5 Маусым 2013, 05:46
АҚШ-тың ең ірі қаласы Нью-Йорк көшелерінде ондаған пианино пайда болды. Енді бұл аспаптарда кез келген адам ойнай алады.
Осылайша «ешқашан ұйықтамайтын шаһар» тұрғындары 2008 жылдан бері Лондон, Сидней және планетамыздың өзге де мегаполистерінде өткізілетін акцияны қолдаған екен. Оның мақсаты - халықты өнер мен музыкаға тарту.
Қалалық билік өкілдерінің мәлімдеуінше, Нью-Йоркте барлығы 88 пианино қойылған. Әрбір аспаптың жанында қараушы бар. Ол күн сайын пианиноның тазалығын қадағалап, шаңын сүртіп тұрады.
Baq.kz