Ұлттық тарихты білмесе, білікті инженер де дайындай алмаймыз. Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Оның пайымдауынша, кез келген мемлекеттік жоғары оқу орындарында тарих пәнін оқытатын мамандандырылған кафедра міндетті түрде жұмыс істеуі керек.
«Кез келген мемлекеттік жоғары оқу орнында тарих кафедрасы болуы керек. Әрине, бұл мәселе бірден шешілмейді. Бірақ, министрлікпен ақылдаса отырып, алдағы бір жарым, екі жылда орындайтын міндеттеріміздің бірі - осы», - дей келе Мемлекеттік хатшы ғылыми салалық кеңестердің жұмысына тоқталды.
«Салалық кеңестердің жұмыстарын жандандыру керек. Тек гуманитарлық, тарихи оқу орындарында емес, техникалық бағыттағы білім беру мемелерінде де тарих пәні мықтап оқытылуы керек. Ұлттық тарихты білмесе, білікті инженер де дайындай алмаймыз», - деді М.Тәжин.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