Шерхан Мұртаза-1

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Ар-намыс, ұят туралы

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Ар-намыс, ұят туралы

Ұлттығыңды жойып, тіліңді кесіп, аузыңды буа берсе - қорқақ та  боласың, бүгежек те, именшек те боласың.

Ар-намыс, ұят туралы

Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 «Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 «Репатрианттар». Көші-қон туралы заң жобасында осы терминді «оралмандар» деп аударыпты. Мән-мағынасы жетімсіздеу. Қуғын-сүргін көріп  барып - Отанына қайта оралатындар болады. Шет елге саяхаттап, қыдырыстап, немесе қызмет бабымен барып - оралатындар болады. Ал репатрианттар - соғыста тұтқынға түскендер, қуғын-сүргін, зорлық- зомбылық көргендер. Солардың өз Отанына оралуы.

Отан, туған жер туралы

Өкініш түбі - өрт.

Өкініш туралы

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Баласыз адам - бақытсыз адам.

Адам өмірі туралы

Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Заңның - азы, орындалуының - көбі ләзім.

Заң туралы

Ұлтсыздық - отансыздықтың белгісі.

Отан, туған жер туралы

 «Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен озбырлар. 

Тәуелсіздік туралы

Сенім жоғалған өмір -сергелдең өмір.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Сақтасаң - қазаққа жау болған қазақтан сақта!

Сақтық туралы

Шикі долбар - шикі ойдан туады.

Ақыл-ой туралы

Рухани әлемі кең, рухы биік ел - қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де - жеңіл.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Әскерге - мылтықтан бұрын, тәртіп пен иман үйрету керек.

Адам өмірі туралы

Тәуелсіздік - адам құнымен өлшенеді.

Ел, халық туралы

Театр көбейсе - түрме азаяды.

Театр туралы

Күнәнің ең үлкені - жас баланы алдау.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Құдай сорлатқанда, қазір бесік жыры айтылмайды. Ертек айтып берер ата мен әже де берекесіздеу. Бәрі де - кешегі кеңестік жүйенің «жемістері».

Адам өмірі туралы

Қазіргі «жазушымын» деп шіренгендердің көбінің тілінде уыз кемшін. Уызға жарымай, көк базардан көк шалап ішкендер.

Ақын-жазушы туралы

Тура келген ажалға амал жоқ. Ал тежей тұруға болатын сәтте көпе- көрнеу қол ұшын бермеу - нағыз тасқұдайлық.

Адам өмірі туралы

Мойныңа қарыз қарғыбауын тағып алғаннан артық ауыр нәрсе жоқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы