М.Тәжин: Қоғам ұлттық тарихты зерделеу мәселелерінен тыс қалмауы тиіс

5 Маусым 2013, 13:35

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қоғам ұлттық тарих мәселелерінен тыс қалмауы тиіс екендігін атап көрсетті, деп  хабарлайды Bnews.kz тілшісі. «Ұлттық тарих мәселелері бойынша қоғамдық дискуссия үшін ғылыми тұғырнама құруымыз қажет. Бұл белгілі бір орта ғана айналысатын мәселе емес, бұл қоғамдық дискуссия алаңы. Осыған байланысты ұлттық тарих мәселелері бойынша телевидение, радио, басылымдар мен интернетте бірнеше платформа құрылуы тиіс», - деді Мемлекеттік хатшы. Оның айтуынша, қоғам ұлттық тарихты зерделеу мәселелерінен тыс қалмауы тиіс. «Біз қоғамды белсенді қатысуға шақырамыз. Мемлекеттік органдарға да тиісті міндеттер жүктеледі», - деп атап көрсетті Марат Тәжин.

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қоғам ұлттық тарих мәселелерінен тыс қалмауы тиіс екендігін атап көрсетті, деп  хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Ұлттық тарих мәселелері бойынша қоғамдық дискуссия үшін ғылыми тұғырнама құруымыз қажет. Бұл белгілі бір орта ғана айналысатын мәселе емес, бұл қоғамдық дискуссия алаңы. Осыған байланысты ұлттық тарих мәселелері бойынша телевидение, радио, басылымдар мен интернетте бірнеше платформа құрылуы тиіс», - деді Мемлекеттік хатшы.

Оның айтуынша, қоғам ұлттық тарихты зерделеу мәселелерінен тыс қалмауы тиіс. «Біз қоғамды белсенді қатысуға шақырамыз. Мемлекеттік органдарға да тиісті міндеттер жүктеледі», - деп атап көрсетті Марат Тәжин.

Бөлісу: