Білек сыбана шығу

6 Маусым 2013, 08:46

«... Добрый Рабый үстіндегі көне костюмін шешіп, алабажақ майка, трусиімен шықты да күресетін тақырға барып отырды».             «...  – Мен әзірмін. -          Киіміңді шешпейсің бе? -          Мен киімімді шешіп, су кешемін бе? -          Осылай-ақ күресе берем», - деді. «... Қазан. Татар жері. Сол кеште Дмитрийден Қажымұқан Хасаев жөнінде естіді. Қ. Хасаевтың жүн басқан денесіне, бет аузына қара бояуды баттастыра жағып, шырша жапырақтарын жалаңаш беліне қыстырып, «Африкадан келген жабайы адам деп» көрермендерге таныстырыпты».             «- Балуан, әлі асықпа. Қолыңды ербеңдетіп қайтесің, ұстай алсаң менің белім еркін тиеді қолыңа, өзің қолыңды маған бер, - деп, екі білегін сыға ұстап, өзінің белбеуін екі бүйірінен сығымдата оған ұстатты. Тезірек ұстас. Оған қобалжыған Мұқан болмады, шолақ шекпеннің жеңін сыбанды». «... Түрік балуаны Нұрла ұзын қолымен қара Мұстафаның белбеуінен мықтап ұстап жоғары қарай көтермек болды. Бірақ, қазақ балуанын көтере алмады». «...Көптің көзі ақ балтыры күнге жалтырап, аяғын жылдам басқан сидам жігітке түсті, жігіттің үстінде қой жүн шекпен, жеңін түрген». «...Шолақтың шұбалаңдаған етегі аяғына оратылып, ә дегенге келместен сүрініп жығылды. Бәстің аты – бәс, Мұқаш қалтадағы бір сомды табан астында суырып берді». Испандық елші Рюи Гонзалес де Клавихо өзінің 1403-1406 жылдары Самарқандағы Темір сарайына барғандағы көрген балуандар күресін былай суреттейді: «Біздің алдымызда жеңсіз тері киім киген екі балуан тұрды, олар бірін-бірі жыға алмады. Темір олардың бірі міндетті түрде жеңуі қажет екендігін айтты». 1945 жылы өткізілген Абайдың 100 жылдық тойында Қажымұқан: - Ағайын туғандар, аға-іні, апа-қарындастар! Мен қазір жетпістен астым, дүниенің жиырма сегіз елінде болып, алтын, күміс медаль алдым. Африканың қара перісімен де күрестім, жапонның Саракикиімен де итше жұлқыстым. Халықтың намысын бермедім. Сонда мына түрімен қалай сөйтті демеңдер, ағайын. Тойдың бас бәйгесін талассыз алды демеңіздер деді де, жұрттың айқай-шуына қарамай, ұзын ақ дамбалының ышқырын ширата қайырып, балағын тізесінен жоғары түрді. Жанында тұрған гармоншы жігітке иегін қақты. Әуелі кеудесін кере «әп» деп тыныс алды да, бойын жазды.   Қампиған қарын омырт­қаға жабысып, қаншырдай қата қалды. Кеудесі көріктей күмпиіп, көрер көзге апайтөстеніп сала берді. Жетпістен асқан шал заматта өзгеріп, жас қуатқа толды. Былайғы жұрт ішін тартты. Қажымұқан қолдарын созып тұра қалды. Сол сәт гармонда әлдебір ырғақтар ойнап кетті де, артық қимылсыз-ақ,  бұлшық еттер биге басты. Қажекеңнің өеріне халық дән риза болды. Осы тойда балуанды көреміз деген халықтың көптігінен Қажымұқан отырған киіз үйді жығар болған соң, балуан далаға шығып отырған екен. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.  

«... Добрый Рабый үстіндегі көне костюмін шешіп, алабажақ майка, трусиімен шықты да күресетін тақырға барып отырды».

            «...  – Мен әзірмін.

-          Киіміңді шешпейсің бе?

-          Мен киімімді шешіп, су кешемін бе?

-          Осылай-ақ күресе берем», - деді.

«... Қазан. Татар жері. Сол кеште Дмитрийден Қажымұқан Хасаев

жөнінде естіді. Қ. Хасаевтың жүн басқан денесіне, бет аузына қара бояуды баттастыра жағып, шырша жапырақтарын жалаңаш беліне қыстырып, «Африкадан келген жабайы адам деп» көрермендерге таныстырыпты».

            «- Балуан, әлі асықпа. Қолыңды ербеңдетіп қайтесің, ұстай алсаң менің белім еркін тиеді қолыңа, өзің қолыңды маған бер, - деп, екі білегін сыға ұстап, өзінің белбеуін екі бүйірінен сығымдата оған ұстатты.

Тезірек ұстас. Оған қобалжыған Мұқан болмады, шолақ шекпеннің жеңін сыбанды».

«... Түрік балуаны Нұрла ұзын қолымен қара Мұстафаның белбеуінен мықтап ұстап жоғары қарай көтермек болды. Бірақ, қазақ балуанын көтере алмады».

«...Көптің көзі ақ балтыры күнге жалтырап, аяғын жылдам басқан сидам жігітке түсті, жігіттің үстінде қой жүн шекпен, жеңін түрген».

«...Шолақтың шұбалаңдаған етегі аяғына оратылып, ә дегенге келместен сүрініп жығылды. Бәстің аты – бәс, Мұқаш қалтадағы бір сомды табан астында суырып берді».

Испандық елші Рюи Гонзалес де Клавихо өзінің 1403-1406 жылдары Самарқандағы Темір сарайына барғандағы көрген балуандар күресін былай суреттейді: «Біздің алдымызда жеңсіз тері киім киген екі балуан тұрды, олар бірін-бірі жыға алмады. Темір олардың бірі міндетті түрде жеңуі қажет екендігін айтты».

1945 жылы өткізілген Абайдың 100 жылдық тойында Қажымұқан: - Ағайын туғандар, аға-іні, апа-қарындастар! Мен қазір жетпістен астым, дүниенің жиырма сегіз елінде болып, алтын, күміс медаль алдым. Африканың қара перісімен де күрестім, жапонның Саракикиімен де итше жұлқыстым. Халықтың намысын бермедім. Сонда мына түрімен қалай сөйтті демеңдер, ағайын. Тойдың бас бәйгесін талассыз алды демеңіздер деді де, жұрттың айқай-шуына қарамай, ұзын ақ дамбалының ышқырын ширата қайырып, балағын тізесінен жоғары түрді. Жанында тұрған гармоншы жігітке иегін қақты.

Әуелі кеудесін кере «әп» деп тыныс алды да, бойын жазды.   Қампиған қарын омырт­қаға жабысып, қаншырдай қата қалды. Кеудесі көріктей күмпиіп, көрер көзге апайтөстеніп сала берді. Жетпістен асқан шал заматта өзгеріп, жас қуатқа толды. Былайғы жұрт ішін тартты.
Қажымұқан қолдарын созып тұра қалды. Сол сәт гармонда әлдебір ырғақтар ойнап кетті де, артық қимылсыз-ақ,  бұлшық еттер биге басты. Қажекеңнің өеріне халық дән риза болды. Осы тойда балуанды көреміз деген халықтың көптігінен Қажымұқан отырған киіз үйді жығар болған соң, балуан далаға шығып отырған екен.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

 

Бөлісу: