Жұртшылыққа балуандар күресін жариялау

6 Маусым 2013, 08:41

Балуандар халыққа танымал адамдар болғандықтан, олардың күшінің мөлшері, күресу тәсілі, дене бітімінің ерекшелігі, салмағы, т.б. туралы деректерді қалың ел алдын ала біліп отыратын. Той мен берілетін ас иелері өткізілетін жарыстар түрлерін алдын ала белгілеп, оны жиналған жұртшылыққа хабарлайтын адамдар тағайындалған. Тойды, мерекені тамашалауға жиналған халық хабарлаушының көрсеткен ортанынан ыңғайлы орын таңдап жайланып отырады. Қалың жұртқа арналған ас, тойдағы тамашалар реттерінің қалай өткендігі туралы мысалдар келтірейік: «... Асқа жиналған жұрт етін жеп, Асқа жиналған жұрт етін жеп, қымызын ішкеннен кейін, біреу құрықтың басына екі кез қызыл матаны байлап, «ат шабар! ат шабар!» деп Көксеңгірдің биігіне шаба жөнелді, әдетте күрестен бұрын бәйгенің аты кетеді.  Жаршы кей уақыттарда болатын іс шараларды өлеңдетіп те жеткізген: «... Уа, жарандар, жарандар, онда ат жарысы, онда көкпар, онда күрес бәрі бар». Атқа мінген жаршы базарды аралап жүріп, балуандар белдесуінің өтетінін айғайлап хабарлайды. Мысалы: «...Көкшетау қаласына біртүрлі балуандар кепті дейді, бәрі де аждаһадай кереметтер дейді, оларға адам пар келетін емес дейді!», - деп аузын жабар емес жаршы». Ақындардың жаршылар туралы өлеңдерінен үзінді келтіреміз: «...Боз шолақ мінген жаршы және келіп,                                          Балуанды баяндады сөзге теріп. Тыңдасты астың халқы құлақ қойып, Бір-бірін басып, жаншып, ентеленіп».                                          І. Жансүгіров Көрерменді көп жинау мақсатында жаршы балуандардың атын айтпай, асыра мақтап, қызығушылық тудырған. «Той десе қу бас домалайды» деп қазақ бекер айтпаған. «Балуан» күресін тамашалауға жас баладан бастап еңкейген қартқа дейін келетін болған. Балуан күресі ел, ру, ауыл намысының көрсеткіші болып саналған.             Жаршы өлеңдетіп: Мынау, мынау, мынау ер!                                                          -    Піл сүйекті, бұлан ер, Арыстандай айбынды ер, Жолбарыстай жуан ер. Ертістің бойын сіліккен ер, Еділдің бойы үріккен ер. Ірбіт, Алтай, Мекерже, Жәрмеңкеде шыққан ер, - деп жар салғанда  қалың ел алдарындағы асын қойып, балуандар күресін тамашалауға жиналатын. Немесе:                 - Мынау, мынау, мынауым,                                 Сексеуілден бұрауым.                                 Алысқанда шақ келмес                                 Алыбың мен дырауың.., - деп асқан шеберлікпен күш құдіретін суреттеген.             Ас пен тойдағы елдің аузындағы сөз – балуан жігіт пен жүйрік ат!             Жаршының айтуы бойынша бәлен балуан келіпті, түген балуан келіпті! – деген сөздердің ішіндегі ерекше ауызға түсетіні Қарақыпшақ Қобыланды батырдың ұрпағы «Түйе балуан». Көргендер ол туралы шошына сөйлейді: -          Білектері адамның санындай, саусақтары білектей, саны кеудедей, кеудесі кигіз үйдей, құлағы тебінгідей, басы қазандай, аузы жырта қарыс, ерні екі кесек ет, түксиген қабағына біткен қалың қас желкілдеп кішкене көзін жауып тұр, бойының тұрқы — нар түйедей, сөйлеген сөзі арыстанның гүрілі сияқты. Мойны бұрылмайды, қараған жаққа мойнымен қоса денесі де қозғалады, бір жегенде бір қойдың етін жүк көрмейді. — Онымен кім күресер екен?—деседі жұрт. — Әй, ешкім күреспесе, өлгісі келген біреу болмаса! – дейді екіншісі. — Қап! — дейді біреулер өкініп, — бас балуанның бәйгісі түйе мен ат бастаған, құндыз бен жібек шапан қосқан жүз ірі қара деп еді, сол бәйгіні енді күрессіз алады - ау, сабаз деп шыр-пыр болды». Біз осыдан ас пен тойдағы балуан күресіне деген аса қызығушылықты айқын көреміз.             ... Бірде Абылай хан үш жүздің балуандар жарысын ұйымдастырады. Күрестің соңында екі жігіт бәрін жеңіп шығып, өзара жекпе-жекке қалады. Бірі – аты жер жарған кіші жүздің «Түйе балуаны», екіншісі – жас балуан жанұзақ. «Түйе балуан» туралы халық арасында:                         Майданға балуан келді түйе мінген,                    Аяғы сүйретіліп жерге тиген.                    Өзінен басқа адамды менсінбейді,                    Орны жоқ жауырыны жерге тиген, - деген өлең жолдары сақталған. Осы өлеңнен балуандарды түйеге де мінгізіп әкелгендігін, балуандардың бойларының ұзын, салмақтарының ауыр болғандығын және әр ру, ауыл сайысқа өз балуандарын аса салтанатпен әкелгендігін байқаймыз.             Қарсыласының үрейін ұшырып қорқыту мақсатында «түйе балуан», «өгіз балуан» атанған балуандарды кілем шетіне шынжырлап ұстайтын болған. Күжірейген дәу перілер аузынан көбік шашып, жер тарпып, аруақ шақырып, ақырып бақталасының мысын басуға тырысқан.                         «...Балуаны келіпті бәйге атымен,                     Біздің жаққа белгілі айбатымен.                    Балуанын шынжырлап әкеліпті,                    Бар Қытайға белгілі қайратымен », -деген өлең Көктұмарда  Сүлеймен болысқа берілген аста қытай балуанына қаратып айтылған екен.             Қажымұқан балуанды Қызыл жыраудың (шын аты Мырзабек Байжанұлы) елге таныстыруынан үзінді:                     «...Мына отырған балуан,                     Өнері бар алуан,                     Небір дәумен айқасқан,»                     Күш сынасып байқасқан,                     Бәрін де жеңген бұл қасқаң,                     Белдесуге талайдың                     Дауаламай жүрегі Қаймығып бас шайқасқан. Атан түйе тарта алмай Шөге қалған бақырып. Шойын жолды кәдімгі Белдік қылған жапырып, Орыс, шүршіт талайы, Күреске салған шақырып, Бәрін де жер қаптырған Басынан допша асырып». Балуандар белдесуін хабарлау туралы деректерді келтіре отырып біз халық арасында дәстүрдің бұрыннан бар екендігін және кең тарағандығын көреміз. Мұның өзі – халықтың өнерді құрметтеп дәріптейтіндігі деп түсінеміз. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Балуандар халыққа танымал адамдар болғандықтан, олардың күшінің мөлшері, күресу тәсілі, дене бітімінің ерекшелігі, салмағы, т.б. туралы деректерді қалың ел алдын ала біліп отыратын.

