Алматыда 119 адам жастар тәжірбиесі бойынша жұмысқа орналасты

7 Маусым 2013, 12:23

Алматыда 119 адам жастар тәжірбиесі бойынша жұмысқа орналасты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы, Жастармен жұмыс жасау және кәсіби даярлау бөлімінің бастығы Қарлыға Усманова хабарлады. «Жыл басынан бері 193 адам жұмысқа орналасуға жолдама алған. 135 компания жастар тәжірбиесіне қатысушылар үшін жұмыс орындарын ашуға өтінім берді»,-деді Қ.Усманова.  Түлектер кез-келген ұйымда жастар тәжірбиесінен өте алады. Жастар тәжірбиесіне қатысушылардың жалақысы толығымен мемлекеттен төленеді. Жұмыс беруші қаласа оларға қосымша ақы төлей алады. Жастар тәжірбиесінің мерзімі 6 айдан аспайды.

Алматыда 119 адам жастар тәжірбиесі бойынша жұмысқа орналасты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы, Жастармен жұмыс жасау және кәсіби даярлау бөлімінің бастығы Қарлыға Усманова хабарлады.

«Жыл басынан бері 193 адам жұмысқа орналасуға жолдама алған. 135 компания жастар тәжірбиесіне қатысушылар үшін жұмыс орындарын ашуға өтінім берді»,-деді Қ.Усманова. 

Түлектер кез-келген ұйымда жастар тәжірбиесінен өте алады. Жастар тәжірбиесіне қатысушылардың жалақысы толығымен мемлекеттен төленеді. Жұмыс беруші қаласа оларға қосымша ақы төлей алады. Жастар тәжірбиесінің мерзімі 6 айдан аспайды.

Бөлісу: