Мектеп оқушысы қайтыс болған досының рухына арнап, өз қаржысына жарыс өткізді

4 Маусым 2013, 03:34

БҚО Зеленов ауданы, Көшім орта мектебінде оқу­­шылар арасында самбодан ашық турнир өтті. Бұл тур­нирдің ерекшелігі сол - оны 7-інші сынып оқушысы Дидар Еремин  ұйымдастырды. Дидардың жан досы Көшім мектебінің оқушысы Сергей Шә­кімов өткен жылдың жел­тоқсан айында шала қатқан мұз үстін­де сырғанақ теуіп жүріп, суға кеткен болатын. Со­дан Сергеймен бір залда жат­тығып, ажырамас дос болып кеткен Дидар досының рухына бағыштап жарыс өткізуді ой­лады. Жастайынан жетімдік тау­қыметін тартып өскен ол, еске алу турнирін өткізу жө­нін­дегі ұсынысын жаттықтырушысы­на айтып, өзінің жәрдемақысынан 30 мың теңге берген. Балғын спорт­шының бұл бастамасына ай­рықша риза болған ұстазы Руслан Есенғалиев ұйымдастыру шараларына бел шеше кірісіп, жарысты ойдағыдай өткізді. Турнирге қатысқан Орал қаласы мен аудандарынан келген 7 команда боз кілем төрінде тама­ша өнер көрсетті. Бақилық болған досының құрметіне ашық турнир ұйымдастырып, жасөспі­рімдер арасында спорттың дамуына елеулі үлес қосқан қаршадай Дидар бұл ісімен көпке өнеге көрсетті.   ҚазАқпарат.

БҚО Зеленов ауданы, Көшім орта мектебінде оқу­­шылар арасында самбодан ашық турнир өтті. Бұл тур­нирдің ерекшелігі сол - оны 7-інші сынып оқушысы Дидар Еремин  ұйымдастырды.

Дидардың жан досы Көшім мектебінің оқушысы Сергей Шә­кімов өткен жылдың жел­тоқсан айында шала қатқан мұз үстін­де сырғанақ теуіп жүріп, суға кеткен болатын. Со­дан Сергеймен бір залда жат­тығып, ажырамас дос болып кеткен Дидар досының рухына бағыштап жарыс өткізуді ой­лады. Жастайынан жетімдік тау­қыметін тартып өскен ол, еске алу турнирін өткізу жө­нін­дегі ұсынысын жаттықтырушысы­на айтып, өзінің жәрдемақысынан 30 мың теңге берген. Балғын спорт­шының бұл бастамасына ай­рықша риза болған ұстазы Руслан Есенғалиев ұйымдастыру шараларына бел шеше кірісіп, жарысты ойдағыдай өткізді. Турнирге қатысқан Орал қаласы мен аудандарынан келген 7 команда боз кілем төрінде тама­ша өнер көрсетті.

Бақилық болған досының құрметіне ашық турнир ұйымдастырып, жасөспі­рімдер арасында спорттың дамуына елеулі үлес қосқан қаршадай Дидар бұл ісімен көпке өнеге көрсетті.  

ҚазАқпарат.

Бөлісу: