Астанада 5-8 маусымда «Беларусь ЭКСПО-2013» көрмесі өтеді

3 Маусым 2013, 03:46

Елордада биылғы 5-8 маусым аралығында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесі өтеді. Көрме барысында Беларусь экономикасының әлеуеті кешенді түрде таныстырылып, озық ғылыми жұмыстар мен өнімдер паш етілмек. Бұл туралы Белоруссияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Көрмеге 200-ге жуық жетекші белоруссиялық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады деп жоспарланған. Астанаға 4-6 маусым аралығында көрменің шараларына қатысу үшін Беларусь Республикасының премьер-министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Белоруссия-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы белоруссиялық бөлігінің төрағасы М.И.Русым бастаған делегация ат басын тірейді. Сондай-ақ делегация құрамында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс министрліктері басшылығының, «Белнефтехим» концернінің, Ғылым және технология бойынша мемлекеттік комитеттің, Минск және Гродненск облыстық атқару комитеттерінің өкілдері бар. ҚазАқпарат.

Елордада биылғы 5-8 маусым аралығында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесі өтеді.

Көрме барысында Беларусь экономикасының әлеуеті кешенді түрде таныстырылып, озық ғылыми жұмыстар мен өнімдер паш етілмек.

Бұл туралы Белоруссияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрмеге 200-ге жуық жетекші белоруссиялық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады деп жоспарланған.

Астанаға 4-6 маусым аралығында көрменің шараларына қатысу үшін Беларусь Республикасының премьер-министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Белоруссия-Қазақстан үкіметаралық комиссиясы белоруссиялық бөлігінің төрағасы М.И.Русым бастаған делегация ат басын тірейді. Сондай-ақ делегация құрамында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс министрліктері басшылығының, «Белнефтехим» концернінің, Ғылым және технология бойынша мемлекеттік комитеттің, Минск және Гродненск облыстық атқару комитеттерінің өкілдері бар.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: