Белдесуге шығару дәстүрі

6 Маусым 2013, 08:43

Халық арасында балуандарды белдесуге шығарудың дәстүрлері әр түрлі болған. Балуан шығарушы жақ өз балуанының жеңуін қалап, ол туралы мақтау мен мадақтауды аямаған. Балуанды атқа, түйеге мінгізіп әкеліп, елді таңдандыру, қарсыласының мысын басу мақсатында ноқталап, шынжырлап алып шыққан.             Балуандарды күреске алып шығу дәстүрлеріне байланысты бірнеше мысалдар келтіреміз: «... Сарытерек деген жерде тарақтының асы болды. Сондағы әне бір дәуді айтайын деймін –әу! Сендерге өтірік, маған шын, құдай салмасын, басы мен мойны Андрейдің тап асыл тұқымды бұқасындай екен. Ортаға келіп отыра қалғанда, ішегін тартып таңырқамаған адам қалмады. Беліне екі кісінің құшағы жетер емес. Білегіне алақұрт моншақтап өткізіп жіп байлап оған баланың жұдырығындай қоңырау тағып қойыпты. Төбедей болып шөкелеп отырып, есіней түсіп, қолын уқалағанда, қоңырау шылдыр-шылдыр етеді».             «... Олар сырлық, қырлық болып бөлінетін. Аттар жөнелгеннен кейін бас балуан шығару жолы тиген Қыпшақ «Түйе балуанын» шешіндірді. Түйе балуан күресерде қойдың жүнінен жуан ғып тоқылған, балағы тізесінен жоғары шалбар киіп, ышқырына қайыс белбеу өткізіп, белін тас қып буады екен де, үстіне одан басқа киім ілмей, тырдай жалаңаш шешінеді екен. Күрескен балуанмен бел ұстасқанша ғана иығына түйе жүн шекпенін жамылып отырып, күресерде оны сыпырып тастайды екен.             Сол әдетін істеп түйе балуан қара жолдың жиегіне келіп отырды. Түйе балуанмен күресер адам керейден шықпағанына Нұрмағамбет ызаланып «Паң» ызаланып: — «Баяғыдан бері керей, уақ қатын алған жоқ па едің? Сенен ұл туған жоқ па еді? Ер тумай, жер туып па еді? «Елмін» деп неге айтатын ең, өзіңді? — деп ақырды. -          Ұл тудым деп, шешелерің бөкпен жеген біреуің бармысың? – деп, айқайлайды тағы да «паң». Бар, - деп Шолақ, атынан түсе берді. Ол киімін шешіп те әуреленбеді, түйе жүн шекпенінің оң жеңін шешіп, қыл шылбырды алып беліне байлап, боя жеңін соған қыстыра салды. Балуанның келбетіне қайран қалған жұрт оны күреске түседі деп те ойламаған. Беліне баланың құшағы жеткендей жіңішке, жауырыны кергіш қойғандай жалпақ, жаратқан арғымақтай қатып қалған жігіт екен. Дәу ауыр жүкпен әзер тұрған орнынан тұрды да, артына қарай қолын жайды. Оның қасына ертіп жүрген сәлдесі шаңырақтай қожасы бар екен, ол пт үстінде отырып – бата берді. Әлгі шыққан белгісіз балуан оған қараған да жоқ, бата да сұраған жоқ. Дәу баламен ойнаған кісідей, белін ұстамай, жауырынынан бүргелі қолын арбаңдата бергенде, күдері белбеуге қолы сарт ете түсіп, жел құлатқан дөңбектей жерге гүрс еткізді. Ауы дене мәңгірген басын жерден көтере алмай жатқанда, жігіт жеңін киіп алып, атына мініп алды да, бәйге күткен топқа қарай жортып жүре берді», - деп Балуан Шолақтың бір күресі баяндалады. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Халық арасында балуандарды белдесуге шығарудың дәстүрлері әр түрлі болған. Балуан шығарушы жақ өз балуанының жеңуін қалап, ол туралы мақтау мен мадақтауды аямаған. Балуанды атқа, түйеге мінгізіп әкеліп, елді таңдандыру, қарсыласының мысын басу мақсатында ноқталап, шынжырлап алып шыққан.

            Балуандарды күреске алып шығу дәстүрлеріне байланысты бірнеше мысалдар келтіреміз:

«... Сарытерек деген жерде тарақтының асы болды. Сондағы әне бір дәуді айтайын деймін –әу! Сендерге өтірік, маған шын, құдай салмасын, басы мен мойны Андрейдің тап асыл тұқымды бұқасындай екен. Ортаға келіп отыра қалғанда, ішегін тартып таңырқамаған адам қалмады. Беліне екі кісінің құшағы жетер емес. Білегіне алақұрт моншақтап өткізіп жіп байлап оған баланың жұдырығындай қоңырау тағып қойыпты. Төбедей болып шөкелеп отырып, есіней түсіп, қолын уқалағанда, қоңырау шылдыр-шылдыр етеді».

            «... Олар сырлық, қырлық болып бөлінетін. Аттар жөнелгеннен кейін бас балуан шығару жолы тиген Қыпшақ «Түйе балуанын» шешіндірді. Түйе балуан күресерде қойдың жүнінен жуан ғып тоқылған, балағы тізесінен жоғары шалбар киіп, ышқырына қайыс белбеу өткізіп, белін тас қып буады екен де, үстіне одан басқа киім ілмей, тырдай жалаңаш шешінеді екен. Күрескен балуанмен бел ұстасқанша ғана иығына түйе жүн шекпенін жамылып отырып, күресерде оны сыпырып тастайды екен.

            Сол әдетін істеп түйе балуан қара жолдың жиегіне келіп отырды.

Түйе балуанмен күресер адам керейден шықпағанына Нұрмағамбет ызаланып «Паң» ызаланып: — «Баяғыдан бері керей, уақ қатын алған жоқ па едің? Сенен ұл туған жоқ па еді? Ер тумай, жер туып па еді? «Елмін» деп неге айтатын ең, өзіңді? — деп ақырды.

-          Ұл тудым деп, шешелерің бөкпен жеген біреуің бармысың? – деп,

айқайлайды тағы да «паң». Бар, - деп Шолақ, атынан түсе берді. Ол киімін шешіп те әуреленбеді, түйе жүн шекпенінің оң жеңін шешіп, қыл шылбырды алып беліне байлап, боя жеңін соған қыстыра салды. Балуанның келбетіне қайран қалған жұрт оны күреске түседі деп те ойламаған. Беліне баланың құшағы жеткендей жіңішке, жауырыны кергіш қойғандай жалпақ, жаратқан арғымақтай қатып қалған жігіт екен. Дәу ауыр жүкпен әзер тұрған орнынан тұрды да, артына қарай қолын жайды. Оның қасына ертіп жүрген сәлдесі шаңырақтай қожасы бар екен, ол пт үстінде отырып – бата берді. Әлгі шыққан белгісіз балуан оған қараған да жоқ, бата да сұраған жоқ. Дәу баламен ойнаған кісідей, белін ұстамай, жауырынынан бүргелі қолын арбаңдата бергенде, күдері белбеуге қолы сарт ете түсіп, жел құлатқан дөңбектей жерге гүрс еткізді. Ауы дене мәңгірген басын жерден көтере алмай жатқанда, жігіт жеңін киіп алып, атына мініп алды да, бәйге күткен топқа қарай жортып жүре берді», - деп Балуан Шолақтың бір күресі баяндалады.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу: