Қорқыт

29 Мамыр 2013, 11:39

Қорқыт (VІІІ ғ.) - ұлы ойшыл, күйші һәм ақын. Оғыз тайпасынан шыққан, қыпшақтың жиені. Қ.байланысты әпсаналар мен жырлар жиналған «Қорқыт ата кітабы» (XI) деген еңбектің ең көне екі қолжазбасы Дрезден және Ватикан кітапханаларында сақталған. Философиялық дүниетанымының негізінде өмір мен өлім туралы далалық мәдениет құндылықтарын паш ететін өміршеңдік идеялар жатыр. Аса кең тараған «Қайда барсаң - Қорқыттың көрі» афоризмінің астарында - пессимистік дәрменсіздік емес, қайта реалистік көзқарасқа негізделген өміршең оптимизм бар.   Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті. Адам  өмірі туралы Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді. Адам  өмірі туралы Ажал жетпей - өлмек жоқ. Адам  өмірі туралы Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Айтар сөзді ойлап айт. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Дәулетті ұл - ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл - атаның қоры. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ұлдың күні күн емес - атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес - баста ақыл болмаса. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ұл ақылды хош көрмес - ата үлгісін көрмесе, Қыз жарылқап ас бермес - ана үлгісін көрмесе. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ұл - атаның сыры, екі көзінің нұры. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қыз анадан үйренбей өнеге алмас. Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы Құстың қонарын жерін - су білер, малдың барар жерін ну білер. Төрт түлік мал туралы Жайылымның  жақсысын жылқы менен құлан білер. Төрт түлік мал туралы Сүрлеу сырын түйе білер. Төрт түлік мал туралы Ауыр жүктің михнатын тұғыр емес, тұлпар білер. Төрт түлік мал туралы Ердің батқанын ат білер. Төрт түлік мал туралы Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер. Аң-құс туралы Іннің аузын түлкі білер. Аң-құс туралы Көк шүйгінін киік білер. Аң-құс туралы Саз орайын бөкен білер. Аң-құс туралы Қанша байлық жыйсаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың. Байлық-кедейлік туралы Пасыққа дәулет бітпес. Байлық-кедейлік туралы Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. Байлық-кедейлік туралы Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды. Пайдасыздық, керексіздік туралы Қанша қалың жауғанмен, Қар көктемде қалмайды. Гүл жайнаған шалғын да, Қара күзге қалмайды. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ат жемейтін ащы шөптің - шыққанынан шықпағаны игі, Адам ішпес ащы судың - аққанынан ақпағаны игі. Пайдасыздық, керексіздік туралы Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың - туғанынан тумағаны игі. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жалған сөздің - болғанынан болмағаны игі. Пайдасыздық, керексіздік туралы Сауыттың қасиеті - қылышпен ұрғаңда, аттың қасиеті - жаудан алып шыққанда көрінер. Қару-жарақ туралы Жалғыз жігіт қол болмас. Жалғыздық  туралы Бос ыдыстың түбі мықты болмас. Әлсіздік туралы Әдепті сөйлеп, тыныш отыр. Асыл сөз туралы Ананың хақы - құдайдың қақы. Тәкәппарлықты тәңірі сүймес. Дін, иман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Қорқыт (VІІІ ғ.) - ұлы ойшыл, күйші һәм ақын. Оғыз тайпасынан шыққан, қыпшақтың жиені. Қ.байланысты әпсаналар мен жырлар жиналған «Қорқыт ата кітабы» (XI) деген еңбектің ең көне екі қолжазбасы Дрезден және Ватикан кітапханаларында сақталған. Философиялық дүниетанымының негізінде өмір мен өлім туралы далалық мәдениет құндылықтарын паш ететін өміршеңдік идеялар жатыр. Аса кең тараған «Қайда барсаң - Қорқыттың көрі» афоризмінің астарында - пессимистік дәрменсіздік емес, қайта реалистік көзқарасқа негізделген өміршең оптимизм бар.

 

Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

Адам  өмірі туралы

Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді.

Адам  өмірі туралы

Ажал жетпей - өлмек жоқ.

Адам  өмірі туралы

Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Айтар сөзді ойлап айт.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дәулетті ұл - ошақтың қоры,

Дәулетсіз ұл - атаның қоры.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ұлдың күні күн емес - атадан мал қалмаса,

Ата малы пұл емес - баста ақыл болмаса.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ұл ақылды хош көрмес - ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарылқап ас бермес - ана үлгісін көрмесе.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ұл - атаның сыры, екі көзінің нұры.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас.

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Тәлім- тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Құстың қонарын жерін - су білер, малдың барар жерін ну білер.

Төрт түлік мал туралы

Жайылымның  жақсысын жылқы менен құлан білер.

Төрт түлік мал туралы

Сүрлеу сырын түйе білер.

Төрт түлік мал туралы

Ауыр жүктің михнатын тұғыр емес, тұлпар білер.

Төрт түлік мал туралы

Ердің батқанын ат білер.

Төрт түлік мал туралы

Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер.

Аң-құс туралы

Іннің аузын түлкі білер.

Аң-құс туралы

Көк шүйгінін киік білер.

Аң-құс туралы

Саз орайын бөкен білер.

Аң-құс туралы

Қанша байлық жыйсаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың.

Байлық-кедейлік туралы

Пасыққа дәулет бітпес.

Байлық-кедейлік туралы

Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.

Байлық-кедейлік туралы

Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Қанша қалың жауғанмен,

Қар көктемде қалмайды.

Гүл жайнаған шалғын да,

Қара күзге қалмайды.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Ат жемейтін ащы шөптің - шыққанынан шықпағаны игі,

Адам ішпес ащы судың - аққанынан ақпағаны игі.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың - туғанынан тумағаны игі.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Жалған сөздің - болғанынан болмағаны игі.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Сауыттың қасиеті - қылышпен ұрғаңда, аттың қасиеті - жаудан алып шыққанда көрінер.

Қару-жарақ туралы

Жалғыз жігіт қол болмас.

Жалғыздық  туралы

Бос ыдыстың түбі мықты болмас.

Әлсіздік туралы

Әдепті сөйлеп, тыныш отыр.

Асыл сөз туралы

Ананың хақы - құдайдың қақы.

Тәкәппарлықты тәңірі сүймес.

Дін, иман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: