29 Мамыр 2013, 11:31
Жеңіп кетпей жеңілтек құр құмарлық,
Аллаға аусын ғашықтың ырқы барлық.
Махаббат туралы
Шынайы ынтызарлық - ғашықтың бақыты.
Махаббат туралы
Ғашықтық жол - ауыр жол.
Махаббат туралы
Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа.
Махаббат туралы
Шын ғашықтық - ұлы іс.
Махаббат туралы
Ғашықтың күйіп-жануы - қалауы дейді құдайдың.
Махаббат туралы
Ғашық бол, қалтқысыз адал ашық бол.
Махаббат туралы
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.
Махаббат туралы
Ғашықтық - дүниедегі ең қиын түйін.
Махаббат туралы
Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң.
Асыл сөз туралы
Өзіңнің асыл сөзіңді арзымас пұлға сатпағын.
Асыл сөз туралы
Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
Асыл сөз туралы
Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
Асыл сөз туралы
Бейнеттен қашпа.
Еңбек туралы
Қызмет еленбей қалмайды.
Еңбек туралы
Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.
Ар-намыс, ұят туралы
Арың сақта, болсаң да малға кедей.
Ар-намыс, ұят туралы
Арам жеген өкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
Ар-намыс, ұят туралы
Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар,
Көздерінен жас тамбас.
Жақсы мен жаман туралы
Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер.
Мақтаншақтық туралы
Бай малына мәз.
Байлық-кедейлік туралы
Жамандық ойлама
Жақсы мен жаман туралы
Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл - пайғамбарымыздың өнегесі.
Жақсы мен жаман туралы
Ұрыншақтың - дауы көп,
Жамандардың - жауы көп.
Жақсы мен жаман туралы
Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын.
Сақтық туралы
Заман азар уағында - патша айналар залымға.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі-тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Байлық-кедейлік туралы
Әділ сөйлеп, адал жүр.
Адамгершілік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы