Ағымдағы жылдың шілде айында, диплом алғаннан кейін, Алматыда жастар тәжірибесіне қатысу үшін ЖОО түлектері көптеп келеді деп күтілуде. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы жастармен жұмыс және кәсіби дайындық бөлімінің бастығы Қарлыға Османова.
«Осы жылғы түлектер дипломдарын әлі алған жоқ. Ал өткен оқу жылындағы түлектер бүгінде жұмысқа орналасқан немесе жастар тәжірибесінен өтіп қойған, біз оларды қайтадан қабылдай алмаймыз. Түлектер шілде айында келеді деп күтудеміз», – деді Қ.Османова.
Қ.Османвоаның айтуынша, Алматы қаласындағы Жұмыспен қамту орталығы осы жылы өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің барлығына қатысты. Онда орталық қызметкерлері жастар тәжірибесі туралы ақпарат парақшаларын таратты. Осыған байланысты шілде айында ЖОО түлектері көптеп келеді деп күтілуде.
Еске сала кетсек, Алматыда жастар тәжірибесіне қатысқан түлектер санының есебінен 119 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жастар тәжірибесі ЖОО, колледж бен лицей түлектеріне мемлекет қолдауының қосымша әдісі боп табылады.