ҚР Президенті ұлттық тарих мәселелерімен талайдан және нақтылай айналысуда – М.Тәжин

5 Маусым 2013, 16:20

Ұлттық тарих мәселелерімен талайдан және нақтылай айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин осындай пікірін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісін Мемлекет басшысы 1999 жылы «Тарих ағымында» атты кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлады. Бағдарлама жүзеге асырылғанжеті жыл ішінде, 2004-2011 жылдар аралығында, Қазақстанның тарихы, археологиясы және этнографиясы туралы 26 арнайы зерттеу жүргізілді. Бірақ мұның барлығы тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған үлкен жұмыстың бастауы. «Бүгінде, қалыптасқан мемлекет деңгейінде, біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды зерделеп, бүтіндей ұлттық тарихи бейнені жасауымыз қажет», – деді М.Тәжин.  

Ұлттық тарих мәселелерімен талайдан және нақтылай айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин осындай пікірін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісін Мемлекет басшысы 1999 жылы «Тарих ағымында» атты кітабында баяндады. 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлады.

Бағдарлама жүзеге асырылғанжеті жыл ішінде, 2004-2011 жылдар аралығында, Қазақстанның тарихы, археологиясы және этнографиясы туралы 26 арнайы зерттеу жүргізілді. Бірақ мұның барлығы тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған үлкен жұмыстың бастауы.

«Бүгінде, қалыптасқан мемлекет деңгейінде, біз заманауи ғылым биігінен өз тарихымызды зерделеп, бүтіндей ұлттық тарихи бейнені жасауымыз қажет», – деді М.Тәжин.

 

Бөлісу: