«Кенелерге қарсы өңдеу шаралары жылына екі мәрте жүргізіледі, сәуір-мамыр айларында бірінші кезеңі болса, маусым-шілдеде келесі кезеңі басталады»,-деді Э.Дәуренбекова.
Сәуір-мамыр айларында санитарлық дәрігерлер жалпы аумағы 1884 гектар болатын көпшілік жиналатын орындарда, саябақтар мен гүлзарларда зарарсыздандыру шараларын атқарған.
Естеріңізге саламыз, жаз маусымы басталғаннан бері кене шаққан 1702 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген, олардың 718-і балалар. «Кене энцефалиті» диагнозы екі адамда расталды.