Есілге керосин төгіліп жатыр (ВИДЕО)

7 Маусым 2013, 05:58

Астанада экологиялық жанжалдың шеті шығып тұр. Қаланың символына айнылған Есіл өзеніне керосин төгіліп жатыр. Бұл сорақылықтың қанша уақыттан бері жалғасып жатқаны белгісіз, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Керосин Астана халықаралық әуежайына тиесілі құбырдан аққан. Қала шетіндегі отын қоймасынан әуежайға тартылған құбырдың қашан тесілгенін және қанша керосин өзенге құйылғанын енді арнайы комиссия анықтайды. Ал, авиациялық прокуратура бұл заңсыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ластанып жатқан Есілдің сағасы «Өндіріс» елді-мекені үстімен ағады. Авиоотын араласып кеткен өзен маңындағы ауаның өзі қолқаны қабады. Иісі, тіпті, өзеннің био ортасына сіңіп үлгерген. Жергілікті балықшылар керосин татитын балықты аулап жүргендерін растады. «Барлық жерден, балықтан да мүңкіп тұр. Су тартылса, жағадан көрінеді, сосын ағынмен қалаға кетеді. Ол жерде Есіл қаламен қосылады, яғни керосин сумен араласып, қалың қабаты қалаға қарай бет алып жатыр деген сөз. Иісі – мүлде, адам төзгісіз», - дейді «Өндіріс» елді-мекені тұрғыны Александр Беккер. Топырақ қабатына жанармай терең сіңіп кеткен. Ол осы құбырдан шыққан отын. Ал, құбырдың өзі қасақана тесілгені көрініп тұр. Демек, бұған қырдағы жанармайға көз тіккен қарақшылардың қатысы болуы да мүмкін. Құбырдың өзі «Астана Халықаралық әуежайына» тиесілі. Маңындағы жұмысшылар: «Бастыққа барыңызшы!», - деп мән-жайды түсіндіруден бастарын алып қашты. Бас шаһарға тіке тартатын өзен сағасы жанармайға тұнып-тұр. Оған зертханасыз, былайша көз жеткіздік. Авиоотынның қанша аумақты алып кеткені, белгісіз. Тиісті органдар сараптама жүргізіп, анықтау үстінде. Экологтардың айтуынша, меншік иесі жауапкершіліктен жалтарып отыр. «Қазір мынандай дау туындап отыр. Әуежай өкілдері мұның оларға қатысы жоқ деп, ат-тондарын ала қашуда. Алайда, айғақ хаттамамен дәлелденіп отыр, тәуелсіз зертхана берген хаттамаға сәйкес, оның авиакеросин екені анықталды», - дейді Астана қаласы Экология департаменті, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бастығы Мансұр Ошурбаев. Өзен бойын жайлаған былықты әшкерелеуге прокуратура кірісті. Қазір Есіл еркелеп ағып жатқан жоқ. Өзеннің ластанған екі шақырымдай аумағы дамбымен бітелген. Апатты жайтқа тікелей қатысты «Астана Халықаралық әуежайы» бұл жайтқа орай, түсінктеме береді деп үміттенеміз. Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ, «Астана» телеарнасы

Астанада экологиялық жанжалдың шеті шығып тұр. Қаланың символына айнылған Есіл өзеніне керосин төгіліп жатыр. Бұл сорақылықтың қанша уақыттан бері жалғасып жатқаны белгісіз, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Керосин Астана халықаралық әуежайына тиесілі құбырдан аққан. Қала шетіндегі отын қоймасынан әуежайға тартылған құбырдың қашан тесілгенін және қанша керосин өзенге құйылғанын енді арнайы комиссия анықтайды. Ал, авиациялық прокуратура бұл заңсыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ластанып жатқан Есілдің сағасы «Өндіріс» елді-мекені үстімен ағады. Авиоотын араласып кеткен өзен маңындағы ауаның өзі қолқаны қабады. Иісі, тіпті, өзеннің био ортасына сіңіп үлгерген. Жергілікті балықшылар керосин татитын балықты аулап жүргендерін растады.

«Барлық жерден, балықтан да мүңкіп тұр. Су тартылса, жағадан көрінеді, сосын ағынмен қалаға кетеді. Ол жерде Есіл қаламен қосылады, яғни керосин сумен араласып, қалың қабаты қалаға қарай бет алып жатыр деген сөз. Иісі – мүлде, адам төзгісіз», - дейді «Өндіріс» елді-мекені тұрғыны Александр Беккер.

Топырақ қабатына жанармай терең сіңіп кеткен. Ол осы құбырдан шыққан отын. Ал, құбырдың өзі қасақана тесілгені көрініп тұр. Демек, бұған қырдағы жанармайға көз тіккен қарақшылардың қатысы болуы да мүмкін.

Құбырдың өзі «Астана Халықаралық әуежайына» тиесілі. Маңындағы жұмысшылар: «Бастыққа барыңызшы!», - деп мән-жайды түсіндіруден бастарын алып қашты.

Бас шаһарға тіке тартатын өзен сағасы жанармайға тұнып-тұр. Оған зертханасыз, былайша көз жеткіздік.

Авиоотынның қанша аумақты алып кеткені, белгісіз. Тиісті органдар сараптама жүргізіп, анықтау үстінде. Экологтардың айтуынша, меншік иесі жауапкершіліктен жалтарып отыр.

«Қазір мынандай дау туындап отыр. Әуежай өкілдері мұның оларға қатысы жоқ деп, ат-тондарын ала қашуда. Алайда, айғақ хаттамамен дәлелденіп отыр, тәуелсіз зертхана берген хаттамаға сәйкес, оның авиакеросин екені анықталды», - дейді Астана қаласы Экология департаменті, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бастығы Мансұр Ошурбаев.

Өзен бойын жайлаған былықты әшкерелеуге прокуратура кірісті. Қазір Есіл еркелеп ағып жатқан жоқ. Өзеннің ластанған екі шақырымдай аумағы дамбымен бітелген. Апатты жайтқа тікелей қатысты «Астана Халықаралық әуежайы» бұл жайтқа орай, түсінктеме береді деп үміттенеміз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ, «Астана» телеарнасы

Бөлісу: