7 Маусым 2013, 10:30
Фестивальдың тұрақты қонақтарының арасында- вокал шеберлері, аспапшылар және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва сынды түркі ұлттық автономиялары да бар.
Осы сынды түркі музыкалық мұрасының бай қорын насихаттауға арналған мәдени шаралар Астана қаласында жиі өткізіліп тұрады.
«Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы заманауи түркі әуендері этномузыкасын жан- жақты қырынан танытуға арналған. Биыл да фестиваль қонақтары әр елдің вокалистері мен бірегей музыкалық шығармаларын көруге әрі тыңдауға зор мүмкіндік алады.
Осы жылдың маңызды тақырыптарының бірі- фольклордағы өмір. Тывалық «Хуун Хуур Ту» , Якутиядан келген Вероника Лыткина , Таулы Шория атынан «От Эне» этно-тобы, Башқұртстанның намысын қорғайтын Радиф Бұхарбаев, Түркіменстан мәдениетін дәріптейтін Сердар Хайдаров, өзбекстандық «Наво» тобы, қырғызстандық Назира Тоқонова «Астана- Арқау» фестивалінің сахнасына шықса, Қазақстан мен түркі елдерінің өзге де 100 ге жуық жеке орындаушылары мен ұжымдары өз өнерлерін паш етеді.
Фестиваль барысында түркі музыкасы жеке орындаушыдан басталып, эпикалық шығармалар сынды түрлі жанрда ұсынылатын болады.