Алматы хайуанаттар бағының тарихынан

29 Мамыр 2013, 20:25

Біздің республикамызда хайуанаттар бақтарын ашу мәселесі жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан бастап талқылана бастады. Алматы хайуанаттар бағы қалай ұйымдастырылды? Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында хайуанаттар бағының бүкіл тарихынан мәліметтер беретін құжаттар сақтаулы. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1937 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында тез арада хайуанаттар бағын құру туралы шешім қабылдады. Ұйымдастыру мәселелері қалалық кеңеске, ал ғылыми жетекшілік Ғылым академиясының филиалына жүктелді. Алматы қалалық кеңесінің 19 ақпандағы шешімі бойынша хайуанаттар бағының құрылысы үшін Казачка өзенінің оң жағалауынан, жеміс бағының аумағынан, 26,6 гектар жер телімі бөлінді. Бөлінген жер өзінің орналасу жағдайына орай, алдағы қойылған мақсатқа аз шығынмен қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Алғашқы кезеңде 7 гектар жер игерілді. Барлық құрылыс нысандары уақытша типте салынды. Бұл бөлінген аудандағы хайуанаттар бағының құрылысы орындалғанға дейін пайдалануға жасалған шара болатын. Хайуанаттар бағының ашылуына орай жануарлардың шағын тобы топтастырылды. Маусым айында алғашқы жануарлар келіп түсті: елік, бір жұп қасқырлар, және Вася атты арқардың лағы. Жаздың екінші жартысында Үшаралдан суда жүзетін құстар партиясы, гиеналар, шибөрілер, тауыстар, тотықұстар әкелінді. Қазан айында Мәскеу хайуанаттар бағынан арыстандар, зубро-бизондар, ақ аюлар, солтүстік бұғылары мен жанаттар жеткізілді. 1937 жылдың қараша айының басында «7 қарашада хайуанаттар бағының ашылуы» деген хабарландырулар қала бойынша ілініп, таратылды. Сонымен, салтанатты күн де келіп жетті. Кіре берісте оркестр ойнап тұрды, қаланың барлық жауапты қызметкерлері жиналды, хайуанаттар бағын тамашалауға алғашқы көрермендер де келді. Бірақ, күндізгі сағат 12-де басталған қарлы боран, қала өміріндегі маңызды оқиғаны ұйымдастырушылардың жоспарын бұзып жіберді... Соған қарамастан, алматылықтардың хайуанаттар бағына деген қызығушылығы төмендеген жоқ. Тек қараша айының өзінде хайуанаттар бағын тамашалауға 3500-ден астам адам келді. 24 қараша күні хайуанаттар бағына алғашқы саяхат ұйымдастырылды. Зерттеу және ағарту жұмыстарын өткізу үшін хайуанаттар бағын жыл сайын толықтырып отыру қажет болды. Хайуанаттар бағына бағалы экзотикалық жануарларды сатып алу – оның тарихының бір парасы. Қытай аллигаторлары мен бенгал жолбарыстарын алматылықтар 1954 жылы көрді. Ірі ара тотықұстары 1957 жылы, адам тәріздес маймылдар мен ламалар 1961 жылы, бегемоттар 1962 жылы сатып алынды. Сейшель алып – тасбақалары 1967 жылы, қара пантера мен гепардтар 1970 жылы хайуанаттар бағынан орын алды. Ол өзінің 70 жылдық тарихында, 200-дей жан-жануардан тұратын шағын бақтан әлемдегі ең ірі хайуанаттар бағының біріне айналды. Мұнда жан-жануарлар, құстар мен бауырмен жорғалаушылардың 530-дан астам түрі бар. Алматы қаласы хайуанаттар бағы қызметінің тарихына қызығушылық танытушылар Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдарынан ақпарат алуына болады. Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының жоғары санатты мұрағатшысы Камал Махмұт

Біздің республикамызда хайуанаттар бақтарын ашу мәселесі жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан бастап талқылана бастады. Алматы хайуанаттар бағы қалай ұйымдастырылды?

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында хайуанаттар бағының бүкіл тарихынан мәліметтер беретін құжаттар сақтаулы.

Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1937 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында тез арада хайуанаттар бағын құру туралы шешім қабылдады. Ұйымдастыру мәселелері қалалық кеңеске, ал ғылыми жетекшілік Ғылым академиясының филиалына жүктелді.

Алматы қалалық кеңесінің 19 ақпандағы шешімі бойынша хайуанаттар бағының құрылысы үшін Казачка өзенінің оң жағалауынан, жеміс бағының аумағынан, 26,6 гектар жер телімі бөлінді. Бөлінген жер өзінің орналасу жағдайына орай, алдағы қойылған мақсатқа аз шығынмен қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Алғашқы кезеңде 7 гектар жер игерілді. Барлық құрылыс нысандары уақытша типте салынды. Бұл бөлінген аудандағы хайуанаттар бағының құрылысы орындалғанға дейін пайдалануға жасалған шара болатын. Хайуанаттар бағының ашылуына орай жануарлардың шағын тобы топтастырылды. Маусым айында алғашқы жануарлар келіп түсті: елік, бір жұп қасқырлар, және Вася атты арқардың лағы. Жаздың екінші жартысында Үшаралдан суда жүзетін құстар партиясы, гиеналар, шибөрілер, тауыстар, тотықұстар әкелінді. Қазан айында Мәскеу хайуанаттар бағынан арыстандар, зубро-бизондар, ақ аюлар, солтүстік бұғылары мен жанаттар жеткізілді.

1937 жылдың қараша айының басында «7 қарашада хайуанаттар бағының ашылуы» деген хабарландырулар қала бойынша ілініп, таратылды. Сонымен, салтанатты күн де келіп жетті. Кіре берісте оркестр ойнап тұрды, қаланың барлық жауапты қызметкерлері жиналды, хайуанаттар бағын тамашалауға алғашқы көрермендер де келді. Бірақ, күндізгі сағат 12-де басталған қарлы боран, қала өміріндегі маңызды оқиғаны ұйымдастырушылардың жоспарын бұзып жіберді...

Соған қарамастан, алматылықтардың хайуанаттар бағына деген қызығушылығы төмендеген жоқ. Тек қараша айының өзінде хайуанаттар бағын тамашалауға 3500-ден астам адам келді. 24 қараша күні хайуанаттар бағына алғашқы саяхат ұйымдастырылды.

Зерттеу және ағарту жұмыстарын өткізу үшін хайуанаттар бағын жыл сайын толықтырып отыру қажет болды. Хайуанаттар бағына бағалы экзотикалық жануарларды сатып алу – оның тарихының бір парасы. Қытай аллигаторлары мен бенгал жолбарыстарын алматылықтар 1954 жылы көрді. Ірі ара тотықұстары 1957 жылы, адам тәріздес маймылдар мен ламалар 1961 жылы, бегемоттар 1962 жылы сатып алынды. Сейшель алып – тасбақалары 1967 жылы, қара пантера мен гепардтар 1970 жылы хайуанаттар бағынан орын алды.

Ол өзінің 70 жылдық тарихында, 200-дей жан-жануардан тұратын шағын бақтан әлемдегі ең ірі хайуанаттар бағының біріне айналды. Мұнда жан-жануарлар, құстар мен бауырмен жорғалаушылардың 530-дан астам түрі бар.

Алматы қаласы хайуанаттар бағы қызметінің тарихына қызығушылық танытушылар Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдарынан ақпарат алуына болады.

Алматы қаласы Орталық
мемлекеттік мұрағатының
жоғары санатты мұрағатшысы
Камал Махмұт

Бөлісу: