Абитуриент. Студент. Маман

7 Маусым 2013, 04:23

Сөз басы. Әлемде бүгінде төрт мыңнан астам мамандық бар деп есептеледі. Бірақ қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім саласында мұғалім ше­шу­ші тұлға болып қала беретіні даусыз. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­­те­­гия­сында білім берудің барлық дең­гей­лерін түбегейлі жаңғыртуға ерекше мән берді. Соңғы жылдары, әсіресе, екінші мың­­­жыл­дықтың аяғы мен үшінші мың­­жыл­дық басында білім сапасына, жаңа­лық, зияткерлік, инновациялық іс-әре­кетке беталумен қатар, мектептерді жас мұғалімдермен қамтамасыз ету проблемасы өткір бола бастады. Бүгін мұғалімдерді колледждер, педагогикалық институттар, университеттер көптеп дайындауда, бірақ мұғалімдер сонда да жетіспейді. Мектепке баруға да ұмтылыс бар, сонымен қатар, мек­тептен кету де, әсіресе ауылдық жерде жиі кездеседі. Сонымен, кәсіби білім жүйе­сінде мұғалімдерді дайындау күрделі болып отыр. Кеңес заманында жоғары білімді мұға­лімдерді педагогикалық институттар дайындап келді. Бірақ кейін педагогикалық институттардың бірқатары университетке айналды, біразы басқа оқу орындарымен қосылып университет құрады. 90-жылдардың екінші жартысынан бас­тап пединституттар негізінен дербес оқу орны болудан қалды. Мұғалімдер дайындау университеттерде жалғаса берді, бірақ басқа мамандықтар сияқты мұғалімдердің де сапасы төмендеді. Бүгін кейде азаматтар «Қазақстандағы жоғары білімнің деңгейі жоғары ма?» – деп сауал қояды. «Жоғары білім» деп біз өткен тарихымызда қалыптасқан терминді талапқа сай келмесе де, бүгінгі мамандарға да байланысты пайдаланып жүрген сияқтымыз. Бұрында жоғары білімді маманды ойланбастан интеллигенция қатарына жатқызатынбыз, бүгін олай деуге кейде аузың да бармайды. Осы тұста Қазақстан Үкіметі мұғалімдер даярлайтын бірқатар педагогикалық институттарды қайтадан жаңартып, мемлекеттік тапсырыс пен мұғалімдер дайындауды мақсат етті. Бұл игі қадам «пайдалы» ма­ман­дықтардың көлеңкесінде қалған мұға­лім мамандығының мәртебесін едәуір көтерді. «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы да бұл мәселені толық шешпесе де, мектепке жас мұғалімдердің баруына аз да болса жол ашты. Бірақ енді әйелдер зейнетке 63 жаста шығатын болса, ал олар мұғалімдердің 80 пайыздан астамы, жастарға ауылдық мектепте жұмыс та­бу қиындайды, әлеуметтік жағдай күр­деленеді. Бірақ бұл да мұғалімдерге деген сұранысты қанағаттандырмайды. Сондықтан бүгін педагогикалық оқу орындарының студенттерінің өмір ұстанымдары мен кәсіби бағыты, құнды­лықтар таңдауы, басымдық мүдделері теориялық және практикалық жағынан маңызды. Осыны ескеріп, Ақтөбе мемле­кет­тік педагогикалық институтында сту­дент­тердің мұғалім мамандығын таңдау, мек­тепте мұғалім болып жұмыс істеуге байланысты ұстанымдары «Абитуриент-Студент-Бітіруші» жобасы бойынша 2011-2012 оқу жылы бойынша зерттеулер жүргізілді. Абитуриент. Сауалдармен небәрі 584 абитуриент қамтылды. Социологиялық тілмен айтсақ, сұрыптау толық, шындыққа жақын деп айта аламыз. Жалпы институт бойынша, аби­тур­иент­тердің 86,3% мұғалім болуды мақсат еткен. Сонымен қатар, «қалайда бір ма­ман иесі болу», «дипломсыз өмір сү­ру қиын» деген ой абитуриенттердің мұ­ғалім болу мамандығын таңдаумен қатар жүреді. Мұғалім мамандығын таңдауға, таңдаған мамандықты тек Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында алуына көптеген себептер ықпал етеді. Бес абитуриенттің бірі басқа қалада оқытуға ата-аналардың мүмкіндігі жоқтығынан, «Ақтөбеде пәтер-үйі бар туыстарым тұратындықтан» пединститутты таңдадым деген. Сонымен бірге, жастар кейде терең ойламай, достарының айтуымен, бір мектеп бітірген, бір елді мекенде тұрған балалардың ықпалымен де институтқа келе салған. Мектептегі кәсіби бағдар жұмысының ықпалы аса үлкен ықпал ет­пеген сияқты. Сондай-ақ абитуриенттер, олардың ата-аналары Ақтөбе педа­гогикалық институтына грант көп бері­летінінен хабардар, ақысыз оқып білім бе­ре­тін аймақтағы бірден-бір оқу орны бол­ғандықтан осы институтты таңдаған. Қорыта айтқанда, жоғары білім алу, дипломға қол жеткізу жастар үшін әлеу­меттік мәртебе. Содан кейін тағы да бір назар аударатын жағдай, жастардың пе­да­гогикалық институтты таңдауының бір себебі – реті келсе, мұғалімдер басқа ма­ман­дыққа ауысып та кетеді: шет тілдер ма­мандары шетелдік фирмаларға, аударма­шы жұмысына, математика, информатика мамандарына, банк, басқа жүйелерде сұ­раныс бар. Ол фактор кейін институт бі­тір­ген тұста алға шығады. Нақты өмір­де аталған факторлардың бірі емес, бір­не­­шеуі қиындастырыла келіп мұғалім ма­ман­дығын, институтты таңдауға ықпал етеді. Мамандық таңдау тек жоғары оқу орнына түсумен бітпейді, бұл тұлға қа­лып­тасу барысындағы қайшылықты, кей­де тіпті жанға да бататын процестің ал­ғашқы қадамы. Мұғалім мамандығын таңдау жастардың кәсіби бағдары туралы әлі толық ақпарат бермейді, бұл алғашқы таңдау, әрі кеткенде емеурін, жоспар ғана. Абитуриент әлі де мұғалім мамандығынан толық хабардар емес, оның астарларын терең сезінбейді. Сондықтан мектеп бітірген жас жігіт пен қыз педагогикалық институтты таңдап, оты жалындап мұғалім боламын деп біздің институтымызға келсе, ертең ол жас мұғалім болып мектепке барады дегенді білдірмейді. Керісінше, жоғары білім алайын, дипломсыз өмір сүру қиын деген абитуриент, студент болып, оқуын тәмамдаған соң, мектепке барып мұғалім болуы да, болмауы да мүмкін. Студент. Осы болжамдарымызды мектепте пе­да­гогикалық практикадан өткен студенттермен жүргізген зерттеулеріміз дәлелдеп отыр. Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеу педа­го­ги­калық практикасыз ойластыру мүм­кін емес. Студент кәсіби қызметке ара­ласып, нақты кәсіби жағдайлармен кездесіп, қиын­дықтармен бетпе-бет келгенде ғана шыңдалады, өзінің мүмкіндіктерін бай­қай­ды, тексереді, мұғалім мамандығына жа­рам­дылығын зерделейді. Себебі, мұға­лімдік мамандығына тек кітаптар мен дәрістер үйретуі мүмкін емес. Педа­го­ги­калық практика – студенттер үшін мұғалім мамандығын игеру жолындағы күрделі де жауапты кезең. Студент практика барысында екі бірдей қызмет атқарады: ол, бір жағынан, әлі де институт үшін білім алушы, немесе объект, ал, екінші жағынан, ол мұғалім, педагог кәсіби білімі бар субъект. Студент жағдайының күрделілігі оның оқуының әлі жалғасуында, мұғалім, педагог бола тұра оның жұмысы бақылауда, әр қадамына баға беріледі. Дегенмен, студент практикада жаңа әлеуметтік мәртебеге ие болады. Ең бастысы, оған ерік беріп, тежемей, әрбір жағдайда белгілі бір қағидалардың, нормалардың шеңберінде ұстамай, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде ізденіске бастауын, дәстүрлі емес жолдарын табуды қолдау дұрыс. Біз мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалып­тастыру барысында педагогикалық прак­тиканың алатын орны мен рөлін анықтауға тырыстық. Зерттеулермен небәрі 322 студент қамтылды. Зерттеулердің қорытындылары бар­лық факультеттердің студенттері негізі­нен сауалға жауаптарында мұғалім ма­мандығына әртүрлі деңгейде жарамды екендігін сезінген, теориялық білімді жү­зеге асыруға тырысқан, «практика балалармен қарым-қатынас, пікірлесу үшін маңызды болды» дейді, «оқушыларды жа­ғымды істерге, білімге ұмтылуға жәр­дем­дестім» деген көпшілігі. Сөйте тұра, студенттер қандай қиындықтармен кездес­кенін ашық білдірген. Егер, тұтастай институт бойынша айтатын болсақ, студенттердің 58,7% сыныпта тәртіп орнату, 73,9% оқушылармен бетпе-бет жүздесуге жүрексінеді, екі студенттің бірі сабақтың жоспар-конспектісін дайын­дауға қиналған, 35% сабақ барысында оқу­шылармен қарым-қатынас жасауға қиналған. 35 студент немесе 10,9% мұ­ға­лім мамандығын таңдағанына өкінеді екен. Олардың мамандық таңдауда көңілдері түңілгендіктен оқуға да ынтасы жоғары еместігі белгілі. Мұғалім болудан бас тар­ту, кәсіби бағдарының өзгеруі мек­теп­те қалыптаса бастаған мұғалімдік ма­ман­дыққа бейімделу мен өмірдің алшақ­ты­ғынан туған қайшылық. Өздерінің мұғалімдік мамандыққа жарамсыз екенін сезіну педагогикалық қызмет талабына сай кәсіби және тұлғалық келбетінің сәйкессіздігін тану, өздеріне өздері баға беру де, шындыққа тура қарауы да студент жастардың шыншылдығын көрсетеді. Кәсіби бағдар таңдаудағы бұл дағдарыс өмірлік мақсаттарын, стратегияларын қайта қарауға, жаңа ұстанымдарға, жаңа ізденістерге, беталыстарға итермелейді. Бұл жерде тағы да бір қайшылықтың астарлары байқалады. Институттағы оқу процесі негізінен студенттерді белгілі пәннің мұғалімі ретінде тәрбиелесе, мек­тепке практикаға барған студенттер тек пәнді, оның методикасын білудің азды­ғын сезінеді. Себебі, ата-аналармен жұ­мыс жасау, мінез-құлықтары әртүрлі оқу­шылармен тіл табысу, қағазбастылық, тағы да басқа қиындықтармен кездесті. Кі­та­би білім, теория мен нақты педа­го­гика­лық ақиқат арасындағы қайшылық, мұғалімге қойылатын талаптың өсуі, оқу мен тәрбиенің жаңа модельдерін енгізетін Назарбаев интеллектуалдық мектептердің көбеюі де студенттердің кәсіби және өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға жетелейді. Ең бір таңқалдырған жағдай, студент­тердің 9,6%-ы ғана тәрбие жұмысында қиындық көреміз деген. Бұл мәселе әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, бір болжам айтуға болар. Біз тәрбие жұмысы деп қоғамда да, институтта да белгілі бір шараларды жүргізу деп түсі­неміз. Ал оқу-тәрбие жұмысы бұл тұтас­тай ажырамайтын процесс, оны дене тәр­биесі, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәр­биелеу деп бөлшектеудің тиімсіздігіне бүгінгі ғылыми әдебиетте де назар аударады. Тәрбие жұмысын студенттер әртүрлі шаралар өткізу деп түсінетін сияқты. Институт бітіруші. Институт бітіруші студенттер абитуриенттермен, оқып жүрген студенттермен салыстырғанда прагматиктер, бас пайдасын көбірек ойлайды. Олар болашақ жұмысының еңбекақысына, баспана мәселесіне, себебі оларды отбасы ойландырады, кәсіби жағынан өсуіне, лауазымды жұмысқа қол жеткізуіне, жұмысқа баратын жерінің облыс орталығынан жақын-қашықтығына, инфрақұрылымына, (газы, суы, жолы, балалар бақшасы, аурухана), басқа да жақтарына мән береді. Бұл жерде патриотизмнің ең соңғы орында екенін де айту керек. Жалпы, институт бітірушілер негізінен реалистер, өмірден не күтетінін біледі, сонымен бірге олардың арасында бірінші курс студенттеріне қарағанда пессимистік көңіл күйдегілер басым, олар романтик емес. Институт бітіруші студенттермен мемлекеттік емтихан тапсырып жатқан тұста жүргізген сауалдарымызда осы айтылған жағдайларды ескердік. Сондықтан сауалдарды дайындағанда студенттер ойындағы мәселелерден шығуға тырыстық. Институт бітірушілердің 524-імен сауал жүргізілді, соның 399-ы «мектепке барамын» деп жауап берген, ол барлық бітірушілердің 76,2%-ын құрайды, ал 23,8% немесе 125 студент мектепке бармаймын деп жауап берген. Мектепке бармайтын студенттер негі­зінен ақылы бөлімде оқығандар, олар үшін ең бастысы диплом алу. Ал мектепке баратындар мемлекеттік тапсырыспен оқығандар. Біздің зерттеуіміз – Үкіметтің 2004 жылы педагогикалық жоғары оқу орындарын қайта жаңартып, оларға арнайы гранттар бөлуі – мұғалімдер дайындауда тиімді қадам болғандығын көрсетеді. Грантпен оқыған ауыл жастарының ауылдық жерге барып жұмыс істеуге деген ынталары бар. Олар өздерінің ата-аналары тұратын елді мекенге барғылары келеді, себебі тұрғын үй мәселесі өзінен-өзі шешіледі. Екіншіден, ауылдық жерде басқа мамандармен салыстырғанда тұрақты еңбекақы алатын мұғалімдер ғана. Біздің зерттеуіміз оқу барысында жылдан жылға, курстан курсқа студенттердің біразының мамандығына деген ықыласы төмендеп, ынтасы азаятындығына назар аудартады. Бұл тек мұғалім мамандығына ғана қатысты емес. Социологиялық зерттеулер – қандай мамандық, қандай оқу орны болмасын, оны бітірушілердің ұстанымы үлкен өзгерістерге ұшырайтынын, соңғы курс – ең дағдарысқа толы болатынын айтады. Студенттік кезең сапалы білімнің, мінездің қалыптасатын кезеңі, кәсіби сана, өзін мұғалім болып сезіну осы кезде бас­талады. Педагогикалық оқу орнында оқи жүре студенттің кәсіби жоспары, ой-ниеті нақтыланады, көп нәрсені қайтадан ой елегінен өткізеді, тіпті сол таңдауынан айниды да, бірқатарының мұғалімдік ма­ман­дыққа көңілі суиды. Сондықтан, әсі­ресе бірінші курс пен соңғы курс­тар – мамандық таңдауда шешуші рөл атқа­рады. Көптеген зерттеулер студенттердің кәсіби бағдарына жоғары оқу орнынан алған білімнің сапасының әсер ететініне назар аударады. Институттың берген бі­лі­міне студенттер қанағаттанбаса, инсти­тут мұғалімдері педагогтың шынайы үлгісін көрсете алмаса, ол студенттің мұғалім болуы неғайбыл, мұғалім болу-болмауы күмәнді. Институтта білім сапасы жоғары болса, оқу барысында болашақ мұғалімдердің маңызды кәсіби дағдысы, ерекшеліктері кәнігіленіп қана қоймай, педагогикалық қызметке қызығушылығы қалыптасады, бағыт-бағдары ысылады, жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеудің маңыздылығын түсінеді, жауапкершілік сезімі де туады. Ал егер студент алған біліміне қанағаттанбаса, мұғалім мамандығына бейімделуі де қиын. Дегенмен, солай болған күнде де, мектепке барудан басқа таңдау болмаса, мұғалім болып мектепке барушылар жоқ емес, өз жұмысына немқұрайды қарайтыны да осыдан болар. Сонымен бірге, алған біліміне қанағаттанатын студент те мектепке барады дегенді білдірмейді. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі де ойландырады. Жоғары педагогикалық оқу орын­дарының студенттерінің кәсіби бағыт-бағдарына, сөз жоқ, білім саласынан тыс жағдайлар әсер етеді. Біз тіпті мектепке барып, мұғалім жұмысына кіріскен жастардың түпкілікті педагог болатынына сенімді емеспіз. Қазақстанда білім беру бағдарламасына байланысты Білім және ғылым министрлігі бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін негіздің әлі құрылмағандығына назар аударады. Сондықтан жас мамандардың мектепке баруы әлі де сұранысты қанағаттандырмайды, барған мұғалімдердің мектепке сіңісіп жұмыс істеп кетуі де екіталай. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу – ел бойынша 2,6% құрап отыр. Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы – мұғалімдердің 81,3%-ы әйел мұғалімдер болып отыр. Мұғалімнің еңбекақысы еліміздегі орташа жалақының 60%-ға жуығын құрайды, педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етті. Ресми құжаттарда 2000 жылдан бастап мұғалімдер еңбекақысы 400% өсті делінеді. Ол рас, 2000 жылы 8 мың алған мұғалім бүгін 30 мың­дай алады. Бұл салада басқа шара­лармен қатар педагог мамандардың қызметтік орташа жалақысын 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды деп Үкімет жобалап отыр. Дегенмен, мұғалімнің төмен мәр­те­бе­сіне, әлеуметтік жағынан әлсіздігіне, азғантай еңбекақысына қарамастан жас­тар мектепке барып жатыр, мемлекет «Дип­ломмен – ауылға» атты жобамен олар­ға қолдау көрсетуде. Жастардың басым көпшілігі оптимистер. Сондықтан проб­леманың барлығын тек әлеуметтік жағ­дайдан ғана көріп, олқылықтарымызға на­зар аудармау өз ісімізге жанашырлық таныт­пау болар еді. Тағы да біраз мәселенің төңірегінде ойлансақ. Біріншіден, Қазақстандағы білім жүйе­сінің ерекшелігі мектептердің жалпы санының 56,5% құрайтын шағын жинақталған мектептер (ШЖМ) болып отыр. Сол мектептерде әрбір төртінші мұға­лім жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақ­стандық оқушы білім алады. Ол мектептерде мұғалім жетіспейді. Білім алған мамандықтары бойынша оларға толық жалақыға сағат жетпейді. Сондықтан ШЖМ үшін бірнеше мамандықты біріктіріп дайындау керек деген ұсыныс айтылып жүр. Бірақ бірнеше пәннен маманданған мұғалімнің кәсіптік деңгейі тайыздау болады деген қарсы уәж айтылады. «Профиль широкий, но знания узкие» деген ой Ресей ғылыми педагогикалық әдебиетінде де айтылды. Ондай мұғалімдер барлық салада бірдей білімін жетілдіре алмайды, қалай болғанда да білімі кәсіби тұрғыдан төмен болатындығын алға тартылады. Екіншіден, мектеп оқушыларының арасында кәсіби бағдар жұмысын қарқынды жүргізу, оқу орындарының тарихын, игі істерін жарнамалау жеткіліксіз. Оны тек Ұлттық тестілеу алдында ғана емес, жыл бойы ұдайы жүргізіп отыру керек, дәріс оқитын ғалым ұстаздарды мектептерде, әсіресе ауыл мектептерінде кездесулер, басқа да тәрбиелік шараларға тарту қажет. Айта кетейік, біздің институтқа түсем деу­шілердің оннан екеуі ғана Ақтөбе мем­ле­кеттік педагогикалық институты туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарынан алған. Демек, институтты жастар әлі толық білмейді деген сөз. Үшіншіден, педагогикалық практикаға байланысты студенттердің басынан кешірген қиындықтары, өкініштері бар­лы­ғымызды, соның ішінде педагог, пси­хо­лог, әдіскерлерді ойландырса керек. Біздің түйгеніміз, институт азды-көп­ті теориялық білім бергенімізбен, мето­ди­калық, педагогикалық жағынан студент­тердің дайындығы талапқа толық сай емес. «Көш жүре бара түзеледі», бәрін бірден жас мұғалім бойына сіңіре алмайды деп өзімізді жұбату басым. Бірақ сту­денттердің педагогикалық практика кезіндегі олқылықтары институттың да олқылықтары деп қабылдауымыз керек. Төртіншіден, институт Батыс Қазақ­стан облыстық, аудандық білім басқар­маларымен, бір жағынан, сол облыстардан келген институт бітірушілермен, екінші жағынан, жұмысты реттей отырып, жас­тарды өз аймақтарына, аудан, ауылдарына баруға әлі де ықпал ете алмай отыр. Ғылыми тілмен айтсақ, педагогтік маркетинг проблемасын қолға алу қажеттігі туып отыр. Ақылы білім алатын студенттердің беталысын мектепке қарай икемдеу, олар ақылы оқиды, өз таңдаулары өзінде деп тәрбиелік, кәсіби бағдарлық жұмыстан тыс қалдырмауымыз керек. Бүгін жоғары оқу орындарын кезекті оңтайландыру басталды. Шындығын айтқанда, біз бүгін кезінде оңды-солды оқу орындарын ашуға рұқсат бергеніміздің зардабын тартып жатырмыз. Елімізде көлеңкелі экономикамен қатар, көлеңкелі білім де орын алып отыр. Ал сырттай оқуды халық диплом сататын дүңгіршекке теңейді. Бүгін тіпті Парламент мінбелерінен, әсіресе жеке жоғары оқу орындарын оңтайландыру – нарық заңына қайшы дейтін пікір айтылуда. Оқу орындары өздерінің білім саласындағы қызметін халыққа ұсынғанда, жарнамалағанда сырт көзге нарық заңына сәйкес әрекет жасаған сияқты. Ал мамандар дайындағанда, еңбек нарығының сұранысымен есептесе бермейді, ақша табатын коммерциялық мекемелермен тең. Ректорлар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер және тұтастай қоғам негізінен оңтайландыруды үн­сіз қабылдады. Ең қорқыныштысы, сту­дент­тердің 80 пайызынан астамын өз қалта­сынан оқытып отырған ата-аналар да үнсіз. «Оқу орындары қосылған тұста менің балам менің жұмсаған қаржыма сәйкес білім ала ма?» – деп сұрап жатқан ата-ана жоқ. Баяғы менталитет, диплом алса болды. Бір ата-анадан осы туралы пікір алысқанымызда: «Біз жоғары оқу орнынан сапалы білім талап етуге сескенеміз, тіпті оқып жүрген баламызға зиянымыз тиер», – дегені бар. Ата-ананың міндеті оқуға төлейтін қаржысын тауып берумен шектеледі. Шетел оқу орындары ата-аналар алдында қаржының қалай жұмсалғаны туралы есеп береді. Жиналған қаржы қымбат автокөлік, супермаркет емес, ақпараттық технологияға, кітапхана қорын толтыруға, лабораторияларды жабдықтауға, профессорлар еңбекақысына жұмсалады. Біздегі жағдай әлі де болса азаматтық қоғамның қалыптаспағанының көрінісі. Сөз жоқ, сапалы маманды мұға­лім­дерінің интеллектуалдық деңгейі жоғары, заманауи материалдық-ақпараттық, технологиялық қуаты бар, еңбек нары­ғы­мен тығыз байланысты жоғары оқу орын­дары дайындайды. Ал материалдық базасы, мұғалімдердің деңгейі орташа, ал біздің аймақтың оқу орындары негі­зі­нен осындай, екі оқу орны қосылса, мық­ты университет болмайтыны белгілі. Оңтай­ландыру жоғары оқу орындарының санын азайтар, сапасын көтермес деген ой туады. Оңтайландырудың жаңалығының бірі – қайтадан педагогикалық оқу орындары мен университеттерді біріктіру болып отыр. Әрине, бұл біріктіру бір қаладағы екі оқу орнының бір мамандық бойынша бір-бірін қайталап жарыса мұғалімдер дайындауын тоқтатар. Педагогикалық оқу орындарын университеттермен қосу мұғалімдер мен сту­денттерді араластырады, мыңдаған сту­дент­тер бір оқу орнына түсіп, екінші оқу орнының стандарттарына сәйкес біті­реді, әкімшілік-басқару қызметкерлері қыс­қарады. Бұл мәселелер шешімін қалай да табар. Бірақ біріктірілген оқу орны бүгінгі заман талабына сай мұғалімдер дайындай ала ма деген сауал мұғалім қауымдастығын да, ата-аналарды да ойландырады. Бүгінгі басты стратегиялық мақсат «индустриялық қоғам» педагогтарын дайындаудан «постиндустриялық қоғам» педагогтарын дайындауға ауысу. Осыған байланысты педагог дайындаудың қай моделін басшылыққа аламыз деген сау­ал туады. Академиялық модель деп мұ­ға­лімдерді бакалавриат пен магистратура бағдарламасы бойынша университетте дайындауды түсінеміз. Екінші модель – мұ­ғалімдерді арнаулы маманданған оқу орын­дарында университеттен өзгеше бағдар­ламалармен дайындау. Бүгінгі Қазақстанда осы екі модельдің екеуі де бар, әрине, ака­демиялық модель басымырақ, себебі уни­верситеттердің саны да көп. Енді жоғары оқу орындарын кезекті оңтайландыру басталған тұста қалыптаса бастаған арнайы мұғалімдерді дайындау саласындағы азды-көпті жиналған тәжірибе ысырылып, мұғалім мамандығы та­ғы да «пайдалы» мамандықтардың көлең­ке­сінде қала ма деген күдік көп. Сөз соңы. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты – білім беру мен тәрбие мәселелерін ұйымдастыру деңгейінен аймақтық кей­бір университеттерден кем түспейді. Инс­ти­тутта тұрақты білікті жоғары педаго­ги­калық құрамы қалыптасты. 2012 жылы біраз педагогикалық мамандықтар бойынша халықаралық аккредитациядан да сәтті өтті. Енді оңтайландырған тұста, ол мамандықтардың жағдайы не болмақ? Осы және басқа сауалдарға әзірге жауап жоқ. Бүгін жоғары оқу орындары дип­ломдардың нарығына айналды, көптеген университеттер педагогикалық кадрлар дайындауды айтпаса да ақша табудың көзі деп біледі. Енді бүгін мұғалімдерді кез келген оқу орнында емес, дәрігер, әскери маман, инженерлер дайындайтын оқу орындары сияқты, маманданған арнайы жоғары оқу орындарында дайындау қажеттігі туып отыр. Бүгінгі мектеп – білімі, тәжірибесі, мінез-құлқы әртүрлі, еңбекақысы күнделікті шайлығына ғана жететін, бірқатарының денсаулығы кем, жүйкесі тозған мұ­ға­лімдердің ортасы. Бір мектеп директоры жұмысының ауырлығын айта келіп, «Оқушылардың қырық пайызы әкесіз тәрбиеленуде, ата-аналары ажырасқандар, ал мұғалімдер негізінен әйелдер, олардың да соншасы күйеуінен айырылған жал­ғыз­бастылар және тұрмыс құрмаған қыз­дар. Оқушылар мен оқытушылардың бі­ра­зы психология жағынан зақым кө­ріп жүрген адамдар. Сондықтан клас­тар­да солардың соқтығуынан кейде «най­за­ғай» жарқылдайды», – деді. Бұл бейнелеп айтылған әңгіменің астарында үлкен шындық жатқаны анық. Сапалы мұғалім – мектеп білімінен, сапалы оқушыдан басталады. Әлеуметтік жағынан қорғалған мұғалім мамандығына өз ертеңіне сенімді, білікті жастар барады. Интеллектуалды және азаматтық әлеуеті жоғары мұғалім қоғамның кез келген саласында жұмыс жасай алатын қарымды, жаңа формация мамандарын тәрбиелейді. Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор, Эльзира ШҮРЕНБАЕВА, философия магистрі. Ақтөбе Егемен Қазақстан газеті

Сөз басы. Әлемде бүгінде төрт мыңнан астам мамандық бар деп есептеледі. Бірақ қандай қоғам, қандай заманауи өзгерістер болмасын, білім саласында мұғалім ше­шу­ші тұлға болып қала беретіні даусыз. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­­те­­гия­сында білім берудің барлық дең­гей­лерін түбегейлі жаңғыртуға ерекше мән берді.

Соңғы жылдары, әсіресе, екінші мың­­­жыл­дықтың аяғы мен үшінші мың­­жыл­дық басында білім сапасына, жаңа­лық, зияткерлік, инновациялық іс-әре­кетке беталумен қатар, мектептерді жас мұғалімдермен қамтамасыз ету проблемасы өткір бола бастады. Бүгін мұғалімдерді колледждер, педагогикалық институттар, университеттер көптеп дайындауда, бірақ мұғалімдер сонда да жетіспейді. Мектепке баруға да ұмтылыс бар, сонымен қатар, мек­тептен кету де, әсіресе ауылдық жерде жиі кездеседі. Сонымен, кәсіби білім жүйе­сінде мұғалімдерді дайындау күрделі болып отыр.

Кеңес заманында жоғары білімді мұға­лімдерді педагогикалық институттар дайындап келді. Бірақ кейін педагогикалық институттардың бірқатары университетке айналды, біразы басқа оқу орындарымен қосылып университет құрады. 90-жылдардың екінші жартысынан бас­тап пединституттар негізінен дербес оқу орны болудан қалды. Мұғалімдер дайындау университеттерде жалғаса берді, бірақ басқа мамандықтар сияқты мұғалімдердің де сапасы төмендеді. Бүгін кейде азаматтар «Қазақстандағы жоғары білімнің деңгейі жоғары ма?» – деп сауал қояды. «Жоғары білім» деп біз өткен тарихымызда қалыптасқан терминді талапқа сай келмесе де, бүгінгі мамандарға да байланысты пайдаланып жүрген сияқтымыз. Бұрында жоғары білімді маманды ойланбастан интеллигенция қатарына жатқызатынбыз, бүгін олай деуге кейде аузың да бармайды.

Осы тұста Қазақстан Үкіметі мұғалімдер даярлайтын бірқатар педагогикалық институттарды қайтадан жаңартып, мемлекеттік тапсырыс пен мұғалімдер дайындауды мақсат етті. Бұл игі қадам «пайдалы» ма­ман­дықтардың көлеңкесінде қалған мұға­лім мамандығының мәртебесін едәуір көтерді. «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы да бұл мәселені толық шешпесе де, мектепке жас мұғалімдердің баруына аз да болса жол ашты. Бірақ енді әйелдер зейнетке 63 жаста шығатын болса, ал олар мұғалімдердің 80 пайыздан астамы, жастарға ауылдық мектепте жұмыс та­бу қиындайды, әлеуметтік жағдай күр­деленеді. Бірақ бұл да мұғалімдерге деген сұранысты қанағаттандырмайды.

Сондықтан бүгін педагогикалық оқу орындарының студенттерінің өмір ұстанымдары мен кәсіби бағыты, құнды­лықтар таңдауы, басымдық мүдделері теориялық және практикалық жағынан маңызды. Осыны ескеріп, Ақтөбе мемле­кет­тік педагогикалық институтында сту­дент­тердің мұғалім мамандығын таңдау, мек­тепте мұғалім болып жұмыс істеуге байланысты ұстанымдары «Абитуриент-Студент-Бітіруші» жобасы бойынша 2011-2012 оқу жылы бойынша зерттеулер жүргізілді.

Абитуриент. Сауалдармен небәрі 584 абитуриент қамтылды. Социологиялық тілмен айтсақ, сұрыптау толық, шындыққа жақын деп айта аламыз.

Жалпы институт бойынша, аби­тур­иент­тердің 86,3% мұғалім болуды мақсат еткен. Сонымен қатар, «қалайда бір ма­ман иесі болу», «дипломсыз өмір сү­ру қиын» деген ой абитуриенттердің мұ­ғалім болу мамандығын таңдаумен қатар жүреді. Мұғалім мамандығын таңдауға, таңдаған мамандықты тек Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында алуына көптеген себептер ықпал етеді. Бес абитуриенттің бірі басқа қалада оқытуға ата-аналардың мүмкіндігі жоқтығынан, «Ақтөбеде пәтер-үйі бар туыстарым тұратындықтан» пединститутты таңдадым деген. Сонымен бірге, жастар кейде терең ойламай, достарының айтуымен, бір мектеп бітірген, бір елді мекенде тұрған балалардың ықпалымен де институтқа келе салған. Мектептегі кәсіби бағдар жұмысының ықпалы аса үлкен ықпал ет­пеген сияқты. Сондай-ақ абитуриенттер, олардың ата-аналары Ақтөбе педа­гогикалық институтына грант көп бері­летінінен хабардар, ақысыз оқып білім бе­ре­тін аймақтағы бірден-бір оқу орны бол­ғандықтан осы институтты таңдаған.

Қорыта айтқанда, жоғары білім алу, дипломға қол жеткізу жастар үшін әлеу­меттік мәртебе. Содан кейін тағы да бір назар аударатын жағдай, жастардың пе­да­гогикалық институтты таңдауының бір себебі – реті келсе, мұғалімдер басқа ма­ман­дыққа ауысып та кетеді: шет тілдер ма­мандары шетелдік фирмаларға, аударма­шы жұмысына, математика, информатика мамандарына, банк, басқа жүйелерде сұ­раныс бар. Ол фактор кейін институт бі­тір­ген тұста алға шығады. Нақты өмір­де аталған факторлардың бірі емес, бір­не­­шеуі қиындастырыла келіп мұғалім ма­ман­дығын, институтты таңдауға ықпал етеді.

Мамандық таңдау тек жоғары оқу орнына түсумен бітпейді, бұл тұлға қа­лып­тасу барысындағы қайшылықты, кей­де тіпті жанға да бататын процестің ал­ғашқы қадамы. Мұғалім мамандығын таңдау жастардың кәсіби бағдары туралы әлі толық ақпарат бермейді, бұл алғашқы таңдау, әрі кеткенде емеурін, жоспар ғана. Абитуриент әлі де мұғалім мамандығынан толық хабардар емес, оның астарларын терең сезінбейді. Сондықтан мектеп бітірген жас жігіт пен қыз педагогикалық институтты таңдап, оты жалындап мұғалім боламын деп біздің институтымызға келсе, ертең ол жас мұғалім болып мектепке барады дегенді білдірмейді. Керісінше, жоғары білім алайын, дипломсыз өмір сүру қиын деген абитуриент, студент болып, оқуын тәмамдаған соң, мектепке барып мұғалім болуы да, болмауы да мүмкін.

Студент. Осы болжамдарымызды мектепте пе­да­гогикалық практикадан өткен студенттермен жүргізген зерттеулеріміз дәлелдеп отыр.

Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеу педа­го­ги­калық практикасыз ойластыру мүм­кін емес. Студент кәсіби қызметке ара­ласып, нақты кәсіби жағдайлармен кездесіп, қиын­дықтармен бетпе-бет келгенде ғана шыңдалады, өзінің мүмкіндіктерін бай­қай­ды, тексереді, мұғалім мамандығына жа­рам­дылығын зерделейді. Себебі, мұға­лімдік мамандығына тек кітаптар мен дәрістер үйретуі мүмкін емес. Педа­го­ги­калық практика – студенттер үшін мұғалім мамандығын игеру жолындағы күрделі де жауапты кезең. Студент практика барысында екі бірдей қызмет атқарады: ол, бір жағынан, әлі де институт үшін білім алушы, немесе объект, ал, екінші жағынан, ол мұғалім, педагог кәсіби білімі бар субъект. Студент жағдайының күрделілігі оның оқуының әлі жалғасуында, мұғалім, педагог бола тұра оның жұмысы бақылауда, әр қадамына баға беріледі. Дегенмен, студент практикада жаңа әлеуметтік мәртебеге ие болады. Ең бастысы, оған ерік беріп, тежемей, әрбір жағдайда белгілі бір қағидалардың, нормалардың шеңберінде ұстамай, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде ізденіске бастауын, дәстүрлі емес жолдарын табуды қолдау дұрыс.

Біз мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалып­тастыру барысында педагогикалық прак­тиканың алатын орны мен рөлін анықтауға тырыстық. Зерттеулермен небәрі 322 студент қамтылды.

Зерттеулердің қорытындылары бар­лық факультеттердің студенттері негізі­нен сауалға жауаптарында мұғалім ма­мандығына әртүрлі деңгейде жарамды екендігін сезінген, теориялық білімді жү­зеге асыруға тырысқан, «практика балалармен қарым-қатынас, пікірлесу үшін маңызды болды» дейді, «оқушыларды жа­ғымды істерге, білімге ұмтылуға жәр­дем­дестім» деген көпшілігі. Сөйте тұра, студенттер қандай қиындықтармен кездес­кенін ашық білдірген.

Егер, тұтастай институт бойынша айтатын болсақ, студенттердің 58,7% сыныпта тәртіп орнату, 73,9% оқушылармен бетпе-бет жүздесуге жүрексінеді, екі студенттің бірі сабақтың жоспар-конспектісін дайын­дауға қиналған, 35% сабақ барысында оқу­шылармен қарым-қатынас жасауға қиналған. 35 студент немесе 10,9% мұ­ға­лім мамандығын таңдағанына өкінеді екен.

Олардың мамандық таңдауда көңілдері түңілгендіктен оқуға да ынтасы жоғары еместігі белгілі. Мұғалім болудан бас тар­ту, кәсіби бағдарының өзгеруі мек­теп­те қалыптаса бастаған мұғалімдік ма­ман­дыққа бейімделу мен өмірдің алшақ­ты­ғынан туған қайшылық. Өздерінің мұғалімдік мамандыққа жарамсыз екенін сезіну педагогикалық қызмет талабына сай кәсіби және тұлғалық келбетінің сәйкессіздігін тану, өздеріне өздері баға беру де, шындыққа тура қарауы да студент жастардың шыншылдығын көрсетеді. Кәсіби бағдар таңдаудағы бұл дағдарыс өмірлік мақсаттарын, стратегияларын қайта қарауға, жаңа ұстанымдарға, жаңа ізденістерге, беталыстарға итермелейді. Бұл жерде тағы да бір қайшылықтың астарлары байқалады. Институттағы оқу процесі негізінен студенттерді белгілі пәннің мұғалімі ретінде тәрбиелесе, мек­тепке практикаға барған студенттер тек пәнді, оның методикасын білудің азды­ғын сезінеді. Себебі, ата-аналармен жұ­мыс жасау, мінез-құлықтары әртүрлі оқу­шылармен тіл табысу, қағазбастылық, тағы да басқа қиындықтармен кездесті. Кі­та­би білім, теория мен нақты педа­го­гика­лық ақиқат арасындағы қайшылық, мұғалімге қойылатын талаптың өсуі, оқу мен тәрбиенің жаңа модельдерін енгізетін Назарбаев интеллектуалдық мектептердің көбеюі де студенттердің кәсіби және өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға жетелейді.

Ең бір таңқалдырған жағдай, студент­тердің 9,6%-ы ғана тәрбие жұмысында қиындық көреміз деген. Бұл мәселе әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, бір болжам айтуға болар. Біз тәрбие жұмысы деп қоғамда да, институтта да белгілі бір шараларды жүргізу деп түсі­неміз. Ал оқу-тәрбие жұмысы бұл тұтас­тай ажырамайтын процесс, оны дене тәр­биесі, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәр­биелеу деп бөлшектеудің тиімсіздігіне бүгінгі ғылыми әдебиетте де назар аударады. Тәрбие жұмысын студенттер әртүрлі шаралар өткізу деп түсінетін сияқты.

Институт бітіруші. Институт бітіруші студенттер абитуриенттермен, оқып жүрген студенттермен салыстырғанда прагматиктер, бас пайдасын көбірек ойлайды. Олар болашақ жұмысының еңбекақысына, баспана мәселесіне, себебі оларды отбасы ойландырады, кәсіби жағынан өсуіне, лауазымды жұмысқа қол жеткізуіне, жұмысқа баратын жерінің облыс орталығынан жақын-қашықтығына, инфрақұрылымына, (газы, суы, жолы, балалар бақшасы, аурухана), басқа да жақтарына мән береді. Бұл жерде патриотизмнің ең соңғы орында екенін де айту керек. Жалпы, институт бітірушілер негізінен реалистер, өмірден не күтетінін біледі, сонымен бірге олардың арасында бірінші курс студенттеріне қарағанда пессимистік көңіл күйдегілер басым, олар романтик емес. Институт бітіруші студенттермен мемлекеттік емтихан тапсырып жатқан тұста жүргізген сауалдарымызда осы айтылған жағдайларды ескердік. Сондықтан сауалдарды дайындағанда студенттер ойындағы мәселелерден шығуға тырыстық.

Институт бітірушілердің 524-імен сауал жүргізілді, соның 399-ы «мектепке барамын» деп жауап берген, ол барлық бітірушілердің 76,2%-ын құрайды, ал 23,8% немесе 125 студент мектепке бармаймын деп жауап берген.

Мектепке бармайтын студенттер негі­зінен ақылы бөлімде оқығандар, олар үшін ең бастысы диплом алу. Ал мектепке баратындар мемлекеттік тапсырыспен оқығандар. Біздің зерттеуіміз – Үкіметтің 2004 жылы педагогикалық жоғары оқу орындарын қайта жаңартып, оларға арнайы гранттар бөлуі – мұғалімдер дайындауда тиімді қадам болғандығын көрсетеді.

Грантпен оқыған ауыл жастарының ауылдық жерге барып жұмыс істеуге деген ынталары бар. Олар өздерінің ата-аналары тұратын елді мекенге барғылары келеді, себебі тұрғын үй мәселесі өзінен-өзі шешіледі. Екіншіден, ауылдық жерде басқа мамандармен салыстырғанда тұрақты еңбекақы алатын мұғалімдер ғана.

Біздің зерттеуіміз оқу барысында жылдан жылға, курстан курсқа студенттердің біразының мамандығына деген ықыласы төмендеп, ынтасы азаятындығына назар аудартады. Бұл тек мұғалім мамандығына ғана қатысты емес.

Социологиялық зерттеулер – қандай мамандық, қандай оқу орны болмасын, оны бітірушілердің ұстанымы үлкен өзгерістерге ұшырайтынын, соңғы курс – ең дағдарысқа толы болатынын айтады.

Студенттік кезең сапалы білімнің, мінездің қалыптасатын кезеңі, кәсіби сана, өзін мұғалім болып сезіну осы кезде бас­талады. Педагогикалық оқу орнында оқи жүре студенттің кәсіби жоспары, ой-ниеті нақтыланады, көп нәрсені қайтадан ой елегінен өткізеді, тіпті сол таңдауынан айниды да, бірқатарының мұғалімдік ма­ман­дыққа көңілі суиды. Сондықтан, әсі­ресе бірінші курс пен соңғы курс­тар – мамандық таңдауда шешуші рөл атқа­рады.

Көптеген зерттеулер студенттердің кәсіби бағдарына жоғары оқу орнынан алған білімнің сапасының әсер ететініне назар аударады. Институттың берген бі­лі­міне студенттер қанағаттанбаса, инсти­тут мұғалімдері педагогтың шынайы үлгісін көрсете алмаса, ол студенттің мұғалім болуы неғайбыл, мұғалім болу-болмауы күмәнді. Институтта білім сапасы жоғары болса, оқу барысында болашақ мұғалімдердің маңызды кәсіби дағдысы, ерекшеліктері кәнігіленіп қана қоймай, педагогикалық қызметке қызығушылығы қалыптасады, бағыт-бағдары ысылады, жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеудің маңыздылығын түсінеді, жауапкершілік сезімі де туады. Ал егер студент алған біліміне қанағаттанбаса, мұғалім мамандығына бейімделуі де қиын. Дегенмен, солай болған күнде де, мектепке барудан басқа таңдау болмаса, мұғалім болып мектепке барушылар жоқ емес, өз жұмысына немқұрайды қарайтыны да осыдан болар. Сонымен бірге, алған біліміне қанағаттанатын студент те мектепке барады дегенді білдірмейді. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі де ойландырады.

Жоғары педагогикалық оқу орын­дарының студенттерінің кәсіби бағыт-бағдарына, сөз жоқ, білім саласынан тыс жағдайлар әсер етеді. Біз тіпті мектепке барып, мұғалім жұмысына кіріскен жастардың түпкілікті педагог болатынына сенімді емеспіз. Қазақстанда білім беру бағдарламасына байланысты Білім және ғылым министрлігі бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін негіздің әлі құрылмағандығына назар аударады. Сондықтан жас мамандардың мектепке баруы әлі де сұранысты қанағаттандырмайды, барған мұғалімдердің мектепке сіңісіп жұмыс істеп кетуі де екіталай. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу – ел бойынша 2,6% құрап отыр. Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы – мұғалімдердің 81,3%-ы әйел мұғалімдер болып отыр. Мұғалімнің еңбекақысы еліміздегі орташа жалақының 60%-ға жуығын құрайды, педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етті. Ресми құжаттарда 2000 жылдан бастап мұғалімдер еңбекақысы 400% өсті делінеді. Ол рас, 2000 жылы 8 мың алған мұғалім бүгін 30 мың­дай алады. Бұл салада басқа шара­лармен қатар педагог мамандардың қызметтік орташа жалақысын 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды деп Үкімет жобалап отыр.

Дегенмен, мұғалімнің төмен мәр­те­бе­сіне, әлеуметтік жағынан әлсіздігіне, азғантай еңбекақысына қарамастан жас­тар мектепке барып жатыр, мемлекет «Дип­ломмен – ауылға» атты жобамен олар­ға қолдау көрсетуде. Жастардың басым көпшілігі оптимистер. Сондықтан проб­леманың барлығын тек әлеуметтік жағ­дайдан ғана көріп, олқылықтарымызға на­зар аудармау өз ісімізге жанашырлық таныт­пау болар еді.

Тағы да біраз мәселенің төңірегінде ойлансақ.

Біріншіден, Қазақстандағы білім жүйе­сінің ерекшелігі мектептердің жалпы санының 56,5% құрайтын шағын жинақталған мектептер (ШЖМ) болып отыр. Сол мектептерде әрбір төртінші мұға­лім жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақ­стандық оқушы білім алады. Ол мектептерде мұғалім жетіспейді. Білім алған мамандықтары бойынша оларға толық жалақыға сағат жетпейді. Сондықтан ШЖМ үшін бірнеше мамандықты біріктіріп дайындау керек деген ұсыныс айтылып жүр. Бірақ бірнеше пәннен маманданған мұғалімнің кәсіптік деңгейі тайыздау болады деген қарсы уәж айтылады. «Профиль широкий, но знания узкие» деген ой Ресей ғылыми педагогикалық әдебиетінде де айтылды. Ондай мұғалімдер барлық салада бірдей білімін жетілдіре алмайды, қалай болғанда да білімі кәсіби тұрғыдан төмен болатындығын алға тартылады.

Екіншіден, мектеп оқушыларының арасында кәсіби бағдар жұмысын қарқынды жүргізу, оқу орындарының тарихын, игі істерін жарнамалау жеткіліксіз. Оны тек Ұлттық тестілеу алдында ғана емес, жыл бойы ұдайы жүргізіп отыру керек, дәріс оқитын ғалым ұстаздарды мектептерде, әсіресе ауыл мектептерінде кездесулер, басқа да тәрбиелік шараларға тарту қажет. Айта кетейік, біздің институтқа түсем деу­шілердің оннан екеуі ғана Ақтөбе мем­ле­кеттік педагогикалық институты туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарынан алған. Демек, институтты жастар әлі толық білмейді деген сөз.

Үшіншіден, педагогикалық практикаға байланысты студенттердің басынан кешірген қиындықтары, өкініштері бар­лы­ғымызды, соның ішінде педагог, пси­хо­лог, әдіскерлерді ойландырса керек. Біздің түйгеніміз, институт азды-көп­ті теориялық білім бергенімізбен, мето­ди­калық, педагогикалық жағынан студент­тердің дайындығы талапқа толық сай емес. «Көш жүре бара түзеледі», бәрін бірден жас мұғалім бойына сіңіре алмайды деп өзімізді жұбату басым. Бірақ сту­денттердің педагогикалық практика кезіндегі олқылықтары институттың да олқылықтары деп қабылдауымыз керек.

Төртіншіден, институт Батыс Қазақ­стан облыстық, аудандық білім басқар­маларымен, бір жағынан, сол облыстардан келген институт бітірушілермен, екінші жағынан, жұмысты реттей отырып, жас­тарды өз аймақтарына, аудан, ауылдарына баруға әлі де ықпал ете алмай отыр. Ғылыми тілмен айтсақ, педагогтік маркетинг проблемасын қолға алу қажеттігі туып отыр. Ақылы білім алатын студенттердің беталысын мектепке қарай икемдеу, олар ақылы оқиды, өз таңдаулары өзінде деп тәрбиелік, кәсіби бағдарлық жұмыстан тыс қалдырмауымыз керек.

Бүгін жоғары оқу орындарын кезекті оңтайландыру басталды. Шындығын айтқанда, біз бүгін кезінде оңды-солды оқу орындарын ашуға рұқсат бергеніміздің зардабын тартып жатырмыз. Елімізде көлеңкелі экономикамен қатар, көлеңкелі білім де орын алып отыр. Ал сырттай оқуды халық диплом сататын дүңгіршекке теңейді. Бүгін тіпті Парламент мінбелерінен, әсіресе жеке жоғары оқу орындарын оңтайландыру – нарық заңына қайшы дейтін пікір айтылуда. Оқу орындары өздерінің білім саласындағы қызметін халыққа ұсынғанда, жарнамалағанда сырт көзге нарық заңына сәйкес әрекет жасаған сияқты. Ал мамандар дайындағанда, еңбек нарығының сұранысымен есептесе бермейді, ақша табатын коммерциялық мекемелермен тең.

Ректорлар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер және тұтастай қоғам негізінен оңтайландыруды үн­сіз қабылдады. Ең қорқыныштысы, сту­дент­тердің 80 пайызынан астамын өз қалта­сынан оқытып отырған ата-аналар да үнсіз. «Оқу орындары қосылған тұста менің балам менің жұмсаған қаржыма сәйкес білім ала ма?» – деп сұрап жатқан ата-ана жоқ. Баяғы менталитет, диплом алса болды. Бір ата-анадан осы туралы пікір алысқанымызда: «Біз жоғары оқу орнынан сапалы білім талап етуге сескенеміз, тіпті оқып жүрген баламызға зиянымыз тиер», – дегені бар. Ата-ананың міндеті оқуға төлейтін қаржысын тауып берумен шектеледі. Шетел оқу орындары ата-аналар алдында қаржының қалай жұмсалғаны туралы есеп береді. Жиналған қаржы қымбат автокөлік, супермаркет емес, ақпараттық технологияға, кітапхана қорын толтыруға, лабораторияларды жабдықтауға, профессорлар еңбекақысына жұмсалады. Біздегі жағдай әлі де болса азаматтық қоғамның қалыптаспағанының көрінісі.

Сөз жоқ, сапалы маманды мұға­лім­дерінің интеллектуалдық деңгейі жоғары, заманауи материалдық-ақпараттық, технологиялық қуаты бар, еңбек нары­ғы­мен тығыз байланысты жоғары оқу орын­дары дайындайды. Ал материалдық базасы, мұғалімдердің деңгейі орташа, ал біздің аймақтың оқу орындары негі­зі­нен осындай, екі оқу орны қосылса, мық­ты университет болмайтыны белгілі. Оңтай­ландыру жоғары оқу орындарының санын азайтар, сапасын көтермес деген ой туады.

Оңтайландырудың жаңалығының бірі – қайтадан педагогикалық оқу орындары мен университеттерді біріктіру болып отыр. Әрине, бұл біріктіру бір қаладағы екі оқу орнының бір мамандық бойынша бір-бірін қайталап жарыса мұғалімдер дайындауын тоқтатар.

Педагогикалық оқу орындарын университеттермен қосу мұғалімдер мен сту­денттерді араластырады, мыңдаған сту­дент­тер бір оқу орнына түсіп, екінші оқу орнының стандарттарына сәйкес біті­реді, әкімшілік-басқару қызметкерлері қыс­қарады. Бұл мәселелер шешімін қалай да табар. Бірақ біріктірілген оқу орны бүгінгі заман талабына сай мұғалімдер дайындай ала ма деген сауал мұғалім қауымдастығын да, ата-аналарды да ойландырады.

Бүгінгі басты стратегиялық мақсат «индустриялық қоғам» педагогтарын дайындаудан «постиндустриялық қоғам» педагогтарын дайындауға ауысу. Осыған байланысты педагог дайындаудың қай моделін басшылыққа аламыз деген сау­ал туады. Академиялық модель деп мұ­ға­лімдерді бакалавриат пен магистратура бағдарламасы бойынша университетте дайындауды түсінеміз. Екінші модель – мұ­ғалімдерді арнаулы маманданған оқу орын­дарында университеттен өзгеше бағдар­ламалармен дайындау. Бүгінгі Қазақстанда осы екі модельдің екеуі де бар, әрине, ака­демиялық модель басымырақ, себебі уни­верситеттердің саны да көп.

Енді жоғары оқу орындарын кезекті оңтайландыру басталған тұста қалыптаса бастаған арнайы мұғалімдерді дайындау саласындағы азды-көпті жиналған тәжірибе ысырылып, мұғалім мамандығы та­ғы да «пайдалы» мамандықтардың көлең­ке­сінде қала ма деген күдік көп.

Сөз соңы. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты – білім беру мен тәрбие мәселелерін ұйымдастыру деңгейінен аймақтық кей­бір университеттерден кем түспейді. Инс­ти­тутта тұрақты білікті жоғары педаго­ги­калық құрамы қалыптасты. 2012 жылы біраз педагогикалық мамандықтар бойынша халықаралық аккредитациядан да сәтті өтті. Енді оңтайландырған тұста, ол мамандықтардың жағдайы не болмақ? Осы және басқа сауалдарға әзірге жауап жоқ.

Бүгін жоғары оқу орындары дип­ломдардың нарығына айналды, көптеген университеттер педагогикалық кадрлар дайындауды айтпаса да ақша табудың көзі деп біледі. Енді бүгін мұғалімдерді кез келген оқу орнында емес, дәрігер, әскери маман, инженерлер дайындайтын оқу орындары сияқты, маманданған арнайы жоғары оқу орындарында дайындау қажеттігі туып отыр.

Бүгінгі мектеп – білімі, тәжірибесі, мінез-құлқы әртүрлі, еңбекақысы күнделікті шайлығына ғана жететін, бірқатарының денсаулығы кем, жүйкесі тозған мұ­ға­лімдердің ортасы. Бір мектеп директоры жұмысының ауырлығын айта келіп, «Оқушылардың қырық пайызы әкесіз тәрбиеленуде, ата-аналары ажырасқандар, ал мұғалімдер негізінен әйелдер, олардың да соншасы күйеуінен айырылған жал­ғыз­бастылар және тұрмыс құрмаған қыз­дар. Оқушылар мен оқытушылардың бі­ра­зы психология жағынан зақым кө­ріп жүрген адамдар. Сондықтан клас­тар­да солардың соқтығуынан кейде «най­за­ғай» жарқылдайды», – деді. Бұл бейнелеп айтылған әңгіменің астарында үлкен шындық жатқаны анық.

Сапалы мұғалім – мектеп білімінен, сапалы оқушыдан басталады. Әлеуметтік жағынан қорғалған мұғалім мамандығына өз ертеңіне сенімді, білікті жастар барады. Интеллектуалды және азаматтық әлеуеті жоғары мұғалім қоғамның кез келген саласында жұмыс жасай алатын қарымды, жаңа формация мамандарын тәрбиелейді.

Амангелді АЙТАЛЫ,

философия ғылымдарының докторы, профессор,

Эльзира ШҮРЕНБАЕВА,

философия магистрі.

Ақтөбе

Егемен Қазақстан газеті

Бөлісу: