ІІІ бөлім

29 Мамыр 2013, 05:42

Қазақ прозасы тарихи тақырыпты  кең құлашпен игере бастады. Аталмыш кезеңдегi қазақ прозасының ұлттық тарихқа бет бұруында да сыр бар едi. Өткен ғасыр басында М.Жұмабаев, I.Жансүгiров, М.Әуезов бастап берген бұл бағыт жетпiсiншi жылдары Ғ.Мүсiрепов, Х.Есенжанов, I.Есенберлин, Т.Әлiмқұлов, Ә.Әлiмжанов, О.Сүлейменов, М.Мағауин, Ш.Мұртаза, С.Жүнiсов, С.Сматаев, Қ.Жұмадiлов, Д.Досжан, Ә.Сарай, т.б. iзденiстерiмен толықты. Рухани дүниемiзде мұндай серпiлiстiң болу себебi халықтың өз тарихы мен ежелгi болмысын жетiк бiлуi керек екендiгiне байланысты едi. Қатпары қалың тарих І.Есенберлиннiң «Қаһар» /1969/, «Алмас қылыш» /1971/, «Жанталас» /1973/, «Алтын Орда» /1982/, Ә.Кекiлбаевтың «Үркер» /1981/, «Елең – алаң» /1984/, Қ.Жұмадiловтiң «Соңғы көш» /1974/, «Тағдыр» /1989/, Д.Досжановтың  «Жiбек жолы» т.б.  көркемдiк шешiмiн тапты. Роман жанрының шарықтап дамуының ерекше бiр көрiнiсi – тарихи  туындылар әдебиетiмiздiң алтын қорынан орын алды.  Бұл сипаттағы шығармалар – 60 – 80 жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы. Жазушыларымыздың осы тарихи тақырыпты  кең қамтып,  терең көрсетуге ұмтылуы – қазақ әдебиетiнiң  басты бiр бағдар – арнасын танытады.  Тарихи тақырыптағы көркем шығарма ғана жазумен шектелмей қазақ зиялылары осы тұста таза ғылыми iзденiстерге де қол созды. Тарихи беллетристика мен эссеистика  зор қарқынмен дамыды. О.Сүлейменовтiң («Аз и Я»), М.Мағауиннiң («Қобыз сарыны»), Қойшығара Салғаринның («Күңгiр – күңгiр күмбездер», «Қазақ әлемi», «Қазақтың күй өнерi»)  қазiр халыққа кеңiнен танымал еңбектерi дүниеге келдi. Қазақ драматургиясы тақырыптық, көркемдiк жағынан байып, жетiле түстi. Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары, Ш.Айтматовпен бiрiгiп жазған «Көктөбедегi кездесу» /1972/, Ә.Нүрпейiсовтiң «Қан мен тер», Т.Ахтановтың, С.Жүнiсовтiң, Д.Исабековтiң пьесалары сахналық мәдениеттi кемелдендiруге үлес қосты. Соңғы ширек ғасыр уақыт көлемiнде қазақ әдебиетiнiң түрлi жанрлары уақыт талабына сай зерттеу еңбектерiнiң негiзгi арқауын құрады. Осы еңбектердiң барлығында да да жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды. З.Қабдоловтың, З.Ахметовтың, С.Қирабаевтың, Н.Ғабдуллиннiң, Т.Кәкiшевтiң, Т.Қожакеевтiң, Р.Нұрғалиевтiң, Ш.Елеукеновтiң, Р.Бердiбаевтың, Ж.Дәдебаевтың, Ә.Нарымбетовтың, М.Атымовтың, Б.Майтановтың, Т.Рахымжановтың, Х.Әдiбаевтың, Ө.Күмiсбаевтың, А.Ысмақованың, Т.Сыдықовтың, С.Мақпыровтың, Б.Мамыраевтың монографиялық еңбектерi қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы жетiстiктерiне жатады. Бұл еңбектерде қазақ әдебиетiнiң ең өзектi, көкейкестi мәселелерi қарастырылып, тиiстi шешiмiн тапты.

Қазақ прозасы тарихи тақырыпты  кең құлашпен игере бастады. Аталмыш кезеңдегi қазақ прозасының ұлттық тарихқа бет бұруында да сыр бар едi. Өткен ғасыр басында М.Жұмабаев, I.Жансүгiров, М.Әуезов бастап берген бұл бағыт жетпiсiншi жылдары Ғ.Мүсiрепов, Х.Есенжанов, I.Есенберлин, Т.Әлiмқұлов, Ә.Әлiмжанов, О.Сүлейменов, М.Мағауин, Ш.Мұртаза, С.Жүнiсов, С.Сматаев, Қ.Жұмадiлов, Д.Досжан, Ә.Сарай, т.б. iзденiстерiмен толықты. Рухани дүниемiзде мұндай серпiлiстiң болу себебi халықтың өз тарихы мен ежелгi болмысын жетiк бiлуi керек екендiгiне байланысты едi. Қатпары қалың тарих І.Есенберлиннiң «Қаһар» /1969/, «Алмас қылыш» /1971/, «Жанталас» /1973/, «Алтын Орда» /1982/, Ә.Кекiлбаевтың «Үркер» /1981/, «Елең – алаң» /1984/, Қ.Жұмадiловтiң «Соңғы көш» /1974/, «Тағдыр» /1989/, Д.Досжановтың  «Жiбек жолы» т.б.  көркемдiк шешiмiн тапты. Роман жанрының шарықтап дамуының ерекше бiр көрiнiсi – тарихи  туындылар әдебиетiмiздiң алтын қорынан орын алды.  Бұл сипаттағы шығармалар – 60 – 80 жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы. Жазушыларымыздың осы тарихи тақырыпты  кең қамтып,  терең көрсетуге ұмтылуы – қазақ әдебиетiнiң  басты бiр бағдар – арнасын танытады.  Тарихи тақырыптағы көркем шығарма ғана жазумен шектелмей қазақ зиялылары осы тұста таза ғылыми iзденiстерге де қол созды. Тарихи беллетристика мен эссеистика  зор қарқынмен дамыды. О.Сүлейменовтiң («Аз и Я»), М.Мағауиннiң («Қобыз сарыны»), Қойшығара Салғаринның («Күңгiр – күңгiр күмбездер», «Қазақ әлемi», «Қазақтың күй өнерi»)  қазiр халыққа кеңiнен танымал еңбектерi дүниеге келдi.

Қазақ драматургиясы тақырыптық, көркемдiк жағынан байып, жетiле түстi. Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары, Ш.Айтматовпен бiрiгiп жазған «Көктөбедегi кездесу» /1972/, Ә.Нүрпейiсовтiң «Қан мен тер», Т.Ахтановтың, С.Жүнiсовтiң, Д.Исабековтiң пьесалары сахналық мәдениеттi кемелдендiруге үлес қосты.

Соңғы ширек ғасыр уақыт көлемiнде қазақ әдебиетiнiң түрлi жанрлары уақыт талабына сай зерттеу еңбектерiнiң негiзгi арқауын құрады. Осы еңбектердiң барлығында да да жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды. З.Қабдоловтың, З.Ахметовтың, С.Қирабаевтың, Н.Ғабдуллиннiң, Т.Кәкiшевтiң, Т.Қожакеевтiң, Р.Нұрғалиевтiң, Ш.Елеукеновтiң, Р.Бердiбаевтың, Ж.Дәдебаевтың, Ә.Нарымбетовтың, М.Атымовтың, Б.Майтановтың, Т.Рахымжановтың, Х.Әдiбаевтың, Ө.Күмiсбаевтың, А.Ысмақованың, Т.Сыдықовтың, С.Мақпыровтың, Б.Мамыраевтың монографиялық еңбектерi қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы жетiстiктерiне жатады. Бұл еңбектерде қазақ әдебиетiнiң ең өзектi, көкейкестi мәселелерi қарастырылып, тиiстi шешiмiн тапты.

Бөлісу: