BAQ.kz сайтында өтетін «Бұрымды қыз» байқауына қатысыңыз

5 Маусым 2013, 10:24

Құрметті оқырман! Baq.kz ақпараттық порталы «Бұрымды қыз» фотобайқауының басталғандығын хабарлайды. Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін, – деп дана Абай жырлағандай, қазақ қыздарының бұрым қою салты ұлтымыздың ежелден келе жатқан кереметтей құндылықтарының бірі. Ал, осынау дәстүрді бұзбай, бұрымын беліне түсірген қаракөздеріміз қазірдің өзінде аз емес. Осы орайда, Baq.kz порталы дәл осындай көрікті қазақтың қыздары үшін байқау жариялап отыр. Талабымыз көп емес, тек шашыңыз ұзын және қолыңызда фотоаппаратыңыз болса жетіп жатыр. Жасыңыздың 16 мен 35 аралығында болуы да шарт. Өрілген бұрымыңызды және шашыңызды жайып (шашыңыздың шынайы екендігіне көз жеткізуіміз үшін), бірнеше фотосуретке түсіп, Baq.kz порталының электронды поштасына салып жіберіңіз. Ең көрікті бұрымды қызды дауыс беру арқылы оқырмандарымыздың өздері таңдамақ. Байқауымыз 30 тамызға дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығында өз бағыңызды сынып, құнды сыйлық ұтып алатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ, бұл шара жайында достарыңызды да әлеуметтік желілер арқылы хабардар еткеніңіз жөн. Өйткені, ең көп дауыс жинаған он арудың арасынан жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Ендеше, іске сәт! Байқау басталды. Сіздерден сурет күтеміз.  

Құрметті оқырман! Baq.kz ақпараттық порталы «Бұрымды қыз» фотобайқауының басталғандығын хабарлайды.

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін, – деп дана Абай жырлағандай, қазақ қыздарының бұрым қою салты ұлтымыздың ежелден келе жатқан кереметтей құндылықтарының бірі. Ал, осынау дәстүрді бұзбай, бұрымын беліне түсірген қаракөздеріміз қазірдің өзінде аз емес.

Осы орайда, Baq.kz порталы дәл осындай көрікті қазақтың қыздары үшін байқау жариялап отыр. Талабымыз көп емес, тек шашыңыз ұзын және қолыңызда фотоаппаратыңыз болса жетіп жатыр. Жасыңыздың 16 мен 35 аралығында болуы да шарт.

Өрілген бұрымыңызды және шашыңызды жайып (шашыңыздың шынайы екендігіне көз жеткізуіміз үшін), бірнеше фотосуретке түсіп, Baq.kz порталының электронды поштасына салып жіберіңіз. Ең көрікті бұрымды қызды дауыс беру арқылы оқырмандарымыздың өздері таңдамақ.

Байқауымыз 30 тамызға дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығында өз бағыңызды сынып, құнды сыйлық ұтып алатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сондай-ақ, бұл шара жайында достарыңызды да әлеуметтік желілер арқылы хабардар еткеніңіз жөн. Өйткені, ең көп дауыс жинаған он арудың арасынан жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Ендеше, іске сәт! Байқау басталды. Сіздерден сурет күтеміз.

 

Бөлісу: