5 Маусым 2013, 04:08
Қарапайым йод кішігірім жараларды емдеп қана қоймай, әртүрлі психологиялық ауруларды, есірткіге және алкогольге тәуелділерді, шизофрения, С гепатитіне дертіне шалдыққандарды да емдейді екен.
Қазақстандық ғалымдар осындай қорытындыны шығарды, деп хабарлайды «Мегаполис».
Қазақстанның Гастоэнтерологтары қауымдастығының президенті Елдос Изатуллаұлының айтуынша, өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап йодтың тітіркендіретін қасиетін жоюға әрекет жасалған. Йодты майға байлауға талпынған. Осылайша ол қауіпсіз күйге келтірілген, алайда препараттағы йодтың мөлшерін реттеу қиынға соқты. Қазақстандық ғалымдар йодты майға емес полисахаридке байлаған. Осының арқасында ол шырышты қабатты тітіркендірмеген және оның мөлшерін реттеп отыруға боалды», - дейді қауымдастық президенті.
Отандық зерттеушілердің жаңалығына шетелдік мамандар қызығушылық танытып отыр. Қазақстандық препаратты алдағы уақытта АҚШ-та зерттеу туралы меморандумға қол қойылды.
Baq.kz