Шығыс Қазақстанда «сақ ханшайымының» қабірі табылды

31 Мамыр 2013, 09:01

Павлодарлық археологтар Шығыс Қазақстан облысында «сақ ханшайымының» қабірін тапты. Ерекше мола ШҚО Үржар ауданында қалпына келтірілген Таскескен-Бақты жолының маңында орналасқан. Белгілі адамдар қатарынан шыққан жас әйелдің сүйек қалдықтары 1,7 м тереңдікте көлемді плиталардың астынан тас саркофагта қорған үйіндісінен табылды. Қазба жұмыстарына қатысқан Павлодар пединститутының студенттері мен оқытушылары бұл жаңалықты даңғаза деп отыр. «Зооморфты ою-өрнектер салынған ұшы үшкір алтын бас киәім аса құнды зат. Бұйымның ұшы жебе тәріздес, алтын шиыршықтармен және салпыншақтармен әшекейленген. Формасы мен ою-өрнектеріне қарағанда табылған олжа сәукеле мен бөрікке ұқсайды», - деді жұма күні экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов. «Осындай бас киімдер сақ көсемдерінің мерекелік киімінің бір бөлігі болған. Жерленген әйел тиграхауда сақтарының тайпаларының бірі нің көсемі сақ патшасының қызы болуы мүмкін», - деді ол. Сонымен қатар, моладан ағаш және керамикалық ыдыстар мен құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйектері табылды. Археологтар атап кеткен «Үржар ханшайымы» б.з.д. IV-III ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасалуда. Еске сала кетейік, Қазақстандағы ұқсас тағы да бір археологиялық олжа – «Алтын адам» – 1969 жылы Алматыдан 50 км жерде Есік қорғанын қазу жұмыстары барысында табылды. ҚазТАГ

Павлодарлық археологтар Шығыс Қазақстан облысында «сақ ханшайымының» қабірін тапты. Ерекше мола ШҚО Үржар ауданында қалпына келтірілген Таскескен-Бақты жолының маңында орналасқан. Белгілі адамдар қатарынан шыққан жас әйелдің сүйек қалдықтары 1,7 м тереңдікте көлемді плиталардың астынан тас саркофагта қорған үйіндісінен табылды.
Қазба жұмыстарына қатысқан Павлодар пединститутының студенттері мен оқытушылары бұл жаңалықты даңғаза деп отыр.

«Зооморфты ою-өрнектер салынған ұшы үшкір алтын бас киәім аса құнды зат. Бұйымның ұшы жебе тәріздес, алтын шиыршықтармен және салпыншақтармен әшекейленген. Формасы мен ою-өрнектеріне қарағанда табылған олжа сәукеле мен бөрікке ұқсайды», - деді жұма күні экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов.

«Осындай бас киімдер сақ көсемдерінің мерекелік киімінің бір бөлігі болған. Жерленген әйел тиграхауда сақтарының тайпаларының бірі нің көсемі сақ патшасының қызы болуы мүмкін», - деді ол.

Сонымен қатар, моладан ағаш және керамикалық ыдыстар мен құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйектері табылды. Археологтар атап кеткен «Үржар ханшайымы» б.з.д. IV-III ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасалуда.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы ұқсас тағы да бір археологиялық олжа – «Алтын адам» – 1969 жылы Алматыдан 50 км жерде Есік қорғанын қазу жұмыстары барысында табылды.

ҚазТАГ

Бөлісу: