойынның 11,16-шы минуттарында 3 рет қатарынан көкпар салып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Орыс азаматының алғашқы болып қатарынан үш рет көкпар салуын Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық ойындарымыздың насихаты және оған деген қолдаудың болғаны деп білеміз деген жанкүйерлер ризашылық білдірді. Қостанайлық көкпаршы Рыскелді Байтасов ойынның 9, 17, 19-шы минуттарында Вадим салған көкпардың қарымтасын қайтарды. Ойын соңында Солтүстік Қазақстан облысының командасынан Рамазан Махатов көкпар тастап, 3:4 есебімен СҚО командасы жеңіске жетті. baq.kz

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Көкпардан өтіп жатқан ХІІІ-ші чемпионатта орыс жігіті алғашқы болып көкпар тастады.

Көкпар алаңына алғаш болып шыққан Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командалары арасындағы ойын тартысты өтті. Көкпарға қатысушы 300 азаматтың ішіндегі жалғыз орыс жігіті Вадим Любарский ойынның 2-ші минутында алғашқы болып көкпар салды. Бір қызығы Вадим ойынның 11,16-шы минуттарында 3 рет қатарынан көкпар салып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Орыс азаматының алғашқы болып қатарынан үш рет көкпар салуын Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық ойындарымыздың насихаты және оған деген қолдаудың болғаны деп білеміз деген жанкүйерлер ризашылық білдірді.

Қостанайлық көкпаршы Рыскелді Байтасов ойынның 9, 17, 19-шы минуттарында Вадим салған көкпардың қарымтасын қайтарды. Ойын соңында Солтүстік Қазақстан облысының командасынан Рамазан Махатов көкпар тастап, 3:4 есебімен СҚО командасы жеңіске жетті.

baq.kz

Бөлісу: