«Бастан аттау»

29 Мамыр 2013, 11:23

Тарихшы Әбілғазы өзінің шежіресінде Қыпшақ балуанның жеңісі бір тайпа монғол жұртын мұсылман дініне енгізгендігін жазады. Шыңғыс әулеттері Құбылай хан мен Мөңке ханның кездесу құрметіне өткізілген балуандар күресінде жеңіске жеткен Сыбан балуанға (қазақтың сыбан руынан шыққан болуы керек) «Тархан» деген атақ берілген. Жыл сайын ұйымдатырылған жәрмеңкелердің қай-қайсысы да балуандар күресінсіз өтпеген. Балуандар белдесулерін өткізудің екі түрі болған. Бірі белдесуге екі адамнан ғана шығару, екіншісі бірнеше жұп балуанды бірден белдесуге шақыру. Көп балуанды бірден алаңға шығарып күрестіру қазіргі кезде монғол күресінде сақталған. Қазақ күресінің ерекшелігі – онда алапат күш пен көз ілеспес шапшаңдық терең ұштасқанда ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі, күресуші екі балуанның біреуі кілем үстіне құлағаннан кейін күрес бірден тоқтатылады, яғни дәстүрлі қазақ күресі түрегеп тұрған қалпында ғана жүргізіледі. Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері өткізіле бастады. Балуан күрестіру – қазақтың дене тәрбиесіндегі ең көп тараған және маңызды түрі болып табылады. Балуандыққа кішкене күнінен машықтанғандардың денесі шымыр, бұлшық еттері жақсы дамиды. Ертеде ел арасында қазақ күресінің жазылмаған ережесі қатаң сақталып отырған. Күресетін балуан өз атынан ғана емес, өз руының немесе бүкіл бір елдің атынан белдесуге шығатын болған. ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандық салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай бөлінбей «күш атасын танымас», «бастан аттау» сияқты тәртіптер болған. «Итжығыс» – екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс» болды деп күресті тоқтататын болған немесе балуандардың екеуі де бір мезгілде жерге құлаған жағдайда «итжығыс» деп, балуандарды қайта күрестірген. «Итжығыс» бір белдесу үстінде бірнеше рет қайталануы мүмкін. «Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бірі. Негізгі мағынасы – бір адамның екінші адамның басынан аттау арқылы «күш» алуы, бұл түсінік бойынша жеңілген адамның «күші» жеңген адамға өтеді. «Арқаның атақты Сегіз серісі айбарланып тұрған Қоқан хандығының балуаны Ғафурды бірден бас салды. Белбеуінен сығымдай қысқан беті екі рет үйіріп алды да жата қалып қара дәуді басынан асыра лақтырды. Сәл кеудесінен басып тұрып сегіз сері Ғафур мықтының басынан аттап кете барды», – деген үзінді бастан аттау дәстүрінің болғандығын көрсетеді. Күресу кезінде жеңген балуан жығылған балуанның «басынан аттауы» өзінің талассыз жеңгендігінің дәлелі ретінде саналған. «Күш менікі, жеңіліс сенікі» деп бабалар бір-бірінің басынан аттап жататын», – дейді 90 жастағы менің анам Зәбира Көшбаева. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Тарихшы Әбілғазы өзінің шежіресінде Қыпшақ балуанның жеңісі бір тайпа монғол жұртын мұсылман дініне енгізгендігін жазады. Шыңғыс әулеттері Құбылай хан мен Мөңке ханның кездесу құрметіне өткізілген балуандар күресінде жеңіске жеткен Сыбан балуанға (қазақтың сыбан руынан шыққан болуы керек) «Тархан» деген атақ берілген. Жыл сайын ұйымдатырылған жәрмеңкелердің қай-қайсысы да балуандар күресінсіз өтпеген. Балуандар белдесулерін өткізудің екі түрі болған. Бірі белдесуге екі адамнан ғана шығару, екіншісі бірнеше жұп балуанды бірден белдесуге шақыру. Көп балуанды бірден алаңға шығарып күрестіру қазіргі кезде монғол күресінде сақталған.

Қазақ күресінің ерекшелігі – онда алапат күш пен көз ілеспес шапшаңдық терең ұштасқанда ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі, күресуші екі балуанның біреуі кілем үстіне құлағаннан кейін күрес бірден тоқтатылады, яғни дәстүрлі қазақ күресі түрегеп тұрған қалпында ғана жүргізіледі.

Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері өткізіле бастады.

Балуан күрестіру – қазақтың дене тәрбиесіндегі ең көп тараған және маңызды түрі болып табылады. Балуандыққа кішкене күнінен машықтанғандардың денесі шымыр, бұлшық еттері жақсы дамиды.

Ертеде ел арасында қазақ күресінің жазылмаған ережесі қатаң сақталып отырған. Күресетін балуан өз атынан ғана емес, өз руының немесе бүкіл бір елдің атынан белдесуге шығатын болған.

ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандық салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай бөлінбей «күш атасын танымас», «бастан аттау» сияқты тәртіптер болған.

«Итжығыс» – екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс» болды деп күресті тоқтататын болған немесе балуандардың екеуі де бір мезгілде жерге құлаған жағдайда «итжығыс» деп, балуандарды қайта күрестірген. «Итжығыс» бір белдесу үстінде бірнеше рет қайталануы мүмкін.

«Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бірі. Негізгі мағынасы – бір адамның екінші адамның басынан аттау арқылы «күш» алуы, бұл түсінік бойынша жеңілген адамның «күші» жеңген адамға өтеді. «Арқаның атақты Сегіз серісі айбарланып тұрған Қоқан хандығының балуаны Ғафурды бірден бас салды. Белбеуінен сығымдай қысқан беті екі рет үйіріп алды да жата қалып қара дәуді басынан асыра лақтырды. Сәл кеудесінен басып тұрып сегіз сері Ғафур мықтының басынан аттап кете барды», – деген үзінді бастан аттау дәстүрінің болғандығын көрсетеді.

Күресу кезінде жеңген балуан жығылған балуанның «басынан аттауы» өзінің талассыз жеңгендігінің дәлелі ретінде саналған.

«Күш менікі, жеңіліс сенікі» деп бабалар бір-бірінің басынан аттап жататын», – дейді 90 жастағы менің анам Зәбира Көшбаева.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу: