6 Маусым 2013, 04:46
ІІІ Терапевтер съезі мен V ҚР Кардиологтар конгресі жұмысының аясындағы баспасөз мәслихаты кезінде Түрік кардиологтар қоғамының экс-президенті Эрген Оқтай қызықты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Түркияда адамдардың жүрек-тамыры ауруынан көз жұмуы көп кездеседі. Соңғы 10 жылда адам өлімінің 50%-ы осыдан болған. 2012 жылғы мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш 10%-ға төмендеді. Соңғы 10 жылда біз жүрек-тамыр ауруларын емдеуге көп көңіл бөлдік. Оның алдын алу мақсатында Түркияда жабық ғиамарат ішінде темекі шегуге тыйым салынды», – деді Э.Оқтай.
Оның айтуынша, жүрек-тамыр жүйесі ауруын тоқтату үшін көп күш жұмсау қажет.
«Аурудың осы түрінен көз жұму көрсеткішінің күрт төмендеуі емес, аурудың төмендеу қарқынын бақылау маңызды. Осы жағдай ұзақ мерзім бойы жалғасуы керек», – деді Э.Оқтай.