Назарларыңызға әр жылдары 8 маусым күні болған қызықты деректерді ұсынамыз.
8 маусым бейресми түрде үй иелерінің күні ретінде аталып өтіледі. Себебі дәл осы күні үйге қажетті бірнеше заттар патенттелген болатын.
8 маусым күні 1824 жылы Канаданың Квебек қаласының тұрғыны Ноа Кашинг кір жуғыш машинаны патенттеді. Алғашқыда ағаштан жасалған кір машинаны кейіннен американдық фермерлер темір бөшкеден жасады.
8 маусым күні Чикаго тұрғыны Айвз Макгаффи шаңсорғышты патенттеді. Бензинмен жұмыс жасайтын бұл шаңсорғыш бөлмелерге де симайтын. Үй ауласына орнатылған бұл шаңсорғыштар қолдану қиындық туғызатын. Шаңсорғыштың ең алғашқы атауы «Қорсылдақ Билли» еді.
8 маусым күні 1786 жылы Нью-Йоркте алғаш рет балмұздақтар сатыла бастады. Балмұздақ жасауды АҚШ Президенті Томас Джеферсон ұнататын. Жалпы АҚШ президенттері балмұздақты ұнатқаны сонша, 1813 жылы Джеймс Медисонның әйелі Долли президентті ұлықтау салтанатында балмұздақ таратқан. Содан бері балмұздақ өндірісі жолға қойылды.
8 маусым күні Стамбул тұрғындары шопинг күнін атап өтеді. Бұл күні барлық тұрғындар дүкен аралап, сәнді киімдер сатып алады.
8 маусым күні 2005 жылдан бастап әлем халқы тоқымашылар күнін атап өтеді. Бір қызығы қолынан тоқу ісі келетін адамдар парктер мен кафелерде, автобустар мен пойыздарда тоқыма тоқып, жұрттың назарын өзіне аударады.
8 маусым петербургтік мысықтар (мысықтардың бір түрі) күні. Мысықтардың бұл тұқымын Ресей императорлары өз сарайларында ұстайтын. Бұл күн 2005 жылдан бастап атап өтіледі.
BAQ.kz