29 Мамыр 2013, 11:58
Заман - бәрібір біздікі. Бостандыққа ұмтылған адамдар мен азаттыққаұмтылған халықтардікі, тәуелсіздікке ұмтылған мемлекеттердікі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Бабалар айтқандай, өлі риза болмай - тірі байымайтынын, ағаның назары жығылғаннан - інінің базары тасымайтындығын, алдыңғыныңынсапсыздығы - артқыны имансыз ететінін, үлкеннің жолын кескеннің
- көрінбей қаларын, кішінің жолын кескеннің - көмілмей қаларын бір сәт те естен шығармайтын түс қазіргідей өтпелі кезең, өліара кезең.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Атақты шатақпен де табуға болады ғой. Хал-қадірің жеткенше ешкімді жарылқап тастамасаң да, ешкімге қиянатың тимей өмір сүре алсаң, міне,сол ғанибет.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Азаттыққа үйрену - ең алдымен ынтымаққа үйрену.
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы
Әділет бар жерде - ынтымақ бар.
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы
Біз - тал шаңырақтың астында туып, тал бесікте жатқандардың соңымыз... Әлі күнге уызды сағынамыз... көре салып қуа жөнелер қозынысағынамыз... Енді тарих өз тағдырында жартылай патриархалдық тұрмыспен коммунистік үрдісті бірдей тоғыстырған біздей ұрпақты тумайды.
Тәуелсіздік туралы
Тәуекелсіз қауым - тәуелсіз бола алмайды, алауыз қауым - азат болаалмайды.
Тәуелсіздік туралы
Ел тілегі - бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі.
Тәуелсіздік туралы
Өліп-талып қолымыз зорға жетіп отырған тәуелсіздіктің қадірін білмейшолжаңдайтындай біздің қазақ құдіреті күшті құдайдың не туған құдасы, не қарын бөлесі емес.
Тәуелсіздік туралы
Әділдік бар жерде ғана елдік бар.
Тәуелсіздік туралы
Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік.
Тәуелсіздік туралы
Тәуелсіздіктің экономикалық, географиялық оптиумдарынан артықболмаса кем маңызға ие емес алғы шарты - демографиялық оптиум.
Тәуелсіздік туралы
Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемеңдігін құрметтеу - тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистікжауапкершілік.
Тәуелсіздік туралы
Президентке - қолпаш емес, қолдау керек.
Тәуелсіздік туралы
Кісілік деген - өнер емес, ғылым.
Ғылым-білім, өнер туралы
Өнердегі өнеге - күні-түні құлағыңды жеп, миынды ашытатын қытымыр ақылгөйлік емес.
Ғылым-білім, өнер туралы
Өнер тарихында тұсында жаппай дабыра туғызған шығармалардан тек талғампаз қауымның көңілінен шыға алған некен-саяқ шығармалар ғана өмірлі болған.
Ғылым-білім, өнер туралы
Бай мен кедейдің болатынын мойындауға қалай мәжбүр болсақ, екімәдениеттің де - «жалқыларға» арналған элиталық мәдениет пен«жалпыға» арналған бұқаралық мәдениет барына да көзіміз сондай жетебастады.
Байлық-кедейлік туралы
Арлы адам - ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін - өкінішті болуы мүмкін емес.
Ар-намыс, ұят туралы
Адамның өзі - құндаққа сиғанымен, қалыпқа үйренгенімен, арының -тар қалыпқа сиып, қасаң дағдының тар ауқымына көне беруі еш мүмкін емес.
Ар-намыс, ұят туралы
Атағың бар болғаннан гөрі - ұятың бар болғаны дұрысырақ.
Ар-намыс, ұят туралы
Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш - мейірім мен рақым ғана.
Адамгершілік туралы
Адамдар әділ болса - өмір әрқашан әділ.
Адамгершілік туралы
Шындықты мойындағаннан ешкім де аласарып қалмайды.
Адамгершілік туралы
Елдіктің жолында өзіңнен зорды құрметтей білу - биік адамгершілік,өзіңмен теңге құлақ асын, қызмет етіп, тілек тілесе білу - ұлыадамгершілік.
Адамгершілік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы