Эллианның айтуынша

29 Мамыр 2013, 11:12

Көне грек жазушысы Эллиан (б.з.б. ІІ –ІІІ ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынадай деректер келтіреді: «... егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді», – деп жазылған. Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б.з.б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киімдер киген. Қазіргі кезде даусыз тарих шындығына айналған көне Шумер мәдениеті де өздерінің асыл қазынасы – тілі мен мәдениетін тікелей ұрпақтары – Скиф-сақ көшпенділеріне мұра етіп қалдырған. Тарихи жазбаларға қарағанда Грекия жеріндегі олимпиадалық ойындар желісінде б.з.б 776 жылдары көпсайыс түрлерінен жарыстар өткізілген. Оған алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, диск лақтыру және күрес түрі енгізілген. Біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырда Грекияны Рим империясы жаулап алады да, осы кезеңнен бастап олимпиада ойындары өз күшінен айырыла бастайды. Көптеген ойын түрлері жоғалып, спортшылар кәсіпқой спорт түріне ауысады. Балуандар үшін күрес өнері өмір сүрудің бірден-бір табыс көзіне айналады. Олимпиадалық ойындардың жаңа дәуірдегі қайта өркендеуі 1896 жылдан Грекия жерінен басталады. Осы 1-ші олимпиадалық ойын бағдарламасына грек-рим күресі енгізілді. Мал өсіріп, көшпелі өмірге бейімделген Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар табиғат сынын жеңумен қатар, көптеген жаугершілік соғыстарды да бастарынан өткізді. Ел басына күн туған кезде аттың үстінде ұзақ уақыт отырып, найза, қылыш, садақты шебер қолдана білетін, жекпе-жек кезінде күрес әдістерін жақсы меңгерген адамдар тәрбиелеу қажеттілігі туды. Көне ғұн мен сақтар елінде жастарды тәрбиелеуде, жауынгер дайындауда белдесу, күресуге көп көңіл бөлгендіктерін және олар ең шебер, шыдамды адамдар екендігін тарихшылар атап өткен. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді. Шығыс халықтары да көне Грекиядағы олимпиадалық ойындарға ұқсас өздерінің жарыстарын ұйымдастырып, өткізгендіктері туралы деректер кездеседі.   Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Көне грек жазушысы Эллиан (б.з.б. ІІ –ІІІ ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынадай деректер келтіреді: «... егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді», – деп жазылған.

Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б.з.б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киімдер киген.

Қазіргі кезде даусыз тарих шындығына айналған көне Шумер мәдениеті де өздерінің асыл қазынасы – тілі мен мәдениетін тікелей ұрпақтары – Скиф-сақ көшпенділеріне мұра етіп қалдырған.

Тарихи жазбаларға қарағанда Грекия жеріндегі олимпиадалық ойындар желісінде б.з.б 776 жылдары көпсайыс түрлерінен жарыстар өткізілген. Оған алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, диск лақтыру және күрес түрі енгізілген.

Біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырда Грекияны Рим империясы жаулап алады да, осы кезеңнен бастап олимпиада ойындары өз күшінен айырыла бастайды. Көптеген ойын түрлері жоғалып, спортшылар кәсіпқой спорт түріне ауысады. Балуандар үшін күрес өнері өмір сүрудің бірден-бір табыс көзіне айналады.

Олимпиадалық ойындардың жаңа дәуірдегі қайта өркендеуі 1896 жылдан Грекия жерінен басталады. Осы 1-ші олимпиадалық ойын бағдарламасына грек-рим күресі енгізілді.

Мал өсіріп, көшпелі өмірге бейімделген Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар табиғат сынын жеңумен қатар, көптеген жаугершілік соғыстарды да бастарынан өткізді. Ел басына күн туған кезде аттың үстінде ұзақ уақыт отырып, найза, қылыш, садақты шебер қолдана білетін, жекпе-жек кезінде күрес әдістерін жақсы меңгерген адамдар тәрбиелеу қажеттілігі туды.

Көне ғұн мен сақтар елінде жастарды тәрбиелеуде, жауынгер дайындауда белдесу, күресуге көп көңіл бөлгендіктерін және олар ең шебер, шыдамды адамдар екендігін тарихшылар атап өткен.

Академик, ғалым Әлкей Марғұлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді. Шығыс халықтары да көне Грекиядағы олимпиадалық ойындарға ұқсас өздерінің жарыстарын ұйымдастырып, өткізгендіктері туралы деректер кездеседі.  

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу: