Парижде Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы болып өтті (ФОТО)

29 Мамыр 2013, 06:46

Кеше Францияның астанасы Париж қаласында Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы өз жұмысын аяқтады. Ең алдымен Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясының құрамына енетін Еуропаның 10 еліндегі Қазақ мәдени қоғамдарының төрағалары мен Қазақстаннан келген қонақтар қатысқан дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Еуропада тұратын ағайындарға қазақстандықтардың ақжарма тілегін жеткізді. Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдұлқаюм Кесижи Еуропа қазақтарының жалпы жағдайына тоқталып, Еуропадағы қазақ балалары үшін күрмеуі қиын мәселенің бірі ана тілдің қолданыстан шығып бара жатқаны екенін ашына айтты. Десе де, бірнеше мемлекеттің тілін меңгерген қазақ жастарының Қазақстан үшін дайын және өте білікті мамандар екенін тілге тиек еткен А.Кесижи Қазақ Үкіметі осы тұрғыдағы мәселелерді ескерсе деген тілегін ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында Еуропадағы Қазақ мәдени қоғамдарының басшылары қазақстандық журналистермен брифинг өткізді. Журналистердің сауалдарына жауап бере келе қоғам басшылары өздерін Қазақ елінің шетелдегі жанкүйерлері екенін мақтанышпен айтты. Қиырдағы қандастар «Қазконтент» ресурстарын, әсіресе baq.kz ақпараттық агенттігі мен el.kz әлеуметтік желісін үнемі оқып отыратынын жеткізді. Құрылтай Еуропаның әр елінен келген өнерпаздар мен қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты. Концерт басталу алдында сөз алған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Жиын соңында Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдұлқаюм Кесижи келер жылы Кіші құрылтайдың Германияның астанасы Берлин қаласында өтетіндігін жеткізді. Майгүл СҰЛТАН  

Кеше Францияның астанасы Париж қаласында Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайы өз жұмысын аяқтады.
Ең алдымен Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясының құрамына енетін Еуропаның 10 еліндегі Қазақ мәдени қоғамдарының төрағалары мен Қазақстаннан келген қонақтар қатысқан дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Еуропада тұратын ағайындарға қазақстандықтардың ақжарма тілегін жеткізді.
Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдұлқаюм Кесижи Еуропа қазақтарының жалпы жағдайына тоқталып, Еуропадағы қазақ балалары үшін күрмеуі қиын мәселенің бірі ана тілдің қолданыстан шығып бара жатқаны екенін ашына айтты. Десе де, бірнеше мемлекеттің тілін меңгерген қазақ жастарының Қазақстан үшін дайын және өте білікті мамандар екенін тілге тиек еткен А.Кесижи Қазақ Үкіметі осы тұрғыдағы мәселелерді ескерсе деген тілегін ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында Еуропадағы Қазақ мәдени қоғамдарының басшылары қазақстандық журналистермен брифинг өткізді. Журналистердің сауалдарына жауап бере келе қоғам басшылары өздерін Қазақ елінің шетелдегі жанкүйерлері екенін мақтанышпен айтты. Қиырдағы қандастар «Қазконтент» ресурстарын, әсіресе baq.kz ақпараттық агенттігі мен el.kz әлеуметтік желісін үнемі оқып отыратынын жеткізді.
Құрылтай Еуропаның әр елінен келген өнерпаздар мен қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты. Концерт басталу алдында сөз алған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды.

Жиын соңында Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдұлқаюм Кесижи келер жылы Кіші құрылтайдың Германияның астанасы Берлин қаласында өтетіндігін жеткізді.


Майгүл СҰЛТАН

 

Бөлісу: