Алматыда екі күнде 5107 оқушы ҰБТ тапсырды

7 Маусым 2013, 12:21

Алматыда екі күнде 5107 оқушы ҰБТ тапсырды, деп хабарлады BNews.kz тілшісіне ұлттық тестілеу орталығынан. Екі күннің ішінде қазақ тілінде білім алған 2262 оқушы және орыс тілінде оқыған 2845 оқушы тестілеуден өтті. Алматы қаласы бойынша орташа балл 85,44. Қазақ сыныптары оқушыларының орташа балы 88, 37, ал орыс тіліндегі оқығандардың орташа балы 83,12 құрады. Өткен жылы ҰБТ тапсырған оқушылардың саны 6684 болып, қала бойынша орташа балл 83,43 құрады. Естеріңізге саламыз, бүгін Алматыда ҰБТ-ның соңғы күні өтті.

Алматыда екі күнде 5107 оқушы ҰБТ тапсырды, деп хабарлады BNews.kz тілшісіне ұлттық тестілеу орталығынан.

Екі күннің ішінде қазақ тілінде білім алған 2262 оқушы және орыс тілінде оқыған 2845 оқушы тестілеуден өтті.

Алматы қаласы бойынша орташа балл 85,44. Қазақ сыныптары оқушыларының орташа балы 88, 37, ал орыс тіліндегі оқығандардың орташа балы 83,12 құрады.

Өткен жылы ҰБТ тапсырған оқушылардың саны 6684 болып, қала бойынша орташа балл 83,43 құрады.

Естеріңізге саламыз, бүгін Алматыда ҰБТ-ның соңғы күні өтті.

Бөлісу: