7 Маусым 2013, 10:18
Солтүстік Қазақстанда жыл мұғалімі анықталды. Облыстық кезеңге аудандық сыннан сүрінбей өткен 13 ұстаз жолдама алды.
Олар балаларға білім берудегі тың әдістерін айтып, өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар педагогтер оқушылардың қарым-қабілеттерін ашып, осы бағытта дұрыс жұмыс істеу тұрғысында түрлі ұсыныстар жасады. Сайыс барысында мұғалімдер өздерін жан-жақты қырынан танытып, жеңіске жетуге тырысты. Жылдың үздік ұстазы атағына Бақыт Алдабергенова лайық болды.
Бақыт АЛДАБЕРГЕНОВА, «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі, жарыс жеңімпазы:
- Мен де өзімнің іс-тәжірибемде озық технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін, қызығушылығын, өздігімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға бағыттаймын. Яғни, мен ұстаз болғаныма еш өкінбеймін.
Гүлмайда МҰСЕТАЕВА, СҚО Білім басқармасының әдіскері:
- Бұл шараның негізгі мақсаты – облыс және аудан мұғалімдері арасындағы шығармашылық және ғылыми жұмыстармен айналысатын ұстаздарды анықтап, оларды көтеру.