Той мен берілетін ас иелері өткізілетін жарыстар түрлерін алдын ала белгілеп, оны жиналған жұртшылыққа хабарлайтын адамдар тағайындалған. Тойды, мерекені тамашалауға жиналған халық хабарлаушының көрсеткен ортанынан ыңғайлы орын таңдап жайланып отырады.

Қалың жұртқа арналған ас, тойдағы тамашалар реттерінің қалай өткендігі туралы мысалдар келтірейік:

«... Асқа жиналған жұрт етін жеп, Асқа жиналған жұрт етін жеп, қымызын ішкеннен кейін, біреу құрықтың басына екі кез қызыл матаны байлап, «ат шабар! ат шабар!» деп Көксеңгірдің биігіне шаба жөнелді, әдетте күрестен бұрын бәйгенің аты кетеді. 

Жаршы кей уақыттарда болатын іс шараларды өлеңдетіп те жеткізген:

«... Уа, жарандар, жарандар, онда ат жарысы, онда көкпар, онда күрес бәрі бар».

Атқа мінген жаршы базарды аралап жүріп, балуандар белдесуінің өтетінін айғайлап хабарлайды. Мысалы:

«...Көкшетау қаласына біртүрлі балуандар кепті дейді, бәрі де аждаһадай кереметтер дейді, оларға адам пар келетін емес дейді!», - деп аузын жабар емес жаршы».

Ақындардың жаршылар туралы өлеңдерінен үзінді келтіреміз:

«...Боз шолақ мінген жаршы және келіп,                                         

Балуанды баяндады сөзге теріп.

Тыңдасты астың халқы құлақ қойып,

Бір-бірін басып, жаншып, ентеленіп».

                                         І. Жансүгіров

Көрерменді көп жинау мақсатында жаршы балуандардың атын айтпай, асыра мақтап, қызығушылық тудырған. «Той десе қу бас домалайды» деп қазақ бекер айтпаған. «Балуан» күресін тамашалауға жас баладан бастап еңкейген қартқа дейін келетін болған. Балуан күресі ел, ру, ауыл намысының көрсеткіші болып саналған.

            Жаршы өлеңдетіп:

Мынау, мынау, мынау ер!                                                         

-    Піл сүйекті, бұлан ер,

Арыстандай айбынды ер,

Жолбарыстай жуан ер.

Ертістің бойын сіліккен ер,

Еділдің бойы үріккен ер.

Ірбіт, Алтай, Мекерже,

Жәрмеңкеде шыққан ер, - деп жар салғанда  қалың ел

алдарындағы асын қойып, балуандар күресін тамашалауға жиналатын.

Немесе:                 - Мынау, мынау, мынауым,

                                Сексеуілден бұрауым.

                                Алысқанда шақ келмес

                                Алыбың мен дырауың.., - деп асқан шеберлікпен күш құдіретін суреттеген.

            Ас пен тойдағы елдің аузындағы сөз – балуан жігіт пен жүйрік ат!

            Жаршының айтуы бойынша бәлен балуан келіпті, түген балуан келіпті! – деген сөздердің ішіндегі ерекше ауызға түсетіні Қарақыпшақ Қобыланды батырдың ұрпағы «Түйе балуан». Көргендер ол туралы шошына сөйлейді:

-          Білектері адамның санындай, саусақтары білектей, саны кеудедей,

кеудесі кигіз үйдей, құлағы тебінгідей, басы қазандай, аузы жырта қарыс, ерні екі кесек ет, түксиген қабағына біткен қалың қас желкілдеп кішкене көзін жауып тұр, бойының тұрқы — нар түйедей, сөйлеген сөзі арыстанның гүрілі сияқты. Мойны бұрылмайды, қараған жаққа мойнымен қоса денесі де қозғалады, бір жегенде бір қойдың етін жүк көрмейді.

— Онымен кім күресер екен?—деседі жұрт.

— Әй, ешкім күреспесе, өлгісі келген біреу болмаса! – дейді екіншісі.

— Қап! — дейді біреулер өкініп, — бас балуанның бәйгісі түйе мен ат бастаған, құндыз бен жібек шапан қосқан жүз ірі қара деп еді, сол бәйгіні енді күрессіз алады - ау, сабаз деп шыр-пыр болды». Біз осыдан ас пен тойдағы балуан күресіне деген аса қызығушылықты айқын көреміз.

            ... Бірде Абылай хан үш жүздің балуандар жарысын ұйымдастырады. Күрестің соңында екі жігіт бәрін жеңіп шығып, өзара жекпе-жекке қалады. Бірі – аты жер жарған кіші жүздің «Түйе балуаны», екіншісі – жас балуан жанұзақ. «Түйе балуан» туралы халық арасында:

                        Майданға балуан келді түйе мінген,

                   Аяғы сүйретіліп жерге тиген.

                   Өзінен басқа адамды менсінбейді,

                   Орны жоқ жауырыны жерге тиген, - деген өлең жолдары сақталған. Осы өлеңнен балуандарды түйеге де мінгізіп әкелгендігін, балуандардың бойларының ұзын, салмақтарының ауыр болғандығын және әр ру, ауыл сайысқа өз балуандарын аса салтанатпен әкелгендігін байқаймыз.

            Қарсыласының үрейін ұшырып қорқыту мақсатында «түйе балуан», «өгіз балуан» атанған балуандарды кілем шетіне шынжырлап ұстайтын болған. Күжірейген дәу перілер аузынан көбік шашып, жер тарпып, аруақ шақырып, ақырып бақталасының мысын басуға тырысқан.

                        «...Балуаны келіпті бәйге атымен,

                    Біздің жаққа белгілі айбатымен.

                   Балуанын шынжырлап әкеліпті,

                   Бар Қытайға белгілі қайратымен », -деген өлең Көктұмарда  Сүлеймен болысқа берілген аста қытай балуанына қаратып айтылған екен.

            Қажымұқан балуанды Қызыл жыраудың (шын аты Мырзабек Байжанұлы) елге таныстыруынан үзінді:

                    «...Мына отырған балуан,

                    Өнері бар алуан,

                    Небір дәумен айқасқан,»

                    Күш сынасып байқасқан,

                    Бәрін де жеңген бұл қасқаң,

                    Белдесуге талайдың

                    Дауаламай жүрегі

Қаймығып бас шайқасқан.

Атан түйе тарта алмай

Шөге қалған бақырып.

Шойын жолды кәдімгі

Белдік қылған жапырып,

Орыс, шүршіт талайы,

Күреске салған шақырып,

Бәрін де жер қаптырған

Басынан допша асырып».

Балуандар белдесуін хабарлау туралы деректерді келтіре отырып біз халық арасында дәстүрдің бұрыннан бар екендігін және кең тарағандығын көреміз. Мұның өзі – халықтың өнерді құрметтеп дәріптейтіндігі деп түсінеміз.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу: