5 Маусым 2013, 11:15
Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасының тарихына арналған веб-портал құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының тарихы туралы арнайы веб-портал құруды тапсырамын. Кез келген адам осы портал арқылы тарих оқулықтарын, тарихи кітаптарды түрлі сандық форматта тегін ала алатын болсын», - деген Мемлекеттік хатшы бұл міндетті Ақпарат министрлігіне тапсырды.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бұл портал «интернеттегі қазақстандық сегменттің үлкен құрамдасына айналуы керек».