«Қазақстан барысы» Астана күні мерекесі аясында ең даңқты спорттық оқиға болмақ

4 Маусым 2013, 04:20

  Қазақ жерінің қашанда ержүрек батырлары, даңқты балуандары арқылы аты шыққан. Нағыз батырға, мықты балуанға тән бұла күш, асқан батылдық пен ерекше ептілік қазақтың ұлттық ойындарында көрініс тапқан. Сондай ұлттық өнеріміздің бірі – қазақ күресі де еліміздің тарихымен біте қайнасқан және өр рухты қалыптастыруда ереше маңызға ие болған. Бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуы арқылы қазақ күресі елімізде ғана емес шетелде де кеңінен танымал.   Елімізде үшінші жыл қатарынан Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өткізіліп келеді. Және бұл ерекше жобаның танымалдылығы жыл санап артуда. «Қазақстан Барысы» атағын иелену қазақстандық спортшылар үшін Олимпида чемпионы атанумен бірдей. Төрт кезеңнен тұратын айтулы жобаға 100 мыңнан астам балуандар қатысады. Ақтық сынға 9 мыңнан астам жанкүйер жиналып, 2 миллионнан астам көрермен тікелей эфирден тамашалайды. «Қазақстан Барысы» жобасы өз бойына қазақ халқының ұлттық дәстүрін, ерекше нақышын жинақтаған. Биылғы жылғы турнир Елордамыздың 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралардың қатарында ұйымдастырылмақшы. Тікелей эфирде қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де қазақ елінің алыптарының айқасының куәсі болмақ. Бүгінгі таңда, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ТМД мен Балтық елдеріне таралатын халықаралық «Боец» телеарнасымен турнирді тікелей эфирде таратуға келісім-шартқа қол қойды. Спортсүйер қауымды Қазақстанның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан ең үздік балуандарының тартысты белдесулері күтеді. Әр облыстан, республикалық деңгейдегі екі қаладан іріктелініп алынған 32 балуан және 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» – «Тараз Арланы» Бейбіт Ыстыбаев ғаламат финалда бас қосып, бақтарын сынап. чемпиондық атақтың, «Тайтұяқ» алтынның, автокөлік пен 150 мың доллардың иегерін анықтайтын болады. Турнир Астана күні мерекесіне арналған спорттық іс-шаралардың қатарындағы ең жарқыны болмақшы.  astana.kz    

 

Қазақ жерінің қашанда ержүрек батырлары, даңқты балуандары арқылы аты шыққан. Нағыз батырға, мықты балуанға тән бұла күш, асқан батылдық пен ерекше ептілік қазақтың ұлттық ойындарында көрініс тапқан. Сондай ұлттық өнеріміздің бірі – қазақ күресі де еліміздің тарихымен біте қайнасқан және өр рухты қалыптастыруда ереше маңызға ие болған. Бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуы арқылы қазақ күресі елімізде ғана емес шетелде де кеңінен танымал.

 

Елімізде үшінші жыл қатарынан Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өткізіліп келеді. Және бұл ерекше жобаның танымалдылығы жыл санап артуда. «Қазақстан Барысы» атағын иелену қазақстандық спортшылар үшін Олимпида чемпионы атанумен бірдей. Төрт кезеңнен тұратын айтулы жобаға 100 мыңнан астам балуандар қатысады. Ақтық сынға 9 мыңнан астам жанкүйер жиналып, 2 миллионнан астам көрермен тікелей эфирден тамашалайды. «Қазақстан Барысы» жобасы өз бойына қазақ халқының ұлттық дәстүрін, ерекше нақышын жинақтаған. Биылғы жылғы турнир Елордамыздың 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралардың қатарында ұйымдастырылмақшы. Тікелей эфирде қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де қазақ елінің алыптарының айқасының куәсі болмақ. Бүгінгі таңда, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ТМД мен Балтық елдеріне таралатын халықаралық «Боец» телеарнасымен турнирді тікелей эфирде таратуға келісім-шартқа қол қойды.

Спортсүйер қауымды Қазақстанның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан ең үздік балуандарының тартысты белдесулері күтеді. Әр облыстан, республикалық деңгейдегі екі қаладан іріктелініп алынған 32 балуан және 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» – «Тараз Арланы» Бейбіт Ыстыбаев ғаламат финалда бас қосып, бақтарын сынап. чемпиондық атақтың, «Тайтұяқ» алтынның, автокөлік пен 150 мың доллардың иегерін анықтайтын болады.

Турнир Астана күні мерекесіне арналған спорттық іс-шаралардың қатарындағы ең жарқыны болмақшы. 

astana.kz

 

 

Бөлісу: