4 Маусым 2013, 10:13
Кеше өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы кезінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған үш оқушы сынақтан қуылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, сынақ кезінде 550 ұялы телефон, 1749 шпаргалка, 21 калькулятор, 4 фотоаппарат пен 2 рация алынған. ҰБТ тапсырғандардың орташа балы -75,5, 2012 жылыф бұл көрсеткіш -71,3 балл болған.
Алғашқы сынақ күні ең жоғары көрсеткіш -124 баллды Тараз қаласынан Назира Балташева мен Алматы қаласынан Алтынай Орынбаева алды. 6368 оқушы ҰБТ ең төменгі деңгейін де бағындыра алмапты.
Baq.kz