5 Маусым 2013, 04:23
Елордадағы ғасырға жуық тарихы бар №4 Жамбыл атындағы қазақ мектеп-гимназиясы білім ұяларының көш басында тұрған бірегейі деуге болады. Бір кездері Ақмола қаласындағы жалғыз қазақ мектебі болғанын да осы арада еске сала кетсек дейміз. Астана бой көтергеннен кейінгі жерде қазақ мектебінің саны қарлығаш балапанындай жыл санап өскені белгілі.
Осы аталмыш мектепте білімнің тиянақты берілетініне бір дәйек ке묬тіре кетсек дейміз. Белгілі фототілші, әріптесіміз Шү¬кірәлі Шахайдың үш баласы бұл білім ұясын «Ал¬тын белгімен» бітіріп отыр. Алдыңғы баланың жі¬бі түзу болса, артқы іні-қарындастары соған қарап, үлгі-өнеге алатынын, бой түзейтінін осы деректен аңғару қиын емес. Күні кеше болған Ұлттық бірыңғай тестте 11-сынып оқушысы Динар Шүкірәліқызы 115 балл жинап, «Алтын белгіні» қорғап шықты. Осындай жетістікке 2008 жылы әпкесі Іңкәр қол жеткізсе, 2009 жылы ағасы Ерлан жүзден жүйрік деп танылып, білім жарысының мәресінен көрінген еді. Білімдіге жол ашық деген осы шығар. Сөйтіп, үш алтындай ұл мен қыз «Алтын белгі» алып, абырой биігінен табылды.
Baq.kz