«Қытай Қазақ халық дастандары» атты аудио жинақ жарық көрді

28 Мамыр 2013, 09:11

Үрімжідегі Шыңжаң дыбыс-бейне баспасынан «Қытай Қазақ халық дастандары» атты аудио жинақ жарық көрді,- деп хабарлайды Шыңжаң газетінің тілшісі Қалиәкбар Үсемқанұлы.   Қытай қазақтары арасында көп таралған «Сұлушаш», «Қалқаман-Мамыр», «Айман-Шолпан» сияқты 120-дан астам қисса-дастандар мен тұрмыс-салт жырлары қамтылған аудио жинақ қазақ дастандарын кейінгі ұрпақтарға жеткізу, ұмыт болып бара жатқан қиссашылық өнерін қайта жаңғырту мақсатында Қытай мемлекетінің қаржыландыруымен шығып отыр. «Сапа мен мазмұнға тең көңіл бөле отырып, бұдан бұрын басылымдарда жарық көрген және ел арасында кең таралған дастандарды аудио жинаққа енгіздік. Дастанды жырлаған қиссашылар да Шыңжаңдағы шеберлігі жағынан сараланған жыршылар. Жинақтың жарық көруі Қытай қазақтары арасындағы қазақ дастандарының аудио нұсқасы жоқ болудай олқылықтың орнын толтырып қана қоймай, ел есінен көтеріліп бара жатқан байырғы өнеріміздің қайта қалыптасуына түрткі болары анық»,-деді альбомды шығаруға атсалысушы азаматтардың бірі Даму Долдаұлы. Baq.kz

Үрімжідегі Шыңжаң дыбыс-бейне баспасынан «Қытай Қазақ халық дастандары» атты аудио жинақ жарық көрді,- деп хабарлайды Шыңжаң газетінің тілшісі Қалиәкбар Үсемқанұлы.  

Қытай қазақтары арасында көп таралған «Сұлушаш», «Қалқаман-Мамыр», «Айман-Шолпан» сияқты 120-дан астам қисса-дастандар мен тұрмыс-салт жырлары қамтылған аудио жинақ қазақ дастандарын кейінгі ұрпақтарға жеткізу, ұмыт болып бара жатқан қиссашылық өнерін қайта жаңғырту мақсатында Қытай мемлекетінің қаржыландыруымен шығып отыр. «Сапа мен мазмұнға тең көңіл бөле отырып, бұдан бұрын басылымдарда жарық көрген және ел арасында кең таралған дастандарды аудио жинаққа енгіздік. Дастанды жырлаған қиссашылар да Шыңжаңдағы шеберлігі жағынан сараланған жыршылар. Жинақтың жарық көруі Қытай қазақтары арасындағы қазақ дастандарының аудио нұсқасы жоқ болудай олқылықтың орнын толтырып қана қоймай, ел есінен көтеріліп бара жатқан байырғы өнеріміздің қайта қалыптасуына түрткі болары анық»,-деді альбомды шығаруға атсалысушы азаматтардың бірі Даму Долдаұлы.

Baq.kz

Бөлісу: