«Төкпе күй» және «Шертпе күй»

29 Мамыр 2013, 19:57

Әрине, осы аймақшылықтарын өз ерекшеліктері, яғни бір – бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық күшінің болуы, Дәулеткерей мектебі биязы, лирикаға әсемдікке жақын, оң қолдың қағыс шеңбері «тар» болады. Қазанғап өзінің саздылығымен, күйдегі ұзақтықтың (размер), қағысымен ерекшеленсе, Дина мектебінде де өзіндік ерекшелігі бар: өзгеріп кететін ырғағы, оң қолдың бес саусағының бірінен соң бірін кезектестіре ойнау, Маңғыстау мектебі сүйрете қағуы (триольді тез алуы), шалыс қағыс алынуы, күй тарту кезінде қағыстармен оң қолдың түрліше ойнату. Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол қолдарының аппликатурасы, сондай – ақ ол дәстүр күйлерін «текстсіз ән» деуге болады, Жетісу күйлерінде қағыс қағу, перне басу амалдары және саздық ерекшеліктері,эпикалық тұрғыдағы аңыз - әңгімеге лайық ежелгі күй сазын байқатады.  Қаратау мектебі шертпе және төкпе қағыстар аралас болып келсе, Алтай – Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау. Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алар. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір – аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер былай тұрсын, бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ғана  күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз»,  Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында бірісе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады. Сондай-ақ тағы бір дәлел бұл сөздер тек домбырамен тартылатың күйлердің ғана қадір – қасиетін анықтайды. «Төкпе » және «шертпе» деген атаулар қобыз, сыбызғы, сазсырнай, месқобыз сияқты аспаптарда күйлердің қасиетін анықтауға келмейді. Себебі, бұл аспаптар шертіп те, соғып та тартылмайды. Сол үшін тағы да сол Ақселеу Сейдімбектің пікіріне жүгінуімізге тура келеді. Ол  қазақ халқының дәстүрлі талғам - танымы бойынша күй атаулы өзінің саз-сарынына орай «қоңыр күй», «тік күй» және «бойлауық күй» үшке бөледі. Осы атаулардың әрбірі жеке күйдің саз-сарынын да анықтайды. Мысалы, қоңыр күйлер философиялық ойға құрылып, көбінесе өмірдің ойлы, мұңлы сәттерін толғайды. Сол арқылы тыңдаушыны сабырға шақырады немесе өмірдің мән- мағынасын зердеге ұялатады. Айталық Ықыластың «Қоңыр», Тәттімбеттің «Көкейкесті»,Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Жігер» сияқты күйлерін айтуға болады.

Әрине, осы аймақшылықтарын өз ерекшеліктері, яғни бір – бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық күшінің болуы, Дәулеткерей мектебі биязы, лирикаға әсемдікке жақын, оң қолдың қағыс шеңбері «тар» болады. Қазанғап өзінің саздылығымен, күйдегі ұзақтықтың (размер), қағысымен ерекшеленсе, Дина мектебінде де өзіндік ерекшелігі бар: өзгеріп кететін ырғағы, оң қолдың бес саусағының бірінен соң бірін кезектестіре ойнау, Маңғыстау мектебі сүйрете қағуы (триольді тез алуы), шалыс қағыс алынуы, күй тарту кезінде қағыстармен оң қолдың түрліше ойнату. Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол қолдарының аппликатурасы, сондай – ақ ол дәстүр күйлерін «текстсіз ән» деуге болады, Жетісу күйлерінде қағыс қағу, перне басу амалдары және саздық ерекшеліктері,эпикалық тұрғыдағы аңыз - әңгімеге лайық ежелгі күй сазын байқатады.  Қаратау мектебі шертпе және төкпе қағыстар аралас болып келсе, Алтай – Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау.

Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алар. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір – аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер былай тұрсын, бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ғана  күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз»,  Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында бірісе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады.

Сондай-ақ тағы бір дәлел бұл сөздер тек домбырамен тартылатың күйлердің ғана қадір – қасиетін анықтайды. «Төкпе » және «шертпе» деген атаулар қобыз, сыбызғы, сазсырнай, месқобыз сияқты аспаптарда күйлердің қасиетін анықтауға келмейді. Себебі, бұл аспаптар шертіп те, соғып та тартылмайды.

Сол үшін тағы да сол Ақселеу Сейдімбектің пікіріне жүгінуімізге тура келеді. Ол  қазақ халқының дәстүрлі талғам - танымы бойынша күй атаулы өзінің саз-сарынына орай «қоңыр күй», «тік күй» және «бойлауық күй» үшке бөледі. Осы атаулардың әрбірі жеке күйдің саз-сарынын да анықтайды. Мысалы, қоңыр күйлер философиялық ойға құрылып, көбінесе өмірдің ойлы, мұңлы сәттерін толғайды. Сол арқылы тыңдаушыны сабырға шақырады немесе өмірдің мән- мағынасын зердеге ұялатады. Айталық Ықыластың «Қоңыр», Тәттімбеттің «Көкейкесті»,Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Жігер» сияқты күйлерін айтуға болады.

Бөлісу: