Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер

29 Мамыр 2013, 20:26

1854 жылдың көктемінде кейіннен Верный болып өзгертілген Іле бекінісінің құрылысы басталған еді. Бекініс төңірегінде орналасқан казак станицаларында алғашқы өндіріс орындары жандана бастады. 1857 жылы Татар слабодкасына жақынырақ жерлерде сумен қосылған диірмен іске қосылса, ал бір жылдан соң Жетісуда кейіннен ірі кәсіпкер болатын көпес Кузнецов сыра зауытын ашты. 1867 жылдың 11 сәуірінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енген, кейіннен Жетісу облысының саяси және әкімшілік орталығына айналатын бекініс Верный қаласы болып өзгертілді. Мұрағат құжаттары дәлел болатын деректерге сүйенсек 1879 жылы қалада 3825 құрылыс орындары салынбақшы болатын, соның ішінде 1613-і күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылды. Верныйда үйлер мен ғимараттарды тек тастан немесе кірпіштен тұрғызуға рұхсат етілді. Алайда қала маңындағы ормандарды қиу бұрынғысынан да көбейіп кетуінен қала басшылары бақылаусыз ормандарды қиуға және ағаш үйлерді тұрғызуға тыйым салуға мәжбүр болды. Тау шатқалдарындағы орман сілемдерін күзету үшін әскери қарауылдар қойылды. Кардон шатқалында басты кардон-қарауылы орнықты, Бутаковка, Лебединское, Каменское, Комиссаровское Ремизовское команда жүзбасшыларына арналып қазыналық құрылыстар тұрғызу үшін Бутаковкада орманды өңдеу жүргізілді, шатқалдар жауыңгер-қарауылшылардың фамилияларымен аталып бұл атаулар осы кезге дейін сақталынып қалған. 1871 жылдың 17 қарашасында Верныйда ірі кәсіпкерлер мен көпестерден сайланған жергілікті басқару органдары – қалалық дума және басшылық қызмет ете бастады. Дума және басшылық сауданың дамуына – базар сауда орындарының салыну құрылысына көбірек мән берді, бірақ оларда қаланы көркейтуге, білім және деңсаулықсақтауды дамытуға қаражат жетпеді. 1887 жылдың 28 мамырында қала стихиялы апатқа ұшырады. Күші жоғары жел сілкінісінен кірпіштен және тастан тұрғызылған ғимараттар бұзылды, ағаштан салынған құрылыстар қирап қалды. Верныйда жер сілкінісінен кейін тастан үй салуға тыйым салынды, өйткені апат кезінде өмірге қауіп туғызады деп есептелінді. 1907 жылға қарай 2138 құрылыс салынды, оның ішінде 8-і ғана тастан, ал 2130-ы ағаштан тұрғызылды. Салынған құрылыстардың біреуі Гостинодворская алаңының ортасында (қазіргі көшелерде Пушкин, Мақатаев, Зенков, Жібек жолы қиылыстарында орналасқан) – жер сілкінісінен қаза болғандарға ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта бұл ауданда Орталық сауда орны орналасқан. Гостинодворская алаңын көпес Пугасов, Шевагин, Харин, Малышев, Михайлов және басқалардың зәулім үйлері қоршап тұрды. Үлкен казармалық алаң қазіргі Қабанбай батыр, Абылай хан, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алаңның ортасында әскери собор тұрды. Штабная көшесінің төменгі жағынан (қазіргі – Гоголь) казармалар созылып жатты. Әскери бөлімдер қаланың орталығында орныққан еді. Шіркеулер әр-қайсысы өз алаңында: Троицк шіркеуі (Қабанбай батыр, Ш Уәлиханов, Пушкин көшелерінің аралығында), Покровский (Амангелді саябағында), Негізгі собор Пушкин бағында, Никольск шіркеуі Үлкен Алматы станциясының аумағында орналасқан. Тағы бір кішігірім шіркеу архиерей үйінің алаңында (қазіргі Зенков және Қазыбек би көшелерінің қиылысында) болды. Бұл ғимарат қазіргі кезге дейін сақталынбаған. 1913 жылы Верныйда 55 жату орны бар бір ғана аурухана болды. Мұнда 10 дәрігер, 10 фельдшер және 3 тіс дәрігері жұмыс істеді. Қалада ымырт түскен сайын көшелер қараңғылай түсетін. Көшелерді жарықтандыру мәселесі көп жылдар бойы қалалық думада талқыланатын. 1915 жылы ұзақ талқылаулардан кейін дума мынандай шешімге келді: «Көшені жарықтандыруға қаражат бөлінбесін, себебі қаланың азаматтары кешке үйде отырулары тиіс».

1854 жылдың көктемінде кейіннен Верный болып өзгертілген Іле бекінісінің құрылысы басталған еді. Бекініс төңірегінде орналасқан казак станицаларында алғашқы өндіріс орындары жандана бастады. 1857 жылы Татар слабодкасына жақынырақ жерлерде сумен қосылған диірмен іске қосылса, ал бір жылдан соң Жетісуда кейіннен ірі кәсіпкер болатын көпес Кузнецов сыра зауытын ашты.

1867 жылдың 11 сәуірінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енген, кейіннен Жетісу облысының саяси және әкімшілік орталығына айналатын бекініс Верный қаласы болып өзгертілді.

Мұрағат құжаттары дәлел болатын деректерге сүйенсек 1879 жылы қалада 3825 құрылыс орындары салынбақшы болатын, соның ішінде 1613-і күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылды. Верныйда үйлер мен ғимараттарды тек тастан немесе кірпіштен тұрғызуға рұхсат етілді. Алайда қала маңындағы ормандарды қиу бұрынғысынан да көбейіп кетуінен қала басшылары бақылаусыз ормандарды қиуға және ағаш үйлерді тұрғызуға тыйым салуға мәжбүр болды. Тау шатқалдарындағы орман сілемдерін күзету үшін әскери қарауылдар қойылды.

Кардон шатқалында басты кардон-қарауылы орнықты, Бутаковка, Лебединское, Каменское, Комиссаровское Ремизовское команда жүзбасшыларына арналып қазыналық құрылыстар тұрғызу үшін Бутаковкада орманды өңдеу жүргізілді, шатқалдар жауыңгер-қарауылшылардың фамилияларымен аталып бұл атаулар осы кезге дейін сақталынып қалған.

1871 жылдың 17 қарашасында Верныйда ірі кәсіпкерлер мен көпестерден сайланған жергілікті басқару органдары – қалалық дума және басшылық қызмет ете бастады.

Дума және басшылық сауданың дамуына – базар сауда орындарының салыну құрылысына көбірек мән берді, бірақ оларда қаланы көркейтуге, білім және деңсаулықсақтауды дамытуға қаражат жетпеді.

1887 жылдың 28 мамырында қала стихиялы апатқа ұшырады. Күші жоғары жел сілкінісінен кірпіштен және тастан тұрғызылған ғимараттар бұзылды, ағаштан салынған құрылыстар қирап қалды. Верныйда жер сілкінісінен кейін тастан үй салуға тыйым салынды, өйткені апат кезінде өмірге қауіп туғызады деп есептелінді.

1907 жылға қарай 2138 құрылыс салынды, оның ішінде 8-і ғана тастан, ал 2130-ы ағаштан тұрғызылды.

Салынған құрылыстардың біреуі Гостинодворская алаңының ортасында (қазіргі көшелерде Пушкин, Мақатаев, Зенков, Жібек жолы қиылыстарында орналасқан) – жер сілкінісінен қаза болғандарға ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта бұл ауданда Орталық сауда орны орналасқан.

Гостинодворская алаңын көпес Пугасов, Шевагин, Харин, Малышев, Михайлов және басқалардың зәулім үйлері қоршап тұрды.

Үлкен казармалық алаң қазіргі Қабанбай батыр, Абылай хан, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алаңның ортасында әскери собор тұрды. Штабная көшесінің төменгі жағынан (қазіргі – Гоголь) казармалар созылып жатты.

Әскери бөлімдер қаланың орталығында орныққан еді. Шіркеулер әр-қайсысы өз алаңында: Троицк шіркеуі (Қабанбай батыр, Ш Уәлиханов, Пушкин көшелерінің аралығында), Покровский (Амангелді саябағында), Негізгі собор Пушкин бағында, Никольск шіркеуі Үлкен Алматы станциясының аумағында орналасқан. Тағы бір кішігірім шіркеу архиерей үйінің алаңында (қазіргі Зенков және Қазыбек би көшелерінің қиылысында) болды. Бұл ғимарат қазіргі кезге дейін сақталынбаған.

1913 жылы Верныйда 55 жату орны бар бір ғана аурухана болды. Мұнда 10 дәрігер, 10 фельдшер және 3 тіс дәрігері жұмыс істеді. Қалада ымырт түскен сайын көшелер қараңғылай түсетін. Көшелерді жарықтандыру мәселесі көп жылдар бойы қалалық думада талқыланатын. 1915 жылы ұзақ талқылаулардан кейін дума мынандай шешімге келді: «Көшені жарықтандыруға қаражат бөлінбесін, себебі қаланың азаматтары кешке үйде отырулары тиіс».

Бөлісу: