28 Мамыр 2013, 06:48
Шортанбай Қанайұлы |
Қанайұлы Шортанбай (1818-1881) - ақын. Өмірбаяны жете зерттелмеген. Бір деректерге қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан өңіріндегі Қаратау деген жерде дүниеге келген. Ақындық құрған жері - Қарқаралы маңы. Шығармалары алғаш рет ХІХғ. жетпісінші жылдары «Бала зары» деген атпен Қазанда басылған. Заман жайлы, қоғам туралы, саяси-әлеуметтік тұрғыдағы түрлі кертартпалықтар жөнінде әділ де ащы жырлар төккен. Ел болашағы жайлы жүрекжарды ойларын тартынбай ортаға салған.
Сүтпен біткен мінез-сүйекпен кетеді. Мінез-құлық туралы Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы. Еріншектік, жалқаулық туралы Көп ішінде аз болсаң - әрнеме түсер ойыңа, Көп ішінде жоқ болсаң - мін тағылар мойныңа. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға. Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. Жақсы мен жаман туралы Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға, Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. Жақсы мен жаман туралы Нар - түйенің маясы, көп - жалғыздың саясы, Тайып кетсе аяғың - дұшпанның қанар табасы. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан. Жақсы мен жаман туралы Зекетсіз мал айдама. Төрт түлік мал туралы Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек. Төрт түлік мал туралы Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері. Сабырлық туралы Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой. Төрт түлік мал туралы Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. Әділдік туралы Жақсыны жаман көре алмас. Жақсы мен жаман туралы Құдайдан қорыққан мұсылман - қарауыл қояр сөзіне. Дін, иман туралы Дүние малын сүйгендер - мінбей,кимей кетеді. Дүниеқорлық туралы Байлықтың алды - иман. Дін, иман туралы Ақыл - дария білгенге. Ақыл-ой туралы
Халықпен - қастаспағайсың, жаманмен - достаспағайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға. Төрт түлік мал туралы Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ. Қанағат-рақым туралы |
Шоқан Уәлиханов
Уәлиханов Шоқан (1835-1865) - ұлы ғалым-шығыстанушы, ағартушы, философ, жиһангез. Ресей Жағрафия қоғамының толық мүшесі. Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кейін Көкшетауға көшіп барып, балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Әкесі Шыңғыс - аға сұлтан болған адам. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқыған. Санкт-Петербург жоғарғы оқу орындарында дәрістер тыңдаған. Ф.М. Достоевский, П.П. Тянь-Шаньский, А. Майков, Г.Н. Потанин және басқа орыс интеллигенттерімен дос болған. Дүниетанымдық ұстанымының негізінде демократиялық құндылықтар жатыр. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш зерттеп, әлемге таратушы. Еңбектері негізінен орыс тілінде жазылған.
Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып,әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
Әйел, ана туралы
Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистіктеорияларға тым берілгендік салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексізжаңалықтар мен реформалар кіргізу ете жиі кездеседі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қазақ халқы - ең бір бейбіт халықтардың бірі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Әзірше мұсылманшылық біздің қанымыз бен жанымызға ене қойған жоқ. Оның келешекте халықты бөліп-жарар қаупі бар.
Дін, иман туралы
Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.
Тіл туралы
Қазақ тілінің арғы атасы - көне түркі тілі.
Тіл туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы