28 Мамыр 2013, 06:24
Адам үшін еңбек ет.
Еңбек туралы
Құмарың - бір, ісің - көп болсын.
Еңбек туралы
Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға.
Еңбек туралы
Адал еңбек еткен ел-жұрттың - көңілі шат.
Еңбек туралы
Әркім өзінің еккенін орады
Еңбек туралы
Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке,
Өлшеуі жоқ бай заман.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Заманды жаралыс билейді.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Ындыны таза - иманды.
Дін, иман туралы
Сенімсіз - иман жоқ.
Дін, иман туралы
Дін тазасын ой табар.
Дін, иман туралы
Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың?!
Дін, иман туралы
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.
Мінез-құлық туралы
Ызақор - қабаған төбет тәрізді.
Мінез-құлық туралы
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.
Мінез-құлық туралы
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.
Мінез-құлық туралы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің
бойында болса - сол шын адам болады.
Мінез-құлық туралы
ЬІзақордың іші тар.
Мінез-құлық туралы
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өміріндеөкіндірмес қасиеттер осылар.
Мінез-құлық туралы
Өзімшілдің іші - тар, ойы - шартық.
Сақ адам - сандығын бекітеді.
Мінез-құлық туралы
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.
Мінез-құлық туралы
Абай - өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан.
Өлең туралы
Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Өлең туралы
Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.
Тәлім -тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге тапсырады.
Төрт түлік мал туралы
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
Адамгершілік туралы
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
Адамгершілік туралы
Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз.
Адамгершілік туралы
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға,
Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен.
Адамгершілік туралы
Рух - таза ақыл.
Адамгершілік туралы
Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Адамгершілік туралы
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
Адамгершілік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы