ІІ бөлім

29 Мамыр 2013, 05:42

Ұлттық поэзия көкжиегi жаңа көркемдiк бояулармен молыға түстi: Ә.Тәжiбаев «Таныс дауыстар» /1984/, О.Сүлейменов «Әр  күн  –  арайлы таң» /1986/, С.Мәуленов «Жапырақтар жанады» /1964/, Т.Айбергенов «Арман сапары» /1963/, «Аманат» /1975/, Ә.Ахметов «Тырау – тырау тырналар» /1974/, Қ.Салықов. «Жезкиiк» /1973/, Ж.Нәжiмеденов «Темiрқазық» /1982/, К.Ахметова «Жапырақ жаздың жүрегi» /1974/, С.Жиенбаев «Іңкәр дүние» /1981/,  Ж.Жақыпбеков «Саратан» /1979/, т.б.                                    60 – 80 жылдары қазақ лирикасын түрлiк – мазмұндық, көркемдiк тұрғыдан дамытқан лириктерiмiз: Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, М.Шаханов, Ж.Нәжiмеденовтердiң стильдiк ерекшелiктерi дара – дара болғанымен, кейде уақыт ортақтығы кезеңнiң суреткерлiк тұтастығын құрады.  Бұл жылдары да сюжетсiз лирикалық – философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай iзденiстерге Қ.Бекхожиннiң «Сұңқар туралы жыр», Х.Ерғалиевтiң «Аңыз ата», «Жылдар, жылдар», Ж.Молдағалиевтiң «Мен қазақпын», «Байқоңыр баспалдақтары», «Қыран дала», Ә.Тәжiбаевтың «Портреттер», М.Әлiмбаевтың «Менiң Қазақстаным», Т.Бердияевтың «Жер мен адам», Қадыр Мырзалиевтiң «Данышпан», М.Мақатаевтың «Өмiр дастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», т.б., Т.Айбергеновтiң «Жүрекке айтылған өлеңдер», Т.Молдағалиевтiң «Жер» т.б. шығармалар жатады. Балладалық жанрдың дамуы. М.Шаханов өз шығармашылығын сазды лирикадан бастап, лириканың баллада жанрына, сюжеттi өлеңге ойысты. Ақын түлеткен бұл жанр арқылы ұлттық тiлiмiздiң поэтикалық қабаты дамыды.  М.Шахановтың «Сейхундария», «Махаббатты қорғау», «Сенiм патшалығы», «Барселона аэропортындағы сұңқарлар», «Жеңiлген жеңiмпаз хақындағы дастан», т.б. балладалары жанрдың iшкi қуатының молдығын байқатады. Прозада әлеуметтiк, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылар бiрегей шешуге ұмтылыс жасады. Оған Т.Ахтановтың «Боран», Ә.Әлiмжановтың «Көгiлдiр таулар», О.Бөкеевтiң «Мұзтау» шығармалары жатады. Колхоздастыру, байларды тап  ретiнде жою драмасы, 1932 – 33 жылдардағы ашаршылық трагедиясы, сталиндiк репрессия Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгiмесi», Ғ.Мүсiреповтiң «Сөз жоқ соның iздерi», т.б. көркем шығармаларда  бейнелендi.  Зобалаң шақ шындығы Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеуге хат», Қ.Мұхаметжановтың «Бiз перiштемiз бе?» атты сахналық туындыларында тереңдетiлдi.

Ұлттық поэзия көкжиегi жаңа көркемдiк бояулармен молыға түстi: Ә.Тәжiбаев «Таныс дауыстар» /1984/, О.Сүлейменов «Әр  күн  –  арайлы таң» /1986/, С.Мәуленов «Жапырақтар жанады» /1964/, Т.Айбергенов «Арман сапары» /1963/, «Аманат» /1975/, Ә.Ахметов «Тырау – тырау тырналар» /1974/, Қ.Салықов. «Жезкиiк» /1973/, Ж.Нәжiмеденов «Темiрқазық» /1982/, К.Ахметова «Жапырақ жаздың жүрегi» /1974/, С.Жиенбаев «Іңкәр дүние» /1981/,  Ж.Жақыпбеков «Саратан» /1979/, т.б.                                   

60 – 80 жылдары қазақ лирикасын түрлiк – мазмұндық, көркемдiк тұрғыдан дамытқан лириктерiмiз: Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, М.Шаханов, Ж.Нәжiмеденовтердiң стильдiк ерекшелiктерi дара – дара болғанымен, кейде уақыт ортақтығы кезеңнiң суреткерлiк тұтастығын құрады.

 Бұл жылдары да сюжетсiз лирикалық – философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай iзденiстерге Қ.Бекхожиннiң «Сұңқар туралы жыр», Х.Ерғалиевтiң «Аңыз ата», «Жылдар, жылдар», Ж.Молдағалиевтiң «Мен қазақпын», «Байқоңыр баспалдақтары», «Қыран дала», Ә.Тәжiбаевтың «Портреттер», М.Әлiмбаевтың «Менiң Қазақстаным», Т.Бердияевтың «Жер мен адам», Қадыр Мырзалиевтiң «Данышпан», М.Мақатаевтың «Өмiр дастан», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», т.б., Т.Айбергеновтiң «Жүрекке айтылған өлеңдер», Т.Молдағалиевтiң «Жер» т.б. шығармалар жатады.

Балладалық жанрдың дамуы. М.Шаханов өз шығармашылығын сазды лирикадан бастап, лириканың баллада жанрына, сюжеттi өлеңге ойысты. Ақын түлеткен бұл жанр арқылы ұлттық тiлiмiздiң поэтикалық қабаты дамыды.  М.Шахановтың «Сейхундария», «Махаббатты қорғау», «Сенiм патшалығы», «Барселона аэропортындағы сұңқарлар», «Жеңiлген жеңiмпаз хақындағы дастан», т.б. балладалары жанрдың iшкi қуатының молдығын байқатады.

Прозада әлеуметтiк, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылар бiрегей шешуге ұмтылыс жасады. Оған Т.Ахтановтың «Боран», Ә.Әлiмжановтың «Көгiлдiр таулар», О.Бөкеевтiң «Мұзтау» шығармалары жатады.

Колхоздастыру, байларды тап  ретiнде жою драмасы, 1932 – 33 жылдардағы ашаршылық трагедиясы, сталиндiк репрессия Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгiмесi», Ғ.Мүсiреповтiң «Сөз жоқ соның iздерi», т.б. көркем шығармаларда  бейнелендi.  Зобалаң шақ шындығы Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеуге хат», Қ.Мұхаметжановтың «Бiз перiштемiз бе?» атты сахналық туындыларында тереңдетiлдi.

Бөлісу: