Қожа Ахмет Йассауи

29 Мамыр 2013, 11:27

Йассауи Қожа Ахмет (1103-1167) - ұлы ойшыл, ақын, дін қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам төңірегінде дүниеге келген. Әкесі Ибраһим - діни орталыққа жетекшілік еткен белгілі шайқы. Әйгілі Арыстан баптың тәрбиесін көріп, Бұқарадағы Хамадани мектебінде дәріс алған. «Диуани хикметі» - аса бағалы әдеби һәм философиялық мұраға жатады. Дүниетанымдық көзқарасында софылық ағым ұстанымдары терең көрініс тапқан.     Кекірейген кердеңдерден қаш.   Мінез-құлық туралы Қам көңілдің қайғысына дауа бол, Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. Адамгершілік туралы Әмәнда сауап жаса. Дін, иман туралы Құран ұстап ондырмас жалған ғалым. Дін, иман туралы Тасжүрекке құдай назар салмайды. Дін, иман туралы Өзі, сезі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам. Дін, иман туралы Шариғаттың шарты - иман. Дін, иман туралы Алла дегенге жын-шайтан жоламайды. Дін, иман туралы Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ. Дін, иман туралы Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді. Дін, иман туралы Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды. Дін, иман туралы Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты танда. Дін,иман туралы Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді. Дін, иман туралы Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сүйсең - хақты сүй. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Арамзамен сырлас болма, Олай етсең баспайды ісің оңға, Бастан аяқ батумен пәле-сорға. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай. Сақтық туралы Не болса да - сабыр қыл. Сабырлық туралы Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас. Махаббат туралы Ғашықтық, құштарлық дертіңе дауа болмас. Махаббат туралы Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер. Махаббат туралы Жан бермеген махаббат - тұрлаусыз махаббат. Махаббат туралы Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады. Махаббат туралы Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек. Махаббат туралы Ғашық емес - құштарына жан бермеген, Диқан емес - кетпен шауып нан бермеген. Махаббат туралы Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма. Махаббат туралы Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол. Махаббат туралы Ғашық болсаң - таза бол. Махаббат туралы Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді. Махаббат туралы Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың. Махаббат туралы Ғашықтық - ұлық базар. Махаббат туралы Шын ғашықты көрсең қуан. Махаббат туралы Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. Махаббат туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Йассауи Қожа Ахмет (1103-1167) - ұлы ойшыл, ақын, дін қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам төңірегінде дүниеге келген. Әкесі Ибраһим - діни орталыққа жетекшілік еткен белгілі шайқы. Әйгілі Арыстан баптың тәрбиесін көріп, Бұқарадағы Хамадани мектебінде дәріс алған. «Диуани хикметі» - аса бағалы әдеби һәм философиялық мұраға жатады. Дүниетанымдық көзқарасында софылық ағым ұстанымдары терең көрініс тапқан.  

 

Кекірейген кердеңдерден қаш.  

Мінез-құлық туралы

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,

Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

Адамгершілік туралы

Әмәнда сауап жаса.

Дін, иман туралы

Құран ұстап ондырмас жалған ғалым.

Дін, иман туралы

Тасжүрекке құдай назар салмайды.

Дін, иман туралы

Өзі, сезі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.

Дін, иман туралы

Шариғаттың шарты - иман.

Дін, иман туралы

Алла дегенге жын-шайтан жоламайды.

Дін, иман туралы

Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ.

Дін, иман туралы

Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.

Дін, иман туралы

Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды.

Дін, иман туралы

Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты танда.

Дін,иман туралы

Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді.

Дін, иман туралы

Халқыңа қызмет ет,

Ізгілерге ізет ет,

Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сүйсең - хақты сүй.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Арамзамен сырлас болма,

Олай етсең баспайды ісің оңға,

Бастан аяқ батумен пәле-сорға.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.

Сақтық туралы

Не болса да - сабыр қыл.

Сабырлық туралы

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Махаббат туралы

Ғашықтық, құштарлық дертіңе дауа болмас.

Махаббат туралы

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Махаббат туралы

Жан бермеген махаббат - тұрлаусыз махаббат.

Махаббат туралы

Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады.

Махаббат туралы

Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек.

Махаббат туралы

Ғашық емес - құштарына жан бермеген,

Диқан емес - кетпен шауып нан бермеген.

Махаббат туралы

Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма.

Махаббат туралы

Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол.

Махаббат туралы

Ғашық болсаң - таза бол.

Махаббат туралы

Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді.

Махаббат туралы

Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.

Махаббат туралы

Ғашықтық - ұлық базар.

Махаббат туралы

Шын ғашықты көрсең қуан.

Махаббат туралы

Ғашықтыққа көз жасың ғана куә.

Махаббат туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: