М.Тәжин РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады

28 Мамыр 2013, 05:41

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.   Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық экономиканың көптеген саласы бойынша айтарлықтай жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті. Ресей дипломаты таяуда Қазақстан елордасында өткен, халықаралық қауымдастық үшін маңызды саналатын Астана экономикалық форумы туралы дипломатиялық корпустағы өз әріптестерінің оң пікірін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде екі елдің гуманитарлық саладағы өзара ынтымақтастығының перспективалары да талқыланды. 

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық экономиканың көптеген саласы бойынша айтарлықтай жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Ресей дипломаты таяуда Қазақстан елордасында өткен, халықаралық қауымдастық үшін маңызды саналатын Астана экономикалық форумы туралы дипломатиялық корпустағы өз әріптестерінің оң пікірін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесуде екі елдің гуманитарлық саладағы өзара ынтымақтастығының перспективалары да талқыланды. 

Бөлісу: