29 Мамыр 2013, 20:14
Тылдағы ерен еңбектері үшін елу екі мың мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды, қырық сегіз адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының бес жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде үш-төрт қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы мың тоғыз жүз сексенінші жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада мың төрт жүз шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада үш жүз мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі мың тоғыз жүз алпыс сегіз жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. Мың тоғыз жүз сексен бірінші жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.